|
|
|
"Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 тамыздағы N 927 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi) (келiсiм бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп келiсiмге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда: 1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн; 2) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi; мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды; 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret A.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi; "Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк келiсiмiн ресiмдеудi; қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен Қазақстанның Даму Банкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 тамыздағы N 927 қаулысына қосымша Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке төлемдерi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |