|
|
|
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 7 мамырдағы N 500 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру және уәкілетті органды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін. 4. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-72-жолмен толықтырылсын: "9-72. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Астана қаласы". 2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-жолмен толықтырылсын: "66. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |