|
|
|
Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 10 шілдедегі N 339-ІІ Заңы Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) сараптама aктісі - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен ветеринариялық зертханалар беретiн, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат; 2) ветеринариялық препаратты байқаудан өткiзу - ветеринариялық препаратты ветеринария практикасында пайдалану мүмкiндiгiн анықтау үшiн, оның иммундық-биологиялық қасиеттерi мен эпизоотологиялық тиiмдiлiгiн, препарат әсерiнiң зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауiпсiздiгiн айқындау мақсатында, шектеулi зертханалық немесе өндiрiстiк жағдайларда ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен сынақтан өткiзу; 3) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы; 4) ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң олар пайдаланылатын дағдылы (белгiленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiрмейтiн күйi; 5) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеруi; 6) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен вeтеринариялық инспекторлар беретiн ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама; 7) ветеринариялық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi; 8)ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт; 9) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау үшiн жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретiнде пайдаланылатын заттар; 10) ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, түрi, жынысы, түci, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринариялық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi; 11) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндiктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндiктер; 12) ветеринариялық препараттарды мемлекеттiк тiркеу - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтарының нәтижелерi бойынша оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуi және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi; 13) Ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмi ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган шығаратын, мемлекеттiк тiркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндiруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етiлген ветеринариялық препараттар туралы мәлiметтерi бар тiзбе; 14) карантин - iндет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында iндет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеудi немесе тыюды және мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим; 15) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы базарларда және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi; 16) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - iндет ошағы белгiленген аумақ; 17) ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу, тiркеу сынағынан өткiзу, стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе қолдану; 18) шектеу iс-шаралары - жануарлар ауруының таралуына жол бермеу және iндет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзу мақсатында шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеуге және мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим; 19) жануарлардың аса қауiптi аурулары - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуiне, үлкен әлеуметтiк-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары; 20) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптiк қоспалар; 21) жануарлардан алынатын өнiмдер - тиiсiнше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнiмдерi; 22) ветеринариялық препараттарды тiркеу сынағынан өткiзу ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi; 23) жануарлар ауруларының диагностикасы жөнiндегi референттiк және әдiстемелiк қызмет - жануарлардың аса қауiптi, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендiрудi (белгiлi бiр түр iшiндегi типтiк айырмашылықтарды анықтауды),олардың профилактикасы мен диагностикасы шараларын әзiрлеудi қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәндi немесе даулы жағдайларда түпкiлiктi диагноз қою; 24) базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөптi және жемшөптiк қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны; 25) жануарлардан алынатын шикiзат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсiпте пайдаланылатын терi, жүн, түк, қыл, бағалы аң терiсi, мамық, қауырсын, эндокриндiк бездер, iшек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ және басқа да өнiмдер; 26) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн, өз өкiлеттiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 27) індет мониторингi - эпизоотологиялық зерттеудi және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсiрiлген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары жүргiзiлетiн ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректердi жинау жүйесi және оларды кейiннен ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар тиiмділігiн талдау және iндеттердiң немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуiн және жойылуын болжау үшiн статистикалық өңдеу; 28) iндет ошағы - жұқпалы ауруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейiм жануарлар тұрған шектеулi аумақ немесе қора-жай; 29) iндет - белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы. 2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар: 1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; 2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; 3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; 5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау; 6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету; 7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою; 8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру. 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат: 1) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, сақтау және өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға; 2) осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге мемлекеттiк монополияны сақтауға; 3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға; 4) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге; 5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық ережелер мен нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге; 6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткiзудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге; 7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өткiзуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге; 8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртiбiн белгiлеуге бағытталған. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретiне: 1) ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнiндегi республикалық бағдарламаларды бекiту; 3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау немесе бекiту; 4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн қабылдау немесе бекiту; 5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртiбi мен шарттарын белгiлеу; 6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық; 7) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру кiредi. 6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне: 1) ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары; 2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi; 3) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар; 4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi. 7-бап. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары 1. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарына: 1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi; 3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi; 4) селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады. 2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары бiр мезгiлде - Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса "бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектор", "бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың орынбасары" деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы. 8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне: 1) ветеринария саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу; 2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 3) жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тiзбесiн әзiрлеу; 4) аса қауiптi аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету; 5) денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе отырып, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; 6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттiк сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткiзудi) және пайдалануды ұйымдастыру; 8) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық iс-шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтердi, ветеринариялық есеп пен есептiлiк нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiтудi ұйымдастыру; 9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтi лицензиялау; 10) ветеринариялық препараттарды мемлекеттiк сатып алу ветеринария саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау жөнiндегi республикалық бюджеттiк бағдарламаларды, нормативтiк конкурстық және тендерлiк құжаттаманы әзiрлеуге қатысу; 11) жануарлар аурулары бойынша iндет мониторингiн ұйымдастыру және iндет жағдайын зерделеу; 12) жүргiзiлiп жатқан ветеринариялық iс-шаралар, белгiленген ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi туралы мүдделi тұлғаларға ақпарат берудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету; 13) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды байқаудан өткiзудi, бақылауды, оларды тiркеу сынағынан өткiзудi ұйымдастыру, сондай-ақ Ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу; 14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларға қорытындылар беру; 15) халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу; 16) мал шаруашылығы объектiлерiн және жануарларды өндiру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу; 17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру; 18) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру кiредi. 9-бап. Мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi 1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы мынадай қызметтердi: 1) тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлi жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу; 2) тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау қызметiн жүзеге асыратын бөлiмшелер құра алады. 2. Мемлекеттiк органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады. 3. Мемлекеттiк органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi. 10-бап. Жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы құзыретi 1. Жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрып, олардың құрылымын, қаржыландырылу және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу тәртiбiн белгiлей алады. 2. Жергiлiктi атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетедi, ауру жануарларды санитариялық союды қоса алғанда, ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ жергіліктi өкілдi органдардың шешiмi бойынша оларды жүзеге асыруға жергiлiктi бюджеттерден қаражат бөле алады. 11-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар 1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мынадай нысандарда мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар: 1) мынадай функцияларды: ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргiзе отырып, жануарлар ауруларының диагностикасы жөнiндегi референттiк және әдiстемелiк мiндеттердi; Қазақстан Республикасындағы жабайы хайуанаттар ауруларының iндет мониторингiн жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар; 2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды: жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген аса қауiптi ауруларының диагностикасын; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды тiркеу сынағынан, байқаудан өткiзудi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасауды; жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген аса қауiптi ауруларының ошақтарын жоюды; мемлекеттiк шекарадағы ветеринариялық бақылау постыларында көлiк құралдарын дезинфекциялауды; ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар құрады. 2. Жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды: жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген аса қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою; мемлекеттiк шекарадағы ветеринариялық бақылау постыларында көлiк құралдарын дезинфекциялау функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құруы мүмкiн. 3. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар өз қызметiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензия негiзiнде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 4. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілік жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi. 12-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау 1. Ветеринариялық қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мiндеттi түрде лицензиялауға тиiс. 2. Ветеринариялық қызметке лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет 1. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 2. Жоғары немесе орта ветеринариялық бiлiмi бар жеке адамдардың ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы бар. 3. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен аттестатталуға тиiс. 4. Жеке және заңды тұлғалар өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi бойынша ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi. 3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау 14-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау 1. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған қызметi. 2. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау: 1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды; 2) бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |