|
|
|
Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы N 382-1 Заңы Осы редакция ҚР 2003 ж. 8 қантардағы N 379-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттігін, байланыс қызметін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. І-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Байланыстың мақсаты 1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырағысыз бөлігі болып табылады және оның аумағында қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың байланыс қызметіне деген қажеттігін қанағаттандыруға арналып өзара үйлестірілген өндірістік-шаруашылық кешен ретінде жұмыс істейді. 2. Байланыс құралдары мен есептеу техникасы ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) телекоммуникациялардың өзара үйлестірілген желісі - Қазақстан Республикасының аумағында орталықтандырылған басқарумен қамтамасыз етілген телекоммуникациялардың технологиялық септестірілген желілерінің кешені; 2) байланыстың ведомстволық желілері - өндірістік және арнайы мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін құрылатын, жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шыға алатын мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілері; 3) байланыстың бөлектелген желілері - жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шыға алмайтын, оларды пайдаланушылар тобын сол желінің иелері белгілейтін жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар желілері; 4) байланыс операторы - байланыс қызметтерін көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 5) жалпы қол жетерлік қызметтер - кез келген пайдаланушыға көрсетілетін, сапасы қанағаттандырарлық бірінші кезекте қажетті байланыс қызметтері; 6) телекоммуникациялар желілерінің қорғалатын аймағы - өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғанда, байланыс желісін бойлай және байланыс объектілерінің айналысына орналасқан жер учаскесі; 7) почта байланысы - почта жөнелтімдерін қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ ақша аудару; 8) почта жөнелтімдері - хаттар, почта карточкалары, бандерольдер, пакеттер, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісінше буып-түйілген баспасөз басылымдары; 9) байланысты пайдаланушы - байланыс қызметін тұтынушы, соның ішінде байланыс операторларымен жасасатын шарттар негізінде тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға (абонент); 10) трафикті өткізу - байланысты пайдаланушылар (байланыс жүйелері) арасындағы ақпараттың қосылуы мен берілуін орнату процесін жүзеге асыру; 11) радиожиілік спектрі - радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы; 12) телекоммуникациялар желісі - хабардың бір немесе бірнеше түрін: телефон, телеграф, факсимиле түрлерін, деректер мен құжаттық хабардың басқа да түрлерін беруді, телевизиялық, дыбыстық және радио мен сым-өткізгіш арқылы хабар таратудың өзге де түрлерін қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер; 13) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі - барлық жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына ашық, телекоммуникациялардың өзара үйлестірілген желісінің құрамдас бөлігі; 14) байланыс - ақпараттар мен почта жөнелтімдерін қабылдау, жинау, сұрыптау, жинақтау, беру, жеткізу және тарату; 15) байланыс құралдары - телекоммуникациялар хабарламаларын не почта жөнелтімдерін қалыптастыру, сұрыптау, беру немесе қабылдау үшін пайдаланылатын техникалық құралдар; 16) телекоммуникация - сым-өткізгіш, оптика, радио және басқа электромагниттік жүйелер бойынша таңбалар, белгілер, мәтіндер, бейнелер, дыбыстар беру немесе қабылдау солардың көмегімен жүргізілетін құралдар жиынтығы; 17) трафик - телекоммуникациялар желілері арқылы берілетін хабарламалар жиынтығы; 18) байланыс қызметтері - почта жөнелтімдерін немесе телекоммуникациялар хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру және жеткізу жөніндегі қызмет. 3-бап. Байланыс саласындағы заңдар Байланыс саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың нормаларына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 4-бап. Байланыс саласындағы қызметтің негізгі принциптері Байланыс саласындағы қызмет: 1) байланыс қызметін пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау; 2) телекоммуникациялар желілері мен құралдары арқылы хабарламалар беру еркіндігі, почта жөнелтімдерін қабылдау, жеткізу және транзиттеу еркіндігі; 3) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі; 4) адал бәсеке; 5) Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай стандарттардың негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету; 6) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, дүниежүзілік байланыс жүйесіне интеграциялануға жәрдемдесу негізінде жүзеге асырылады. 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті реттеу 5-бап. Байланыс саласындағы уәкілетті орган 1. Байланыс саласындағы қызметті реттеуді мемлекеттік орган жүзеге асырады. Уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер және оның өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдайтын шешiмдерi байланыс қызметiн көрсететiн немесе оны пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар үшiн олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады. 2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi мыналар: 1) байланыс саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және оның iске асырылуын қамтамасыз ету, байланыс саласындағы жалпы реттеу; 2) телекоммуникациялардың жұмыс iстеуi мен дамуын алқалық негiзде салааралық үйлестiрiп отыру; 3) байланыс саласындағы қызметке мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылау жасауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) радиожиiлiк спектрiн бөлу мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға қатысу және оның iске асырылуын қамтамасыз ету; 5) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау және радиожиiлiк спектрiн пайдалану; 6) байланыс қызметiн көрсету кезiнде адал бәсекелестiктi қолдау; 7) почта төлемiнiң мемлекеттiк таңбаларын (почта маркалары, блоктар, маркалы конверттер мен карточкалар) шығару; 8) байланыс саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ кадрларды оқытуға, даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру. 6-бап. Радиожиiлiк спектрi мен байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу 1. Радиожиiлiк спектрi мен жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттiң ерекше құзыретiнде болады. 2. Радиожиiлiк спектрiн бөлу, сондай-ақ радиожиiлiк пен байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын мемлекет мүдделерiне тиiмдi пайдалану саласындағы саясатты жасау мен iске асыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi қамтамасыз етедi. 3. Шектеулi табиғи ресурс болып табылатын радиожиiлiк спектрiн пайдалану ақылы негiзде жүзеге асырылады. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн мемлекеттiк бюджетке ақы төлеудiң жылдық ставкалары, оны есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi. 4. Қазақстан Республикасының аумағында радиожиiлiк спектрiн бөлу мен тиiмдi пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында байланыс саласындағы уәкiлеттi орган: 1) радиоэлектрондық құралдар мен жиiлiгi жоғары қондырғыларды жобалау, салу, пайдалану және шетелдерден әкелу тәртiбi жөнiндегi; 2) байланыс құралдарын, соның iшiнде телерадиохабарын тарату мақсаты үшiн пайдаланылатын құралдарды және электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын өзге де техникалық құралдарды мiндеттi түрде тiркеу жөнiндегi; 3) радио бақылауын және радио қабылдауын индустриялық кедергiлерден қорғауды жүргiзу жөнiндегi, радиожиiлiк спектрiн пайдалануды мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi; 4) Халықаралық электр байланысы одағының Радио байланысы регламентiне сәйкес радиожиiлiктi халықаралық үйлестiру жөнiндегi рәсiмдердiң әзiрленуiн және орындалуын қамтамасыз етедi. 5. Байланыс құралдары, соның iшiнде телерадиохабарын тарату үшiн пайдаланылатындары, электромагниттiк сәулелену көздерi болып табылатын өзге де техникалық құралдар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен мемлекеттік тiркелуге тиiс. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады. Ескерту. 6-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен. 7-бап. Ұлттық байланыс операторы 1. Кез келген елді мекенде кез келген пайдаланушыға жалпы жұртқа ыңғайлы байланыс қызметінің көрсетілуін қамтамасыз етуді өз міндетіне алған жалпы пайдаланыстағы байланыс желісінің операторы ұлттық байланыс операторы болып табылады. 2. Ұлттық оператор туралы ережені Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 8-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару 1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Үкiмет анықтайтын тiзбе бойынша мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен, сондай-ақ қарауында ведомстволық байланыс желiлерi бар атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, байланыс саласындағы уәкiлетті орган жүзеге асырады. 2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар кезiнде мемлекеттiк органдардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, кез келген байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар. 3. Байланыс желілерi мен құралдарының иелерi теңiздегi, жердегі, әуедегi, ғарыш кеңiстiгiндегi адам өмiрiнiң қауiпсiздiгіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауiпсiздiк пен құқық тәртiбiн қорғау саласында шұғыл шаралар жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға толық басымдық беруге тиiс. 4. Төтенше жағдайларда пайдалануға арналған байланыс пен хабарландырудың арнаулы жүйелерiн Ұстауға байланысты шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 9-бап. Байланыс операторларының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы 1. Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында iс-қимыл жасайтын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жедел- iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желiлерiнде жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге ұйымдық және техникалық мүмкiндiктер берiлуiн қамтамасыз етуге, аталған шараларды жүргiзудiң нысандары мен әдiстерiнiң ашылуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 2. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне нұқсан келтiретiн қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, кез келген байланыс желiлерi мен құралдарының қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар. 10-бап. Байланыстың техникалық құралдарын сертификаттау 1. Қазақстан Республикасының өзара үйлестiрiлген желiсiнде пайдаланылатын барлық техникалық байланыс құралдары, электромагниттiк сәулелену көздерi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жиiлiгi жоғары құрылғылар, почта байланысының техникалық құралдары белгiленген стандарттарға, өзге де нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгi жөнiнен мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. 2. Техникалық байланыс құралдарын сертификаттау сынақтары (сертификаттау) олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнде тiркелген техникалық байланыс құралдарын сертификаттау жөнiндегi органдар сертификаттау орталықтарының немесе зертханаларының сол органдар бекiтетiн бағдарламалар мен әдiстемелер бойынша жүргiзiлетiн сертификаттау рәсiмдерi аяқталғаннан кейiн белгiленген үлгiдегi сертификаттар бередi. 4. Байланыс саласындағы сертификаттауды жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 11-бап. Байланыс, радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласындағы қызметтi лицензиялау 1. Жеке және заңды тұлғалардың, соның iшiнде шетелдiк тұлғалардың байланыс қызметiн көрсетуге және (немесе) радиожиiлiк спектрiн пайдалануға байланысты қызметi лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Лицензиялардың түрлерi мен қолданылу мерзiмдерi, оларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату шарттары, лицензия берудiң өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттеледi. 12-бап. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануды лицензиялау ерекшелiктерi 1. Радиожиiлiктi - ұялы, дербес байланысты пайдаланатын қызметтердi, ғаламдық жылжымалы дербес жерсерiктiк байланыс жүйесiнiң қызметтерiн, эфирлiк-кабельдiк теледидар жүйелерiн пайдаланатын теледидар бағдарламаларын бөлу бойынша қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметке лицензиялар тек конкурстық негiзде ғана берiледi. 2. Радиотелефон немесе радио байланысының жылжымалы желiлерiн, телекоммуникациялардың бекiтiлген желiлерiне радионың қосылуын, деректер беру желiлерiн ұйымдастыру үшiн радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргiзiлуi мүмкiн. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өткiзген конкурс қорытындылары бойынша радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) пайдалануға алған кезде жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерлерде мемлекеттiк бюджетке бiржолғы төлем енгiзедi. Конкурс қорытындылары бойынша анықталған мемлекеттiк бюджетке бiржолғы төлемдi енгiзу тәртiбiн конкурстық комиссия белгiлейдi. 3. Конкурс немесе аукцион өткiзу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының шешiмдерiн негiзге ала отырып, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды. Конкурстарға немесе аукциондарға қатысуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға және конкурс немесе аукцион өткiзу ережелерiне сәйкес келетiн, соның iшiнде тиiстi лицензиялары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар жiберiледi. 4. Теледидар және дыбыс (радио хабарлары) бағдарламаларын тарату (радиожиiлiк спектрiнiң хабар беретiн техникалық құралдары мен номиналдарын пайдалану) құқығына лицензиялар жеке және заңды тұлғаларға баспасөз iстерi мен бұқаралық ақпарат құралдары жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып берiледi. Эфирлiк-кабельдiк теледидар жүйелерiн қоспағанда, радиожиiлiк номиналдарын (арналарын) теледидар мен радио хабарларының мақсатына бөлу тәртiбiн баспасөз iстерi және бұқаралық ақпарат құралдары жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi, соның өтiнiмi бойынша есеп айырысу, радиожиiлiктi халықаралық үйлестiру мен беру жүргiзiледi. 4-1. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттық құжаттармен расталады. Бұл ретте телевизия және радио хабарларын тарататын ұйымдарға рұқсат бергенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады. Конкурс өткiзу арқылы радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) бөлу кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты аталған соманы мемлекеттiк бюджетке толық көлемде енгiзгенiн растайтын құжатты төлемшi табыс еткеннен кейiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бередi. 5. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат лицензиялардың иелерiне өтiнiш пен есеп айырысуды жүргiзу үшiн қажеттi деректер берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi. Басқа да негiзгi пайдаланушылармен немесе шектес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) Халықаралық электр байланысы одағының Радио байланыс регламентiне сәйкес үйлестiру жүргiзiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспауы керек, ол жөнiнде өтiнiш берушiге алдың ала жазбаша түрде хабарлануға тиiс. 6. Лицензиардың: 1) радиожиiлiк тиiстi рұқсаттарды ресiмдемей пайдаланылған; 2) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген күннен бастап бiр айдан астам мерзiмге кешiктiрген; 3) лицензиат өзiне бекiтiлiп берiлген радиожиiлiктi басқа пайдаланушыға уақытша немесе тұрақты пайдалануға берген; 4) лицензиат радиоэлектрондық жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзып, ол кедергiлер жасауға, электромагниттiк жүйелердiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген нормаларын бұзуға әкеп соққан жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқығы бар. 7. Егер лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы хабар алған кезден бастап отыз күн iшiнде оның иесi тәртiп бұзушылықты жоймаса, лицензиардың лицензиатты заңдарға сәйкес жауапқа тартуға құқығы бар. Ескерту. 12-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен. 13-бап. Байланыс қызметiне тарифтер 1. Байланыс қызметiне тарифтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыс операторлары белгiлейдi және оператор белгiлi бiр байланыс қызметтерi рыногында басым жағдайға ие болып отырса, табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган реттейдi. 2. Уәкiлеттi органның тізбесі бойынша шұғыл көрсетілетін жедел қызметтерді шақыруды барлық байланыс операторлары пайдаланушылар үшін тегін жүргізеді. 3. Байланыс қызметiн пайдалануға арналған жеңiлдiктердi белгiлеу кезiнде толық алынбаған кiрiстi өтеудi тиiстi жеңiлдiктi белгiлеген орган жүзеге асырады. 3-тарау. Байланыс желілері 14-бап. Өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желiлерi 1. Қазақстан Республикасының өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желiсiн дамыту мен жетiлдiру оларды кешендi пайдалану, тиiмдiлiгiн арттыру мен тұрақты жұмыс iстеу мүддесiнде телекоммуникациялардың барлық желiлерi мен құралдарының технологиялық бiртұтастығы ескерiлiп, саланы және Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту стратегиясы негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсi телекоммуникациялардың өзара үйлестiрiлген желiсiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметiн көрсетуге арналған, сондай-ақ бөлектелген және ведомстволық желiлердi қоспағанда, бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасы телекоммуникацияларының бүкiл желiсiн қамтиды. 3. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желiсiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мен оны тұрақсыздандырушы факторлардың ықпалынан қорғау мақсатымен байланыс операторлары мен желiлердi жедел-техникалық басқару жүйелерiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн белгiлейдi. 4. Байланыстың ведомстволық желiлерi тиiстi мемлекеттiк органдардың өндiрiстiк және арнайы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн құрылып, жұмыс iстейдi, солардың қарауында және пайдалануында болады. Байланыстың ведомстволық желiлерiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiмен септестiру байланыстың ведомстволық желiлерiнiң техникалық құралдары мен байланыс ғимараттарының жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсi үшiн белгiленген талаптар мен техникалық нормаларға сәйкестiгi қамтамасыз етiлген жағдайда шарт негiзiнде жүргiзiледi. Осы Заңның 11, 12-баптарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялардың иелерi оларды алған жағдайда байланыстың ведомстволық желiлерi халыққа және басқа да телекоммуникацияларды пайдаланушыларға байланыс қызметтерiн көрсету үшін пайдаланылуы мүмкiн. 5. Қазақстан Республикасының аумағында байланыстың бөлектелген желiлерiн кез келген жеке және заңды тұлғалар құра алады. Бөлектелген байланыс желiлерi операторларының байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметiне осы Заңның 11, 12-баптарына сәйкес лицензиялау туралы талап қолданылады. 6. Байланыстың бөлектелген желiлерi жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiне септестiрiлген жағдайда аталған желiлер жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсi санатына өтедi. 7. Өз мұқтаждарын, iшкi өндiрiстiк мақсаттарын қанағаттандыру, халыққа қызмет көрсету үшiн жеке және заңды тұлғалар жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiне шығу жолы бар өзге де телекоммуникациялар желiлерiн құра алады. Әртүрлi операторлардың телекоммуникациялар желiсiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникация желiлерiмен қосу, трафик өткiзудi реттеу және желiге қосқаны үшiн өзара есеп айырысуды жүргiзу мен желiлiк ресурстарды өзара пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 8. Радио және теледидар хабарларының желiлерi өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желiсiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдерге теледидар және дыбыс (радиохабар) бағдарламаларын тарату мен көрсету үшiн пайдаланылатын жер бетiндегi және жерсерiктiк хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстiк- технологиялық кешенiн құрайды. Жер бетiндегi жүйелер радиорелелi және кабелдi байланыс желiлерiн, қуаты әртүрлi радиотаратқыштар мен мемлекеттiк және коммерциялық бағдарламаларды беруге арналған басқа да құралдарды қамтиды. Жерсерiктiк жүйелер халықаралық жерсерiктiк ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесiлi орбиталық жерсерiктiк байланыспен жер бетiндегi хабар берушi және қабылдаушы станцияларды қамтиды. 9. Мемлекеттiк телерадио бағдарламаларын тарату және көрсету үшiн байланыс операторларының техникалық құралдары мен арналарын пайдалана отырып, өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желiлерiне негiзделетiн республикалық және аймақтық радио және телехабарлар тарату желiлерi құрылады. Коммерциялық телерадио хабарларын таратушы ұйымдар өз бағдарламаларын тарату және көрсету үшiн өз желiлерiн де, сондай-ақ шарттық жағдайлармен телекоммуникациялардың басқа желiлерiн де пайдалана алады. 10. Бағдарламаларды тарату мен көрсетуден басқа, меншiк нысандарына қарамастан, радио және теледидар хабарларын тарату желiсi қорғаныс, мемлекеттiк қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау мүдделерiнде, бейбiт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ерекше кезеңде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде хабарлау белгiлерiн беру үшiн пайдаланылады. 15-бап. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыс 1. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыс ұйымдары мемлекеттiк органдардың ерекше маңызды хат-хабарларын және бағалы металдар, зергерлiк бұйымдар, аспаптар, аппаратуралар мен қорғаныс өнеркәсiбiнiң құрастырушы бұйымдары бар арнаулы жөнелтiмдердi, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтер мен олардың көздерiн қабылдап алуды, сақтауды, тасымалдау мен жеткiзiп берудi қамтамасыз етедi. 2. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыстың адам құрамының нысанды киiмi болады, олар қызметтiк-штаттық қарумен, қорғаныс және байланыстың арнаулы құралдарымен қамтамасыз етiледi. 3. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыс ұйымдары адам құрамының iшкi кестесi, бағыныстылығы мен тәртiбi осы қызметтер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледi. 4. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыс ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң фельдъегерлiк-почта байланысының, почта байланысы ұйымдарының өзара қатынастары байланыс саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен регламенттеледi. 16-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгi мен құқық
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |