|
|
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 маусымдағы N 639 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы" және "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемелері "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құрылатын мемлекеттік мекемелердің штат санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиті шегінде белгілесін. 4. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 5. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасын орналастыруға арналған үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсін. 6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. 7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 5-жолдағы "Алматы облысы" деген сөздің алдында "Алматы қаласы мен" деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 17-жолдағы "Алматы" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |