|
|
|
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 мамырдағы N 581 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы N 1209 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысына 1-қосымша Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға Есенбаев - Қазақстан Республикасының Экономика Мәжит Төлеубекұлы және сауда министрі, төрағаның орынбасары Мүсенова - Қазақстан Республикасының Экономика Галина Ақайқызы және сауда министрлігі Аймақтық, әлеуметтік саясат және бағдарламалар департаментінің директоры, хатшы Комиссия мүшелері: Жақыпов - Қазақстан Республикасының Көлік және Қабиболла Қабенұлы коммуникациялар бірінші вице-министрі Жолдасбаев - Қазақстан Республикасының Статистика Сансызбай Елеусізұлы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ізбанов - Қазақстан Республикасының Көші-қон Мұхит Кәрімұлы және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ысқақов - Қазақстан Республикасының Табиғи Нұрлан Әбділдаұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Кесікбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Сұлтанғали Қабденұлы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрі Мұтанов - Қазақстан Республикасының Білім Ғалым Мұтанұлы және ғылым бірінші вице-министрі Наймушина - Қазақстан Республикасының Денсаулық Ольга Вадимовна сақтау вице-министрі Нефедов - Қазақстан Республикасының Энергетика Петр Петрович және минералдық ресурстар вице-министрі Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мақсұт Әнуарбекұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Рахметов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Нұрлан Құсайынұлы кіріс вице-министрі Өтеулина - Қазақстан Республикасының Еңбек Хафиза Мұхтарқызы және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысымен бекiтiлген Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже 1. Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары 4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 1) аймақтар арасында әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде орын алған айырмашылықтарды төмендетуге бағытталған мемлекеттiк аймақтық саясатты "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауының ережелерiн есепке ала отырып, жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу; 2) проблемалық аймақтарды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. 5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары: 1) мемлекеттiк аймақтық саясатты одан әрi жетiлдiру; 2) әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның ішiнде шағын қалалар мен ауылдық аудандарды тоқырауға ұшырағандар қатарына жатқызу өлшемдерінің құрамы; 3) мемлекеттік қолдау көрсету үшін нақты әкiмшілік-аумақтық бiрліктерді, оның ішінде тоқырауға ұшыраған қалалар мен ауылдық аудандарды іpіктey; 4) экономикасы тоқырауға ұшыраған аймақтарға мемлекеттік қолдау көрсету; 5) проблемалық аймақтарды қолдау саласында орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдарды іс-қимылдарын үйлестiрудің ұсыныстарын дайындау болып табылады. 3. Комиссияның құқықтары 6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін: 1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; 2) проблемалық аймақтардағы ахуалды талдау және зерделеу үшiн мемлекеттік органдарды және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға; 3) Комиссия мәжілістерiнде Комиссияның құзырына беретiн мәселелер бойынша орталық және жергіліктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдарының өкілдерін тыңдауға құқығы бap. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру 7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оны қызметiне жауапты болады. Tөpaғa болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады. 8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртiбі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және мәжілістен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады. 9. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 10. Комиссия мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң ең кемi үштен екiсi болған жағдайда, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. 11. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiмен келiсiм бойынша мәжiлiстердiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын айқындайды және нақтылайды. 12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оларға комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. 13. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 5. Комиссияның қызметiн тоқтату 14. Мыналар: 1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; 2) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды немесе өзге де комиссияны құру; 3) Комиссияның мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуын орынсыз ететiн өзге жағдайлар Комиссия қызметiн тоқтатудың негiздерi бола алады. Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнің күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 6 тамыздағы N 970 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 242 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1380 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |