|
|
|
"Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 ақпан N 285 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. "Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінiң "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 517-8-жолмен толықтырылсын: "517-8. "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында) Қарағанды қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын; 3) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын: "20. "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны". 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |