|
|
|
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 28 желтоқсандағы N 1994 Қаулысы Осы редакция ҚР 2002 ж. қарашадағы N 1239 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі - Конвенция) бойынша Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік орган болып тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі депозитарийді - Швейцария Конференциялық Үкіметін Қазақстан Республикасында Әкімшілік органның тағайындалғаны туралы хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгіленген тәртіппен: 1) Конвенцияға сәйкес Ғылыми органдарды тағайындасын; 2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Әкімшілік органының құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктерді, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат берудің тәртібі туралы ережені әзірлесін және бекітсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |