|
|
|
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 Қаулысы Осы редакция 2003 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн. 3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын. 4. "Төтенше жағдайларды болдырмау және олар кезiндегi iс-әрекеттер жөнiндегi республикалық жүйе құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 маусымдағы N 395 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiн, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн белгiлейдi. 2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi (ТЖМЖ) бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алуға, ал олар пайда болған жағдайда - зардаптарын жоюға (адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнетiн тiкелей қауiп-қатердi жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалпына келтiру айтылып отыр. Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен объектiлер мен аумақтарды қалпына келтiру ТЖМЖ-ның құзыретiне кiрмейдi) халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, қоршаған табиғи ортаны қорғауға және халық шаруашылығына келтiретiн зиянын азайтуға арналған. Әлеуметтiк-саяси, ұлтаралық қақтығыстар мен жаппай тәртiпсiздiктердiң алдын-алу және олардың зардаптарын жою жүйенiң құзыретiне кiрмейдi. 3. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi: бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу; халықты қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру; авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар, жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тiршiлiк ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеудi және оларды орындауды ұйымдастыру; Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен пункттерiнiң, байланыс және хабар беру жүйелерiнiң төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға күштерi мен құралдарының жоғары әзiрлiгiн қамтамасыз ету, оларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; төтенше жағдайлардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау және бағалау; зардап шеккен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету; халықты төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету және даярлау, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң маман кадрларын әзiрлеу және олардың бiлiктiлiгiн арттыру; төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою iсiнде шет мемлекеттерге көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. 4. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамына: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалары мен аудандық бөлiмдерi, азаматтық қорғаныс (АҚ) бөлiмдерi, Республикалық жедел-құтқару отряды, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдары; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен ұйымдарының басшы органдары, республиканың техногендiк авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың алдын алуға және зардаптарын жоюға арналған күнделiктi басқару органдары (кезекшi диспетчерлiк қызметтерi); Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментiнiң облыстық жедел-құтқару отрядтары, бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының мамандандырылған құтқару және авариялық-қалпына келтiру құралымдары, оның iшiнде штаттық тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы және басқа да мамандандырылған қызметтерi, қалпына келтiру және өрт сөндiру поездары. Азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектiлiк құралымдары, Қарулы Күштердiң өзара iс-қимыл жоспары бойынша тартылған химиялық, инженерлiк және басқа да әскерлерi түрлерiнiң бөлiмдерi, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың шұғыл медицина қызметi, медициналық қызметi, жұқпалы ауруларға қарсы мамандандырылған қызмет, шұғыл мал дәрiгерлiк көмек және өсiмдiктердi қорғау қызметi; Қазавиаорманқорғау бөлiмшелерiмен бiрге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман қорғау қызметi; Қазақстан Республикасының бiрыңғай авиациялық iздестiру-құтқару қызметi; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының қоршаған табиғи ортаның және қауiптiлiк ықтимал объектiлердiң жай-күйiн байқау және бақылау қызметi, республикалық сейсмиологиялық бақылаулар және жер сiлкiнiсiне болжам жасау жүйесi кiредi. 5. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиялар: Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия; облыстардың, қалалардың және аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссиялары; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, ұйымдар мен кәсiпорындардың төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары; Республикалық және аумақтық жұқпалы ауруларға қарсы төтенше комиссиялар; Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссия, оның аумақтық комиссиялары құрылады. Жоғарыда аталған комиссиялардың шешiмдерi нұсқаулық сипатта болады және оларды Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басшы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi шараларды жүргiзген кезде ескерiп отырады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне аумақтық, функциялық және салалық (объектiлiк) кiшi жүйелер кiредi және оның екi: жергiлiктi және республикалық (мемлекеттiк) деңгейi болады. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардағы, сондай-ақ кәсiпорындар мен ұйымдардағы табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарының алдын алу және жою жөнiндегi қолда бар, сондай-ақ құрылатын құрылымдар, күштер мен құралдар. 6. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық кiшi жүйелерi қабылданған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес келедi. Әрбiр аумақтық кiшi жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған және әдетте төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияны (облыстың, аудандық, қалалық, поселкалық, объектiлiк) немесе оның функциясын орындайтын басқа органдары, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң аумақтық органдарын (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқарманы, аудандық бөлiмдi), күнделiктi басқару органын (кезекшi қызметтi), осы аумақтағы функциялық және ведомстволық кiшi жүйелердiң күштерi мен құралдарын, оның iшiнде қаржы, азық-түлiк, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, хабар беру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн, сондай-ақ арнаулы оқу орындарын қамтиды. Аумақтық кiшi жүйелердiң нақты құрылымын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды. Аумақтық кiшi жүйелер жұмысының мiндеттерi, ұйымдастырылуы мен тәртiбi жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн ережелермен айқындалады. 7. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң функциялық кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және ұйымдарының: қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн қадағалау және қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасау; төтенше жағдайлардың алдын алу; адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау; төтенше резервтiк қорларды пайдалану; төтенше жағдайларды жою жөнiндегi тiкелей мiндеттердi шешетiн басқару органдарынан, күштерi мен құралдарынан тұрады. Бұл ретте жекелеген функциялық кiшi жүйелердiң құрамына осындай мiндеттердi немесе бiрiн-бiрi толықтыратын мiндеттердi шешетiн бiрнеше орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың басқару органдары, күштерi мен құралдары кiруi мүмкiн. Функциялық кiшi жүйелердiң негiзгi мiндеттерi, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiтетiн Республикалық азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметi туралы ережелермен айқындалады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалады. 8. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң салалық (объектiлiк) кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында, ұйымдарында, кәсiпорындарында құрылады және тiкелей олар басқаратын объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған. Салалық (объектiлiк) кiшi жүйелердiң нақты құрылымын, олардың мiндеттерiн, қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық атқарушы органдары, ұйымдары, кәсiпорындары айқындайды және олар осы кiшi жүйелер туралы ережелермен бекiтiледi. Бұл ретте әрбiр салалық (объектiлiк) кiшi жүйеге, оның буындарына әдетте басшы органдар, күнделiктi басқару органдары (кезекшi-диспетчерлiк қызмет), қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйiн қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар кiредi. Осы саладағы кәсiпорындар мен ұйымдардың, органдар мен қызметтердiң iс-қимылдарын жүзеге асыруды нұсқауларын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi шешiмдер қабылдаған кезде саланың басшы органдары ескерiп отыратын төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар үйлестiрiп отырады. 9. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi Республикалық (мемлекеттiк) деңгейге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар, орталық кезекшi-диспетчерлiк пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштерi мен құралдары, басқару мен байланыстың жұмылдыру пункттерi жатады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде олардың iс-қимылын үйлестiрудiң шешiмi нұсқаулық сипатта болатын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады. 10. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi жергiлiктi деңгейге жергiлiктi атқарушы органдар (облыстардың, аудандардың, қалалардың әкiмдерi), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмдер), кәсiпорындар мен мекемелердiң кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi шешiмдерi нұсқаулық сипатта болатын жергiлiктi атқарушы органдардың төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары жүзеге асырады. 11. Барлық деңгейлердегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешуге қоғамдық ұйымдар (кәсiптiк одақтар, құтқару құрылымдары ассоциациялары, ерiктi қоғамдар және басқа қоғамдық құрылымдар) ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады. Олар бұл мiндеттердi өз мүшелерiнiң және халықтың басқа топтарының арасында қажеттi түсiндiру жұмыстарын жүргiзу жолымен, сондай-ақ түрлi зiлзалалардың алдын алуға және олардың келеңсiз зардаптарын азайтуға (мемлекеттiк аттестация бекiткен арнайы әзiрлiгi болған жағдайда), авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға және зiлзала болған аудандарда зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға тiкелей қатысу жолымен шешедi. 12. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне басшылықты: республикалық (мемлекеттiк) деңгейде: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру, жұмыс iстеуi және одан әрi дамуы, сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн жедел басқару); Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң функциялық және салалық кiшi жүйелерiне басшылық жасау); жергiлiктi деңгейде: Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық кiшi жүйелерiн басқару кезiнде жұмысшы аппараты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң облыстық және қалалық басқармалары, аудандық бөлiмдерi, жергiлiктi атқарушы органдары (облыстардың, қалалардың, аудандардың әкiмдерi) болып табылады; кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлiк кiшi жүйелерiн басқару) жүзеге асырады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басшы органдары шешiмдер қабылдаған кезде төтенше жағдайлар жөнiндегi тиiстi ведомствоаралық, аумақтық және салалық комиссиялардың ұсыныстарын ескередi. Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық және аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ереженi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды. Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, ал төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық және салалық комиссияларды облыстардың, қалалардың, аудандардың әкiмдерiнiң орынбасарлары, министрлердiң орынбасарлары және мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары басқарады. 13. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күнделiктi басқару органдары: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң облыстық, қалалық басқармалары мен аудандық бөлiмдерi; барлық деңгейдегi төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссиялардың кезекшi қызметтерi; функциялық кiшi жүйелердiң кезекшi қызметтерi мен мамандандырылған бөлiмшелерi; орталық атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi мен мамандандырылған бөлiмшелерi болып табылады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күнделiктi басқару органдары Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күнделiктi басқару органдарын орналастыру тиiстi байланыс және хабар беру құралдарымен жарақтандырылатын және пайдалануға үнемi әзiр, даярлықта ұсталатын қалалық және қала сыртындағы басқару пункттерiнде жүзеге асырылады. 14. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күштерi мен құралдарын байқау және бақылау күштерi мен құралдарына және төтенше жағдайларды жою күштерi мен құралдарына бөлiнедi. Байқау және бақылау күштерi мен құралдары: Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң кезекшi қызметтерiнен; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кезекшi қызметтерiнен; қауiптiлiгi ықтимал объектiлердiң кезекшi диспетчерлiк қызметтерiнен; Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысы агенттiгi Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының қызметтерiнен; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң эпизоотиялардың және эпифитотиялардың алдын алу қызметтерiнен; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-жұқпалы ауруларды қадағалау қызметiнен; Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Табиғи ортаның гидрометеорологиясы мен мониторингi агенттiгiнің табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың және қоршаған табиғи ортаның ластануының төтенше жоғары деңгейiн ескерту қызметтерiнен; Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау қызметiнен; республикалық сейсмологиялық байқау және жер сiлкiнiсiн болжау жүйесiнiң қызметiнен тұрады. Төтенше жағдайларды жоюдың күштерi мен құралдары: Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнен, Республикалық жедел-құтқару отрядынан, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң басқа да күштерi мен құралдарынан; облыстық жедел-құтқару отрядтарынан; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментiнiң бөлiмшелерiнен; Азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектiлiк құралымдарынан; министрлiктер мен ұйымдардың әскерилендiрiлген және әскерилендiрiлмеген өртке қарсы, авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру құралымдарынан, оның iшiнде штаттық тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауынан құтқару және басқа мамандандырылған қызметтерiнен; шұғыл медициналық көмек пен жұқпалы ауруларға қарсы шаралар қызметiнiң мекемелерi мен құралымдарынан; шұғыл малдәрiгерлiк көмек құралымдары мен өсiмдiк қорғау қызметтерiнен; тасқын, су басуы және қар көшкiнi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерден; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң өзара iс-қимыл жоспарлары бойынша авариялардың, апаттардың, табиғи және экологиялық зiлзалалардың зардаптарын жоюға арналған химиялық, инженерлiк және басқа да әскерлерi түрлерiнiң әскери бөлiмдерiнен; бiрыңғай авиациялық iздестiру-құтқару қызметiнен; қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарынан тұрады. 15. Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi республикалық жедел-құтқару отрядының, облыстық жедел-құтқару отрядтарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үнемi әзiрлiкте тұратын химиялық, инженерлiк және басқа да әскерлерi түрлерi әскери бөлiмдерiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi бөлiмшелерiнiң, әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауынан құтқару және басқа мамандандырылған бөлiмшелерiнiң, шұғыл медициналық қызмет құралымдарының, құрылыс және монтаждау ұйымдарының және республиканың түрлi ұйымдары мен мекемелерiнiң және басқа да осындай кәсiби қызметтерiнiң базасында, олармен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң түрлi деңгейлердегi басшы органдары өз мүмкiндiктерiнiң шегiнде елiмiздiң түрлi аймақтарында төтенше жағдайларда жедел тойтару және жою жөнiндегi жұмыстар жүргiзу үшiн және шетелдерге көмек көрсету үшiн тарта алатын үнемi әзiрлiкте болатын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерi (күштерi) құрылады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылмайтын, үнемi әзiрлiкте тұратын күштердi Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басшы органдарының шешiмiмен құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындауға тартуға болады. 16. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмысын ақпараттық жағынан қамтамасыз етудi автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi (ТЖ ААБЖ) жүзеге асырады. 17. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң қызметiне бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау жөнiндегi шараларды жоспарлау, әзiрлеу және жүзеге асыру кiредi. Жағдайға қарай жүйенiң жұмыс iстеуiнiң үш тәртiбi: күнделiктi қызмет тәртiбi, аса жоғары әзiрлiк тәртiбi, төтенше тәртiбi болады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң, оның кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiнiң қандай да бiр режимiн енгiзу туралы шешiмде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң түрлi деңгейдегi басшы органдары Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарының (нақты жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалары, аудандық бөлiмдерi) келiсiмiмен қабылдайды. Жағдайға қарай Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерi мен буындары бiр мезгiлде түрлi режимдерде жұмыс iстей алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |