|
|
|
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi республикалық мемлекеттiк кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 807 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 10-жол алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |