| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлдi Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 ж. 12 желтоқсандағы N 568 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бухгалтерлiк есептеудiң 19 стандарты Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі (ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда Қызметтiң мақсаты мен саласы ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді 1. Бұл стандарттың мақсаты жинақтаушы зейнетқорының (бұдан әрi - қор) есеп беру және қаржылық есептемесiн құру тәртiбiн анықтау болып табылады. ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Осы стандарт салымшылардың жарналары және инвестициялық қызметтен түскен табыс есебінен жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөніндегі шарттарды қарастырады және мемлекеттік жүйе шеңберіндегі әлеуметтік қамсыздандыру шарттарын қарастырмайды. Анықтама ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді 3. Зейнеткерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарлама дегенiмiз жұмыс берушiнiң жұмыс кезiнде немесе жұмыс бiткеннен кейiн қызметкерлердi зейнетақылармен қамтамасыз ететiн (жыл сайынғы табыс түрiнде немесе бiр мезетте төленетiн сома түрiнде) келiсiм болып табылады. Бұл орайда жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiне беретiн зейнетақылары мен төлемдерi зейнетақы белгiленгенге дейiн құжат ережелерiне немесе жұмыс берушiнiң практикасына сәйкес анықталуы немесе белгiленуi мүмкiн. Сондай-ақ бұл - жеке тұлғаның зейнеткерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарламаға жарна қосуды жүзеге асыратын келiсiмi болып табылады. 4. Жарналардың көлемi белгiленген зейнеткерлiк схема дегенiмiз инвестициялардан кiрiстерiмен қоса қорға қосылатын аударылымдарға сәйкес зейнетақы төлемдерi анықталатын зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы. Қордың есебi мен есептемесi ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Қор меншікті қаражаттар (онан әрі - құрылтайшылар және акционерлер қоры) және зейнетақы жиынтықтары (онан әрі - алушы қоры) бойынша бөлек есеп жүргізеді. ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Қор қаржылық есеп беруді құрылтайшылар және акционерлер қоры бойынша: бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп беру, ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, ал алушы қоры бөлігінде - таза активтер туралы есеп беру, таза активтердегі өзгерістер туралы есеп беруді ұсынады. Қаржылық есеп беруге түсіндірме жазбада ақпарат құрылтайшылар және акционерлер қоры бойынша қалай ашылса, алушылар қоры бойынша да солай ашылады. Қор активтерiнiң құнын анықтау ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 7-тармақ толықтырылды 7. Құрылтайшылар және акционерлер қорының операцияларында пайдаланылатын активтер бухгалтерлiк есептiң қолданымдағы стандартына сәйкес есептеледi. ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 8-тармақ толықтырылды 8. Алушылар қорының инвестициялары және акционерлер ағымдағы құн бойынша есептеледi. Жеңiл сатылатын бағалы қағаздар жағдайында ағымдағы құн нарықтық құнға сәйкес келедi. Ағымдағы құнды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда ағымдағы құнның пайдаланылмау себептерiн ашу керек. Айқындама ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 9-тармақ өзгертілді 9. Зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы бойынша құрылатын есептер мынадай ақпараттарды қамтуға тиiс: 1) қордың есептiк саясаты туралы; 2) зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы және есеп беру кезеңi бойында оған кез-келген өзгерiстердiң әсерi туралы. Қордың зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы туралы есеп қаржылық ақпараттың бiр бөлiгi ретiнде оның сипаттамасын көрсетедi немесе ол жеке есеп түрiнде мыналардан құрылады: осы бағдарлама таратылатын салымшылардың тізімі; зейнетақы алатын жарнашылардың және тиiстi тәртiп бойынша сараланған басқа да жарнашылардың саны; алушыларға төленетін зейнетақылардың сипаттамасы; бағдарламаны тоқтату жағдайларының сипаттамасы; есептi кезеңнiң барысында жоғарыда аталған тармақтарда болған өзгерiстер. ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 10-тармақ алынып тасталды 10. Құрылтайшылар қорының есеп шоттары бойынша айқындама мыналарды қамтуға тиiс: қор құрылтайшыларының есептi мерзiмге арналған жиынтық есебiн, онда мынадай ақпараттар көрсетiлуi керек: ақша қаражаттары мен нарықтық бағалы қағаздар, негiзгi қорлар, инвестициялар, басқа да активтер, қосалқы қор активтерi, ағымдағы мiндеттемелер, басқа да мiндеттемелер, қосалқы қордың мiндеттемесi, меншiктi капитал, оның iшiнде жұмсалмаған кiрiс туралы: қор құрылтайшыларының меншiктi капиталының алушылар қоры мен құрылтайшылар қорының алушылары қорының бiрiккен активтерiнiң сомасына, қосалқы қордың алушылар қорының активiне қарағандағы процентi; алушылар қорының құрылтайшылар қорына төлеген комиссиялық жарналарының сомасы мен комиссиялық жарналардың қордың таза кiрiсiне қарағандағы процентi. ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда 11. Таза активтер туралы есеп беру мыналарды ашып көрсету қажет: инвестициялау үшін ақшаның болуы; алуға арналған есептер; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары, оның ішінде: мемлекеттік, мемлекеттік емес; халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары; банктердегі депозиттер; басқа инвестициялар; қордың міндеттемелері, оның ішінде: алушылардың төлем талаптары, құрылтайшылардың және акционерлердің қоры алдындағы борышы, табыстар бойынша төленетін салықтар, басқа міндеттемелер; қордың төлем үшін қолда бар таза активі. ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда 12. Таза активтердегі өзгерістер туралы есеп беру үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мыналар ашылып көрсетілу қажет: дивидендтерден және сыйақы (мүдде) түріндегі табыстар: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарынан, оның ішінде: мемлекеттік, мемлекеттік емес; халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарынан; банктердегі депозиттерден; инвестициялардың шығып қалуы және инвестиция құнының өзгеруінен түскен табыс (шығын); басқа табыстар; Екінші бөлімде мыналар ашылып көрсетілу қажет: әкімшілік шығындар; басқа шығындар. Үшінші бөлімде мыналар ашылып көрсетілу қажет: салымшылар жарналары; зейнетақы төлемдері (оның ішінде: еңбекке жарамсыздығының басталған кезінде, зейнеткер жас шамасына жету кезінде және тағы басқалар); зейнетақы жиынтықтарының бір қордан өзгелерге, сондай-ақ өзгелерден біріншісіне аударылуы; жыл басындағы таза актив; жыл аяғындағы таза актив. Күшiне енетiн сәтi 13. Бухгалтерлiк есептеудiң бұл стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |