|
|
|
Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 4 қыркүйек N 839 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 2 сәурдегі N 317 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен ауырудың және қайтыс болудың көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекітілсін. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын. 2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері: екі ай мерзім ішінде туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру тетігін қайта қарасын; бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын; облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдарымен бірлесе отырып туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын ауруларды ауруханаға жатқызу және стационарларда емдеу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ осы стационарлардың аумағын қорғауды ұйымдастыру мәселелерін заңда белгіленген тәртіппен қарайтын және шешетін болсын; Туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын туберкулездің белсенді түрімен ауырғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үй алаңын берген кезде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынасы туралы" Заңының 118-бабының талаптарын басшылыққа алатын болсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: республикалық бюджетте туберкулезге қарсы препараттар мен вакциналар сатып алуға арналған шығыстарды секвестрлеуге жол бермейтін болсын; туберкулезге қарсы препараттар мен медициналық құрал-жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға бюджеттік қаражат бөлуді жыл сайын қарастырып отыратын болсын; туберкулезге қарсы шараларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын мерзімді түрде тексеріп отырсын; жергілікті бюджетте туберкулезге қарсы қызметті ұстауға арналған шығыстарды көрсету үшін жеке жол енгізсін. 4. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі 1998 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасында туберкулез бен бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес бағдарламасын жасап, белгіленген тәртіппен Үкіметтің бекітуіне енгізетін болсын. 5. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері: меншік түріне қарамастан мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарды сақтауын; мал шаруашылығы фермалары қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек ету шартын; ветеринарлық қызметті, әсіресе ірі шаруашылықтары жоқ аудандарда нығайтуды қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасына келген адамдарды туберкулезге қарсы міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін; тергеу оқшаулауларындағы тергеуге алынған адамдарды - түскен кезінде және жарты жыл сайын, түзету мекемелеріндегі сотталғандарды - жылына екі рет міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін; тергеу оқшаулауларындағы және түзету мекемелеріндегі ауруларды емдеу жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын; бас еркінен айыру мекемелерінен босанған туберкулезбен ауыратындардың бірыңғай банкін жасасын; республикалық бюджетте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін ұстау үшін қарастырылған қаражаттың шегінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еңбекпен түзеу колонияларында туберкулезбен ауыратын сотталғандарды емдеуге арналған мамандандырылған бөлімшелер ашсын. 7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі: әскерге шақырылу жасындағы адамдардың ішінде туберкулезбен ауыратындарды айқындау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын; әскери қызметкерлер арасында туберкулезбен ауыратындар анықталған жағдайда, оларды қызмет етіп жатқан жеріндегі аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге емдеуге жіберіп, соңынан толық емделіп шыққаннан кейін, сараптама шешім шығару үшін, таяу маңдағы әскери-емдеу мекемесіне ауыстырсын. 8. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі: республиканың туберкулезге қарсы қызметін басым қаржыландыруды айқындасын; барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ерте бактериологиялық диагностика әдістері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша туберкулездің бақыланатын қысқа мерзімді химиялық терапиясын енгізсін. 9. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына (тарифтік ставкасына) жұмыстың жұқпалылық сипатына байланысты 30-проценттік үстеме ақы қосуды кезең- кезеңмен енгізу мәселесін қарасын. 10. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі дәрігер-мамандарға эфирлік уақытты тегін бере отырып халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық білімді кеңінен насихаттауды, тұрақты жұмыс істейтін айдар ашуды қамтамасыз етсін. 11. Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталып, оған Қазақстан Республикасының барлық туберкулезге қарсы қызметтің жұмыстарын үйлестіру міндеті жүктелсін. 12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын сол тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беріп отыратын болсын. 13. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 1 қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысымен бекітілген Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің ҚҰРАМЫ Көшербаев Қырымбек - Қазақстан Республикасының Елеуұлы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі, төраға Жәнгереев Амангелді - Қазақстан Республикасының Әбдірахманұлы Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, хатшысы Рахыпбеков Төлебай - Қазақстан Республикасының Қосиябекұлы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Әбдрахманов Сауытбек - "Қазақстан радиосы мен теледидары" Әбдірахманұлы республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті Бахмутова Елена - Қазақстан Республикасының Қаржы Леонидовна министрлігі Бюджеттік департаментінің директоры Момынов Талғат - Қазақтың мемлекеттік медициналық Әшірұлы университетінің ректоры Бектұрғанов Нұралы - Қазақстан Республикасының Сұлтанұлы Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Тұтқышев Бексұлтан - Қазақстан Республикасының Серікбайұлы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша). Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл Мұратханұлы шаруашылығы бірінші вице-министрі - Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің төрағасы Еркін Қыдыр - "Егемен Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары Тодорова Наталья - "Казахстанская правда" газетінің бөлім Владимировна меңгерушісі Бейсенов Аманжол - Қазақстан Республикасының Ішкі Мұсайынұлы істер вице-министрі Үәйісов Мерей - Қазақстан Республикасының Құрманұлы Әділет вице-министрі Дүрімбетов Еркін - Қазақстан Республикасының Бас Ермекұлы мемлекеттік санитарлық дәрігері ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.18. N 1290 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.22. N 614 қаулысымен. 2 қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысымен бекітілген Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Республикалық кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Облыстардың, аудандардың әкімдерінің және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің жанынан облыстық, қалалық және аудандық Туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестер құрылады. 3. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің, Әділет министрлігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, Қаржы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, "Қазақстанның радиосы мен теледидары" республикалық корпорациясының және Қазақстан Республикасы Парламентінің (келісім бойынша) өкілдері енеді. 4. Туберкулезбен күрес жөніндегі кеңес: туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстардың, қалалардың және аудандардың атқарушы органдарының, министрліктер мен ведомстволардың қызметін үйлестіруге қатысады; денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, малдәрігерлігі, ішкі істер мекемелері және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының жергілікті жерлердегі туберкулезбен күрестің жай күйі туралы ақпараттарын, өткізілген шараларды алдын ала тексере отырып тыңдайды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, әкімдердің қарауына туберкулезбен күресті жетілдіру жөніндегі негізделген ұсыныстар енгізеді. 5. Кеңес отырыстары тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекітіледі. 6. Кеңес жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |