|
|
|
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 Өкімі Осы редакция ҚР Президентіңің 15.11.02 ж. N 358 өкімімен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578 өкімімен құрылған Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында және кадрлық өзгерістерге байланысты: 1. Жоғарыда аталған комиссияның мынадай құрамы бекітілсін: Ескерту: құрам өзгерді - ҚР Президентінің 04.06.01 ж. N 215 өкімімен. Комиссияның төрағасы Кекілбаев Әбіш - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Комиссия төрағасының орынбасары Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері Асқаров Әлібек - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Асылбайұлы ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мемлекеттік баспа бағдарламаларын қалыптастыру департаментінің директоры Еркімбеков Серік - Қазақстан Республикасы Композиторлар Жексембекұлы одағының төрағасы Максимов Александр - Астана қаласының бас суретшісі Павлович Мұқашев Төлеубек - "Алматықалабезендіру" акционерлік Төлеуұлы қоғамының президенті Ниязбеков Шәкен - суретші, Қазақстан Республикасы Оңалсынұлы Мемлекеттік туының авторы Сүлейменов Тимур - Қазақстан Дизайнерлер одағының Бимашұлы төрағасы Уәлиханов Шота - сәулетші, Қазақстан Республикасы Ыдырысұлы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жапсарбай Ілиясұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қуанышев хатшысының кеңесшісі, комиссияның хатшысы Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Білім Жұмағұлов және ғылым бірінші вице-министрі Керім Пірімқұлұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің төрағасы Еркін Тілекұлы Мергенов - Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Владимир Александрович - Астана қаласының бас сәулетшісі, Лаптев Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің директоры 2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578 өкіміне қосымшаның (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат) күші жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |