|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек N 1425 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1404 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ішкі жану двигательдерінің бөлшектеріне арналған шектеу шараларын жою және алюминийдің қайталама қорытпыларының экспортына бақылау орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 226-құжат): көрсетілген қаулыға 4-қосымшаның 1,2 және 3-бағандары мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Өңделмеген қайталама 7601 20 910, алюминий қорытпалар: 7601 20 990 кесек түрінде, басқалар 7603 - 7616 (тек және олардан жасалған қайталама бұйымдар қорытпалардан) 2) "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "840991000, Ұшқыннан оталатын ішкі жану 840999000 поршеньді двигательдеріне арналған поршеньдер, цилиндрлердің гильзалары, поршень шығыршықтар 150 тонна"; деген жолдар алынып тасталсын; ескерту алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: "760120 910, Өңделмеген қайталама алюминий 760120 990 қорытпалар: кесек түрінде, басқалары" деген жолдар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |