|
|
|
ҚК-нiң 67-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 ж. 21 маусымдағы N 4 нормативтік қаулысы Осы редакция ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. N 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кiнәлi адамның жәбiрленушімен татуласуына байланысты ҚК-нiң 67-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөніндегi сот тәжiрибесiнiң қорытындыларын талқылап, соттардың аталған заңның нормаларын бiрыңғай қолдануы мақсатында төмендегiдей түсiндiрме беру жөнiнде қаулы етеді: 1. Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушiнiң қылмыстық процестегі рөлi мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге жәрдемдеседi, сонымен бiрге кiшiгірiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған, соңынан жәбiрленушiмен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң тәртiбiмен танылған кiнәлi адамдарға адамгершiлiкпен қарауға бағытталған. 2. ҚК-нiң 67-бабына сәйкес жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен босату мына төрт негiздiң жиынтығы болғанда ғана мүмкiн болады: а) кiнәлi адамның қылмысты алғаш рет жасауы; б) кiнәлi адам жасаған әрекеттiң кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатуы; в) кiнәлi адамның жәбiрленушiге келтiрген зиянның есесiн толтыруы; г) қылмысты жасаған адамның жәбiрленушiмен татуласуы. Осы аталған негiздердiң ең болмағанда бiреуi болмаған жағдайда ҚК-нiң 67-бабын қолдануға болмайды. Заңның осы талаптарының, кiнәлi адамның жәбiрленушiмен татуласуына байланысты, қозғалуы мен тоқтатылуының ерекше тәртiбi ҚIЖК-нiң 32-бабының 2-бөлiгінде, 33, 37-баптарында көрсетiлген жеке айыптау iстерiне қолданылмайтынын назарда ұстау қажет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |