|
|
|
Туристік қызметті лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2. Ескерту. 1,2-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1213 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережеге қосымшада: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 11)-тармақшамен толықтырылсын: "11) туристік қызмет (жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист және туристік топты алып жүруші қызметін көрсетуінен басқа) 10 жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист және туристік топты алып жүруші қызметін көрсетуі 1"; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге уәкілетті мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесі мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын: "36. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туристі қызмет"; 3) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1)-тармақшамен толықтырылсын: "15-1) - туристік қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысымен бекітілген Туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптары 1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдік туристер Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристік сапарларды ұйымдастыру, транзиттік туристерге қызмет көрсету (жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист және топты алып жүруші қызметін көрсетуінен басқа) жөніндегі туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналар болып табылады: 1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін немесе туризм саласында бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің болуы; 2) әзірленген туристік бағыттар мен туристік қызмет көрсету бағдарламасының болуы; 3) туристерді қабылдау және қызмет көрсету үшін материалдық-техникалық базаның (немесе ниет шарттарының), оның ішінде орналастыру орындарының, туристік жабдықтардың, көліктің, туристік ұйымның кеңсесіне арналған үй-жайдың болуы; 4) жарнамалық-ақпараттық қызмет бағдарламасының болуы; 5) сақтандыру ұйымдарымен туристік қызметті сақтандыру туралы және жолаушыларды тасымалдаушылармен жасалған шарттардың (ниет шарттарының) болуы. 2. Тиісті білімі немесе арнайы курстарды бітіргені туралы құжаттың болуы гид-аудармашының, нұсқаушының, методистің және топты алып жүрушінің қызметіне қойылатын біліктілік талабы болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |