|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы N 596 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. N 1439 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Алматы" және "Еңбек-Ерменсай" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Алматы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. N 1439 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. N 1439 қаулысымен 3-1 тармақпен толықтырылды 3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті: 1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін; 2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне: "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлімінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлімшесінде: реттік нөмірі 106-4-жол "комитетінің" деген сөзден кейін "түзеу мекемелері" деген сөздермен толықтырылып, "Еңбек" деген сөзден кейін "-Астана" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 106-5, 106-6, 106-7, 106-8, 106-9, 106-10, 106-11, 106-12, 106-13, 106-14, 106-15, 106-16, 106-17, 106-18, 106-19, 106-20, 106-21-жолдармен толықтырылсын: "106-5. Қазақстан Республикасының Ақтөбе қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек- Ақтөбе" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-6. Қазақстан Республикасының Атырау қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек- Атырау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-7. Қазақстан Республикасының Өскемен қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Өскемен" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-8. Қазақстан Республикасының Тараз қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Тараз" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-9. Қазақстан Республикасының Орал қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Орал" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-10. Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Қарағанды" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-11. Қазақстан Республикасының Қызылорда қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Қызылорда" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-12. Қазақстан Республикасының Қостанай қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Қостанай" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-13. Қазақстан Республикасының Ақтау қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Ақтау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-14. Қазақстан Республикасының Павлодар қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Павлодар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-15. Қазақстан Республикасының Петропавл қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Қызылжар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-16. Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Шымкент" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-17. Қазақстан Республикасының Алматы облысы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару Заречный кенті жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Алмас" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-18. Қазақстан Республикасының Тараз қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-19. Қазақстан Республикасының Семей қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Семей" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-20. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Алматы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-21. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек-Тас" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) "; 2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 1-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5, 1-6, 1-7, 1-8, 1-9, 1-10, 1-11, 1-12, 1-13, 1-14, 1-15, 1-16, 1-17, 1-18-жолдармен толықтырылсын: "1-1. "Еңбек-Астана" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-2. "Еңбек-Ақтөбе" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-3. "Еңбек-Атырау" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-4. "Еңбек-Өскемен" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-5. "Еңбек-Тараз" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-6. "Еңбек-Орал" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-7. "Еңбек-Қарағанды" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-8. "Еңбек-Қызылорда" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-9. "Еңбек-Қостанай" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-10. "Еңбек-Ақтау" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-11. "Еңбек-Павлодар" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-12. "Еңбек-Қызылжар" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-13. "Еңбек-Шымкент" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-14. "Еңбек-Алмас" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-15. "Еңбек-Гранит" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-16. "Еңбек-Семей" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-17. "Еңбек-Алматы" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-18. "Еңбек-Тас" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының Тізбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |