|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі N 1038 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 тамыздағы N 897 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақта "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде: 1-тармақта: "қоғамдық, кәсіби жағынан танылған" деген сөздер алынып тасталсын; "беріледі." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі."; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі."; 4-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады."; екінші абзацта: "жұмысты" деген сөз "кандидатураны" деген сөзбен ауыстырылсын; ", сондай-ақ еңбектерінің жиынтығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтың бірінші абзацында: "Шығармалар мен еңбектерді ұсыну, оларды", "сараптау және" деген сөздер алынып тасталсын; "қабылдау" деген сөздің алдында "Конкурстық құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын; "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады. Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады."; 7-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады."; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: "Ғылым" атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі."; 8-тармақта: "қатысатын жұмыстар" деген сөздер "қатысушы кандидаттардың қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын; "көпшілік алдында көрсетілуі және" деген сөздер алынып тасталсын; 9-тармақтағы "басқа да жұмыстарымен" деген сөздер "қызметімен" деген сөзбен ауыстырылсын; 10-тармақ алынып тасталсын; 12-тармақтағы "өзара" деген сөз "олардың мүшелері арасында" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясы туралы ережеде: тақырыбында "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады."; 2-тармақтың үшінші абзацындағы "25" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын; 3-тармақта: екінші абзацтағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатуралардың конкурстық құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта: "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын; "авторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын; төртінші абзацта: "жұмыстардың" деген сөз "кандидатуралардың қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын; "үшін, олар жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "жұмысы" деген сөз "кандидатурасы" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілсін. 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі N 1074 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 365-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 1038 қаулысымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның Құрамы Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, төраға Кәлетаев - Қазақстан Республикасының Дархан Аманұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, жауапты хатшы "Эстрада, классикалық музыка, музыкалық халық шығармашылығы" секциясы Тілеухан - Қазақстан Республикасының Бекболат Қанайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Өнербаев - "Қазақстан теледидары мен Нұрлан Әлтайұлы радиосы республикалық корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақ радиосының Бас директоры (келісім бойынша) Мұсаходжаева - Қазақстан Республикасының Білім Айман Қожабекқызы және ғылым министрлігі, Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры "Дизайн, бейнелеу өнері, қолданбалы халық шығармашылығы" секциясы Ли - "Қазақстан суретшілер одағы" Камилла Витальевна қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы (келісім бойынша) Ибрагимов - Қазақстан Республикасының Ұлықбек Шараханұлы Президенттік мәдени орталығының директоры Әжібекұлы - "Астана қаласы суретшілер одағы" Қазақбай қоғамдық бірлестігі басқармасының мүшесі (келісім бойынша) "Театр және кино, әдебиет, журналистика" секциясы Жолжақсынов - Қазақстан Республикасының Досхан Қалиұлы халық әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Әбікеева - Сорос-Қазақстан қорының Гүлнар Ойратқызы "Шығыс-Шығыс" бағдарламасының үйлестірушісі, кинотанушы (келісім бойынша) Жұмабаев - Қазақстан тедерадиохабарлар Айдар Әбілмәжінұлы тарату қауымдастығының президенті (келісім бойынша) Есдәулет - "Қазақ әдебиеті" газетінің бас Ұлықбек редакторы (келісім бойынша) "Спорт" секциясы Шишигина - Олимпиада чемпионы, Қазақстан Ольга Васильевна Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (келісім бойынша) Ибраимов - Бокстан Қазақстан құрамасының бас Ермахан Сағиұлы жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері "Ғылым және қоғамдық қызмет" секциясы Сапарғалиев - Абай атындағы Алматы Ғайрат университетінің кафедра меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Білім және министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті (келісім бойынша) Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Нұралы Сұлтанұлы Білім және ғылым вице-министрі Арынов - Қазақстан Республикасының Нұрлан Мұхтарұлы Денсаулық сақтау министрлігі А.Н.Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығының бөлім меңгерушісі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |