|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 2 тамыздағы N 1093 қаулысы (ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. N 1266; 21.10.99 ж. N 1578; 12.11.99 ж. N 1693; 15.11.99 ж. N 1713; 19.11.99 ж. N 1754; 19.11.99 ж. N 1755; 20.11.99 ж. N 1756; 23.11.99 ж. N 1776; 30.11.99 ж. N 1817; 03.12.99 ж. N 1852; 24.12.99 ж. N 1969; 02.03.00 ж. N 347; 20.01.01 ж. N 87; 27.02.01 ж. N 283; 20.07.01 ж. N 983; 17.06.02 ж. N 662; 06.09.02 ж. N 981; 24.11.03 ж. N 1172; 26.11.03 ж. N 1180 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар ҚР Үкіметінің 06.09.02 ж. N 981 қаулысымен; 1-тармақтын күші жойылды 1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысында: 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 2) 3-тармақтағы "11 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын; 3) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақта: "мемлекеттiк басқару және бақылау функцияларын атқаруға өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк мекеме" деген сөздер "басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мағынадағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Салық полициясы комитетi, Кеден комитеті, Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi"; 3-тармақтың бiрiншi абзацы "заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақта "бұйрық түрiнде актiлер" деген сөздер "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi"; 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "7. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады;". 18-тармақтың алтыншы абзацы "Министрлiктiң" деген сөздiң алдынан "Министрлiктiң құрылымын және" деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi"; ҚР Үкіметінің 27.02.01 ж. N 283 қаулысымен 4)-тармақша алынып тасталды 4) алынып тасталды 2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат): 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 2) 2-тармақтағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр, сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын; 3) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде - ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, республиканың су және жер ресурстарын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын басқару саласында, сондай-ақ геодезия мен картография, мал дәрiгерлiгі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсiру, мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау мен сату саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Өсiмдiктер карантинi жөнiндегі комитетi, Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi комитетi, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi, Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi, Су ресурстары жөнiндегi комитетi, Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi."; 3-тармақтың бiрiншi абзацы "заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақта "бұйрық түрiнде актiлер" деген сөздер "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi."; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады."; 18-тармақтың 5) тармақшасы "Министрлiктiң" деген сөздiң алдынан "Министрлiктiң құрылымын," деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын. "20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi". 3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат): 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 2) 2-тармақтағы сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын; 3) 3-тармақ алынып тасталсын; 4) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Қаржыминi) туралы ережеде: 1-тармақта: "мемлекеттік мекемесi," деген сөздер алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы" деген сөздерден кейiн "басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Қазынашылық комитетi, Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитеті"; 3-тармақтың бiрiншi абзацы "заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi"; 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi; 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады"; 19-тармақтың 6) тармақшасында: "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "Министрлiктiң құрылымын," деген сөздермен толықтырылсын; "жүйесiнiң" деген сөз алынып тасталсын; 23-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "23. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi"; екiншi және үшiншi абзацтар алынып тасталсын. 4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат): 1) 1-тармақтың үшiншi абзацының күшi жойылды деп танылсын; 2) 3-тармақтағы "сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын; 3) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетi, Тiркеу қызметi комитетi, Авторлық құқықтар жөнiндегi комитетi."; 3-тармақтың бiрiншi абзацы "заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi"; 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi; 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады"; 19-тармақтың екiншi абзацындағы "вице-министрлердiң" деген сөздердiң алдынан "Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi". ҚР Үкіметінің 25.03.99 ж. N 1817 қаулысымен 5-тармақ күшін жойды 5. ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. N 87 қаулысымен 6-тармақ күшін жойды 6. 7. "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 98-құжат): 1) 1-тармақтың үшiншi абзацының күшi жойылды деп танылсын; 2) 2-тармақтағы 11 адам санында алқасы" деген сөздер алынып тасталсын; 3) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi туралы ережеде: 1-тармақтағы "мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме" деген сөздер "Yкімет құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк статистика саласында басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және басқа да арнайы атқару және шешiм шығару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын. 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын. 4-тармақтағы "қаулылар түрiнде актiлер" деген сөздер "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5 Агенттіктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi; 7- және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттік мекемесi; "8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады."; 18-тармақта: 4) тармақшасындағы "Агенттіктiң" деген сөздiң алдынан "Агенттiктiң құрылымы және" деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақшадағы қаулыларына" деген сөз "бұйрықтарына" деген сөзбен ауыстырылсын; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Төраға бекiтедi". 8. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 11, 100-құжат): 1) 2-тармақтағы "сондай-ақ 11 адам санында алқасы" деген сөздер алынып тасталсын; 2) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі (бұдан әрi Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысатын және iске асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомствосы болады - Қылмыстық-атқарушы жүйесi комитетi"; 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын. 4-тармақтағы "бұйрық түрiнде актiлер" деген сөздер "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын. 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi"; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi."; 8-тармақтың бiрiншi абзацы алынып тасталсын; 19-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi;"; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.". ҚР Үкіметінің 12.11.99 ж. N 1693 қаулысымен 9-тармақтың күші жойылды 9. ҚР Үкіметінің 19.11.99 ж. N 1754 қаулысымен 10-тармақ күшін жойды 10. ҚР Үкіметінің 20.11.99 ж. N 1756 қаулысымен 11-тармақ күшін жойды 11. ҚР Үкіметінің 20.07.01 ж. N 983 қаулысымен 12-тармақ күшін жойды 12. ҚР Үкіметінің 21.10.99 ж. N 1578 қаулысымен 13-тармағының күші жойылды 13. ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. N 662 қаулысымен 14-тармақтың күші жойылды 14. ҚР Үкіметінің 24.12.99 ж. N 1969 қаулысымен 15-тармақтың күші жойылды 15. ҚР Үкіметінің 15.11.99 ж. N 1713 қаулысымен 16-тармақтың күші жойылды 16. ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. N 1266 қаулысымен 17-тармақтың күші жойылды 17. 18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 481 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 154-құжат). 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 2) 3-тармақтағы "сондай-ақ 13 адам санында алқасы" деген сөздер алынып тасталсын; 3) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi туралы ережеде: 4-тармақтағы "қаулылар" деген сөз "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi."; 18-тармақта: 8) тармақшадағы қаулылар" деген сөз "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын; 9) тармақшадағы "Агенттіктiң" деген сөздiң алдынан "Агенттiктiң құрылымын," деген сөздермен толықтырылсын; 12) тармақшадағы "штат кестесiн, оның аумақтық органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "19. Агенттiк Төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын және ол туралы ереженi Агенттiктiң Төрағасы бекiтедi"; ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. N 1266 қаулысымен 19-тармақтың күші жойылды 19. ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. N 1266 қаулысымен 20-тармақтың күші жойылды 20. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1180 қаулысымен 21-тармақтың күші жойылды 21. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат): 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 2) 2-тармақтағы "сондай-ақ 11 адам санында алқасы" деген сөздер алынып тасталсын; 3) аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Мәдениет комитетi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi."; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi."; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi."; 18-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "6) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат санының лимитi шегінде Министрлiк пен оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын белгiлейдi;"; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "19. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.". ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. N 1172 қаулысымен 22-тармақтың күші жойылды 22. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат): аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң Мәдениет комитетi туралы ережеде: 1-тармақтағы "дербес", "Қазақстан Республикасының деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi."; 16-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Комитеттi" деген сөзден кейiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң ұсынуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 18-тармақтың 5-тармақшасындағы "бекiтiлген адам саны мен еңбекақы қорының шегінде Комитеттiң штат кестесiн" деген сөздер алынып тасталсын; ҚР Үкіметінің 23.11.99 ж. N 1776 қаулысымен 23-тармақ күшін жойды 23. ҚР Үкіметінің 02.03.00 ж. N 347 қаулысымен 24-тармақ күшін жойды 24. ҚР Үкіметінің 19.12.99 ж. N 1755 қаулысымен 25-тармақ күшін жойды 25. 26. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат): аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi туралы ережеде: 1-тармақтағы "дербес", "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi"; ҚР Үкіметінің 03.12.99 ж. N 1852 қаулысымен 27-тармақ күшін жойды 27. 28. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi Орта және кәсiптiк бiлiм комитетінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы N 557 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 190-құжат): аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгінiң Орта және кәсiптiк бiлiм комитеті туралы ережеде: 1-тармақтағы "дербес", Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.". 29. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Сырттан қарыз алу жөнiндегі комитетiнiң мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 мамырдағы N 574 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 19, 201-құжат): аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу жөніндегі комитеті туралы ережеде: 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60".
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |