|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 наурыз N 247 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 5 наурыздағы N 279 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. ЕСКЕРТУ. Тақырыбы мен 1-тармағы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы Нұсқаулық ЕСКЕРТУ. Тақырып өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен. 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулықтың "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - комиссиялар) мен жұмыс топтарын құру, қызметі және таратылуы мәселелерін реттейді. Құрылуы заң актілерімен тікелей кез-келген комиссияларға осы Нұсқаулық тиісті заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен. 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. Комиссияның қызметі, әдетте, тұрақты не уақытша сипатта (6 айдан астам) болады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқарады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың мәртебесі департамент директорынан төмен емес лауазымды адамдары енгізіледі. 3. Жұмыс топтары нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. Жұмыс топтарының қызметі, әдетте, қысқа мерзімдік сипатта (6 айдан аз) болады және тиісті проблема және/немесе мәселе бойынша бір рет шешім қабылданғаннан кейін аяқталады. Жұмыс топтарының құрамына жұмыс тобына жүктелген міндеттерді орындайтын тікелей орындаушылар енгізіледі. 4. Комиссиялар мен жұмыс топтарының шешімдері ұсыныс сипатында болады. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиялар, әдетте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылады және таратылады. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады. 2. Комиссиялар мен жұмыс топтарын құрудың тәртібі 6. Комиссияның жеке құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Жұмыс тобының құрамы, оның функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен белгіленеді. 7. Мемлекеттік органдар комиссияны немесе жұмыс тобын құруға белгілі бір мәселені шешу оның құзыретінің шегінен асып, басқа мемлекеттік органдардың қызмет аясын қамтығанда не оған осы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің көмегі қажет болғанда бастамашылық жасайды. Мұндай жағдайда, комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган барлық мүдделі мемлекеттік органдардан тиісті проблема немесе мәселе бойынша олардың қызметіне қатысу ықтималдығы туралы ұсыныстарын сұратады. 8. Комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне комиссияны (жұмыс тобын) құру қажеттілігінің анықтама-негіздемесін (алдын-ала келісу сатысы) ұсынады, онда мыналар көзделеді: 1) комиссияны/жұмыс тобын құру негіздемесі; 2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер мен функциялар; 3) комиссияның жұмыс органының функциясын орындау жүктелетін министрлік не ведомство; 4) министрліктер мен ведомстволардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына енетін кандидатуралар жөніндегі ұсыныстары; 5) қажет болған жағдайда - комиссияның/жұмыс тобының қызметін қаржыландыру көздері; 6) комиссия/жұмыс тобы қызметінің мерзімі; 7) комиссияны/жұмыс тобын құру қажеттілігіне байланысты өзге де мән-жайлар. 9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 10 күн мерзімнен кешіктірмей комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның ұсынысын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады: 1) комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның ұсынысымен келіседі; 2) комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның ұсынысымен ескертпе жасай отырып келіседі; 3) комиссияны/жұмыс тобын құру туралы ұсынысты қабылдамай, бастама көтерген органға негізді жауап жібереді. 10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 1) және 2-тармақшаларында көзделген жағдайларда комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізеді. 11. Комиссияны не жұмыс тобын құру заңдарда көзделген жағдайларда не Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесінің бастамасы бойынша жүзеге асырылса, осы Нұсқаулықтың 7 және 8-тармақтарында көзделген комиссия құру туралы Үкімет шешімінің жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесімен келісу талап етілмейді. 12. Комиссияның/жұмыс тобының құрамына комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттерді шешу заңдарға сәйкес құзыретіне кіретін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері енгізіледі. 3. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері мен функциялары 13. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері мен функциялары Үкіметтің тиісті шешімінде және Премьер-Министрдің өкімінде белгіленеді. 4. Комиссияның/жұмыс тобының органдары 14. Комиссияның/жұмыс тобының органдары: 1) жұмысшы орган (тек комиссияда жұмыс істейді); 2) төраға/жетекші; 3) төрағаның/жетекшінің орынбасары; 4) хатшы; 5) аппарат (басшылары комиссия құрамына енген мемлекеттік органдар өкілдерінен тұрады, заңды тұлға құқығы жоқ, тек комиссияда жұмыс істейді. 15. Егер Үкімет шешімінде өзгеше белгіленбесе, комиссияның отырыстары арасындағы кезеңде оның ұйымдастыру мәселелерін лауазымды адамы комиссия төрағасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді. 16. Комиссияның/жұмыс тобының төрағасы/жетекшісі оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. 17. Комиссияның/жұмыс тобының хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. 18. Комиссияның аппараты комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Комиссия аппаратының функциясын, егер Үкімет шешімінде өзгеше көзделмесе, комиссияны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган атқарады. 19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, олай болған жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса тіркелуі тиіс. Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелері қол қояды. 5. Комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін тоқтату 20. Комиссия қызметін тоқтатуға: 1) комиссия қызметі мерзімінің аяқталуы; 2) комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы; 3) бұрын комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге комиссияның құрылуы; 4) комиссия міндетінің орындалуына мүмкіндік бермейтін не орның орындалуын қажет етпейтін өзге мән-жайлар негіз болады. 21. 20-тармақта көзделген жағдайлар туындаған кезде лауазымды адамы министрлік не ведомство комиссияның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын Үкіметке ұсынады. Осы тармақта көрсетілген тәртіп комиссияның/жұмыс тобының құрамына немесе функциясына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда да қолданылады. 22. Жұмыс тобының қызметі осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады. 23. Жұмыс тобының қызметін тоқтатуға әкеп соғатын жағдай туындаған кезде Премьер-Министрдің Кеңсесіне оның атқарған жұмысы туралы есеп-хат жолданады. 24. Жұмыс тобының есеп-хаты: 1) жұмыс тобы әзірлеген қорытынды құжаттан; 2) жұмыс тобы өз қызметін тоқтатуды қажет деп есептеуінің негіздерін қамтиды. 25. Премьер-Министрдің Кеңсесі жұмыс тобының осы Нұсқаулықтың 24-тармағының 2)-тармақшасында көзделген тұжырымдарына келісімін білдірген жағдайда оның қызметі тоқтатылды деп есептеледі. 5-1. Жедел жұмыс топтары ЕСКЕРТУ. 5-1 бөліммен және 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен. 25-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасарлары мен Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ нақты проблемалар бойынша және түрлi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерiн тарта отырып кiдiрiссiз және жедел шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында жедел жұмыс топтары құрылуы мүмкiн. Жедел жұмыс топтары өздерiнiң мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылмайды, олардың арасындағы мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қызметiнiң тиiстi бағыттары бойынша тиiстi ұсынымдар (ұсыныстар) әзiрлеуге арналған. 25-2. Жедел жұмыс топтарының қызметi, әдетте, қысқа мерзiмдi (3 айдан аз) сипатта болады және тиiстi проблема және/немесе мәселе бойынша бiрмәрте ұсынымдық шешiм қабылдаумен аяқталады. Жедел жұмыс топтарының құрамына әдетте, жедел жұмыс тобына жүктелген мiндеттердi тiкелей атқарушылар, сондай-ақ олардың келiсiмi жағдайында мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың мамандары кiредi. 25-3. Жедел жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасарларының және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының шешiмi бойынша құрылады. Жедел жұмыс тобының құрамын, оның мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасары және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы бекiтедi. 25-4. Жедел жұмыс тобының қызметi осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады. Жедел жұмыс тобының қызметiн тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдайлар пайда болған кезде, жедел жұмыс тобының жетекшiсi iстелген жұмыстар туралы есеп-хат ұсынады. Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасары және/немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы жедел жұмыс тобының қорытындыларына келiсiм бiлдiрген жағдайда, оның қызметi тоқтатылған болып есептеледi. 6. Ерекше жағдайлар 26. Осы Нұсқаулық төтенше жағдайлар туындаған кезде комиссия/жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдауға қолданылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |