|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтілген Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 желтоқсандағы N 1265 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының,. "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген. 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға, сондай-ақ жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаның әуе тасымалын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және авиациялық жұмыстарды орындау жөнiнде аталған пайдаланушылар көрсететiн қызметтерге сертификаттар бepу тәртібiн белгiлейдi. Осы Ереже аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдаланушыларға қолданылмайды. 3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар: 1) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық тексеру рәсiмдерiнен өту үшiн уәкілетті органға жазбаша өтiнiшi; 2) өтiнiш берушi - Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификатын алу үшiн уәкiлетті органға өтінiш жасаған жеке немесе заңды тұлға; 3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптар; 4) сертификаттық тексеру - уәкiлеттi орган жүзеге асыратын авиациялық қызмет көрсету жөнiндегi құралдардың, жабдықтардың, пайдалану рәсiмдерiнiң, технологиялық процестердің, құжаттамалардың, ұйымдық құрылымдардың, сондай-ақ өтініш берушінің әкімшілік, ұшу және жердегi персоналы құзыреттiлiгiнiң сертификаттық талаптарға сай екендiгiн тексеру. 4. Сертификаттаудың мақсаты адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн авиациялық қызметтердiң қауіпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады. 5. Авиациялық қызметтер сертификаттаудың объектiлерi болып табылады. 6. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификаты (бұдан әрі Пайдаланушы сертификаты) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаға берiлмейдi. 7. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласын және мерзiмiн көрсете отырып, 2 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi (1-қосымша). 8. Пайдаланушы сертификатын берудi, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі 9. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртiбi белгiленедi: 1) уәкiлеттi органға өтiнiш берушiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге өтінiмдi беруi; 2) уәкiлетті органның алдын ала бағалауы және өтiнiм жөнiнде шешiм қабылдауы; 3) уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру жүргiзуi; 4) шешім қабылдау және Пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту). 10. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi 3 (үш) айдан аспауы тиiс. 3. Өтiнiмдi беру және алдын-ала бағалау 11. Өтiнiш берушi уәкiлеттi органға сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн уәкілеттi орган бекiткен тiзбе бойынша растайтын құжаттармен бiрге белгiленген нысандағы (2-қосымша) өтінiмдi жiбередi. 12. Уәкілеттi орган сертификаттық талаптарға сәйкестігiн растайтын құжаттармен бiрге өтiнiмдi 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қарайды және өтiнiш берушіге өтінiм жөнiндегi шешiмдi (3-қосымша) хабарлайды. 13. Өтінiмдi алдын ала бағалау рәсiмдермен, өтiнiш берушiнiң құжаттарында берiлген тәжiрибемен және әдiстермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды. Бұл pетте мынадай мәселелер қаралады: 1) басқарудың ұйымдық құрылымы, практикасы және негiзгi қағидаттары; 2) ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегi басшы құрамның тәжiрибесi, сондай-ақ ұшу қауіпсiздігін қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшы құрам мен мамандар бойынша деректердiң болуы (6-қосымша); 3) авиациялық персонал штатының жинақталуы және даярлау жүйесi; 4) өтінiш берушiнiң өзге ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және әуе кемелерiн жөндеуге, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуға жасасқан келiсiмдерiнiң болуы; 5) әуе кемелерiн пайдалану құқықтарына келiсiмдердiң болуы және олардың мазмұны (ондайлар болған жағдайда); 6) авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және әуе тасымалын жүзеге асыруға арналған үй-жайдың болуы; 7) ұшуларды жүргiзу жөнiндегi (4-қосымша) және әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi (5-қосымша) басшылықтардың болуы. 14. Егер өтiнiш беруші мынадай талаптарға сәйкес болса уәкiлетті орган өтініш бойынша Пайдаланушының сертификатын беру туралы шешiм қабылдай алады: 1) міндетті сақтандыруды жүзеге асырса; 2) әуе кемелерінің ұшуы, техникалық пайдаланылуы мен ұшу қауіпсiздігiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi персоналы, жабдықтары, құрылыстары, құжаттамасы, ғимараттары, сертификатталған бөлiмшелері болса; 3) сертификатталған әуе кемелері болса. 15. Уәкiлеттi орган өтінiштi қарау барысында мынадай рәсiмдердi жүзеге асырады: 1) ұсынылған әуе тасымалдарының және (немесе) авиациялық жұмыстардың көлемiн, әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, басқару және басшылық ету әдістерiн, өтiнiш берушiнiң басшы орындарды алып отырған мамандарының құқықтарын және міндеттерiн бағалау; 2) авиациялық персоналдың даярлық дәрежесін анықтау; 3) ұшу, инженерлік-техникалық құрамның және басқа да мамандардың біліктілігін арттыру және жаттықтыру (тағылымдамадан өткiзу) бағдарламаларының авиациялық талаптарға және азаматтық авиация кадрларын даярлау әрі қайта даярлау жөнiндегi ережелерге сәйкестiгiне алдын-ала бағалау жүргiзу; 4) өтiнiш беруші ұсынған әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және ұшу пайдаланымын инспекциялау (бақылау), әуе қозғалысын ұйымдастыру, әуе кемелерiнiң және өзге жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтердің жүйесiн және бағдарламасын алдын-ала талқылауды жүргiзу; 5) өтiнiш беруші орындауы қажет көрсетілiмділік және (немесе) дәлелдi (техникалық) ұшуларды анықтау; 6) өтінім бойынша шешiм қабылдау. 16. Егер өтiнiм осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмесе немесе сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде бермесе, өтiнiм жөнiндегi шешiмде қайтарылу себептерi көрсетiлiп мұндай өтiнiм қайтаруға жатады. 17. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн), өтінім жөнiндегi шешiмнiң негiзiнде уәкілетті орган сертификаттық тексерудi жүргізу үшiн комиссия құрады. 4. Сертификаттық тексеру 18. Осы тексеру барысында өтiнiш берушi ол мәлiмдеген авиациялық қызметтердің сертификаттық талаптарға сай екендігін растауы тиіс. 19. Сертификаттық тексеру уәкілетті орган бекiтетiн сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi. 20. Өтiнiш берушіні сертификаттық тексеру оның қызметiнің, ең алдымен, ұшу қауіпсiздiгін қамтамасыз ететiн мәселелермен байланысты аспектілерiн қамтиды. 21. Өтiнiш беруші өзiнiң қызметiн ұшуларды қамтамасыз етудiң барлық түрлері бойынша сертификаттық талаптарды ескере отырып ұйымдастырады, оларға мыналар жатады: 1) құқықтық қамтамасыз ету; 2) қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету; 3) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету; 4) инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету; 5) әуе қозғалысын қызмет көрсетумен қамтамасыз ету; 6) штурмандық қамтамасыз ету; 7) аэронавигациялық қамтамасыз ету; 8) метеорологиялық қамтамасыз ету; 9) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету; 10) медициналық қамтамасыз ету. Қамтамасыз етудiң көрсетiлген түрлері бойынша (құқықтық қамтамасыз етудi, ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз етудi, инженерлiк-авиациялық қамтамасыз етудi қоспағанда) сертификаттық талаптарды iске асыруда өтiнiш берушi қызметін дербес жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес осы қызметтік жүзеге acыру үшін басқа тұлғаларды тарта алады. 22. Ұшу, жердегi қызметтер мен құралдардың жұмысын тексеру қойылған мiндеттерді шешу үшiн жеке құрамның дайындық деңгейiнiң, жердегi құралдардың және жабдықтардың сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзіледі. 23. Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиiстi түрде жабдықталғаны, күзет дабылы, хабардар eту құралдары бар екендiгi және олардың тiкелей арналымы бойынша пайдаланылатындығы тексерiледi және расталады. Ангар құрылыстарының, зертханалардың, авиатехниканы жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi цехтардың, әкiмшiлiк ғимараттардың, жолаушы кешендерiнiң, қоймалардың және басқа да құрылыстардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi. 24. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыру, ұшу құрамының дайындығы және бiлiктiлiк ұшуларды жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Экипаж мүшелерiнiң азаматтық авиация саласында тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын күшi бар куәлiктерi тиiс. 25. Өтінiш берушінiң мынадай құжаттамасы тексеруге жатады: 1) ұшуларды ұйымдастыру және орындау жөнiндегi; 2) ұшуларды қамтамасыз ету жөнiндегі; 3) экипаж мүшелерiнiң жеке iстерi; 4) экипаждың ұшу және жұмыс уақытын есепке алу; 5) пайдаланымдық және борттық жазулар. 26. Өтініш берушiнiң өз құрылымында авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде сертификатталған қызметінің болуы немесе сертификатталған ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және авиациялық техниканы жөндеуге тиiсті шарттар жасасуы тиiс. 27. Егер өтiнiш беруші басқа мемлекетте тiркелген әуе кемелерiн пайдаланса, онда әуе кемелерiнiң иесiмен әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сақтау үшiн жауапкершiлiктi белгiлейтiн тиiстi келiсiмдер (шарттар) жасасуы тиiс. 28. Өтiнiш берушіде барлық пайдаланылатын әуе кемелерiне ұшуға жарамдылық сертификаты немесе Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған шетел мемлекетінің ұшуға жарамдылық сертификаты болуы тиiс. 29. Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде өтiнiш бeруші басқа елдердiң әуежайларында өз өкілдерiнiң немесе басқа елдердiң әуежайларында өкілдіктерi бар азаматтық авиация ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетудi көздеуі тиiс. Басқа елдердiң әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиiстi мемлекеттiң әуежайларында техникалық қызметтi ұйымдастырудың белгiленген тәртібiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. 30. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша өтiнiш берушінiң объектiлерiнің нақты жағдайын, пайдаланушы сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкiн еместiгi) туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды көрсетiп, 2 данада сертификаттық тексеру актiсiн (7-қосымша) жасайды. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш бepушігe беріледі. 31. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын болуы тиiс. 5. Пайдаланушы сертификатын беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу және жарамсыз деп тану 32. Пайдаланушы сертификатын беру үшiн Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi негiз болып табылады. Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн уәкiлеттi орган он күндiк мерзiмде Пайдаланушы сертификатын ресiмдейдi және бередi. 33. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледі: 1) заңнамалық кесiмдермен осы санаттағы тұлғалар үшін азаматтық әуе кемелерiн пайдалану жөнiнде қызметтер көрсетуге тыйым салынғанда; 2) өтiнiш берушi ұсынатын қызметтер көрсету сертификаттық талаптары сәйкес келмегенде; 3) өтiніш берушiге қатысты қызметтердiң осы түрлерiн көрсетуге тыйым салатын соттың шешiмi болғанда. 34. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тартқан кезде өтiнiш бepушігe бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауап берiледi. 35. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы мынадай негiздер бойынша тоқтатылады: 1) пайдаланушы ұсынатын қызметтеp көрсету сертификаттық талаптарға сәйкес болмағанда; 2) пайдаланушының өтiнiшi бойынша; 3) авиациялық қызметтер көрсету саласындағы сертификаттық талаптар өзгерген кезде; 4) авиациялық қызметтер көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген кезде. 36. Уәкілетті орган тоқтата тұру себептерiн көрсетiп, Пайдаланушы сертификатының қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады. Пайдаланушы сертификаты олардың негiзiнде тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайда, ол қайтарып алынады. 37. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтiрудi (оны тоқтата тұру жағдайында) уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн, сондай-ақ ол уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды бергеннен және уәкiлеттi орган қажеттi тексерулерді жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асырады. 38. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығында көзделген жағдайларда Пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады. 39. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу немесе жарамсыз деп тану жағдайында уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне дереу хабарлайды. 40. Пайдаланушының сертификатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану кезiнде пайдаланушы уәкiлетті органға Пайдаланушы сертификатын дереу қайтаруға тиiс. 6. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгізу және телнұсқасын беру 41. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық тиесiлiлiгi өзгергенде және егер сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктерге әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерiстер болған жағдайларда Пайдаланушы сертификатына және Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. 42. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкiлеттi орган оның өтiнiшi негiзiнде пайдаланушыға телнұсқасын бередi. 43. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзу немесе телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы қажеттi негіздемелерiмен және бұрын берiлген Пайдаланушы сертификатын қоса бере отырып, уәкiлеттi органға еркiн нысандағы өтініш бередi (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда). 7. Бақылау 44. Пайдаланушылардың сертификаттық талаптарды сақтауына бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітiлген Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесiне 1-қосымша -----Елтаңба----- _____________________________________________________________ Уәкілетті орган Пайдаланушының сертификаты N _____ Осымен пайдаланушы ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ (пайдаланушының атауы) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ____N____ қаулысымен бекiтiлген Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушылардың қызметтерiн сертификаттау ережелерінің талаптарын қанағаттандыратындығын және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметiн pеттейтiн нормативтік құқықтық кесiмдерiнің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады. Пайдаланушы ___________________________________________ _____________________________________________________________ (авиациялық қызметтердің түрлерi, халықаралық ұшулар және т.б.) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) Қосымшаларына, сондай-ақ қоса берiлiп отырған Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерде қамтылған пайдалану талаптары мен шектеулерге сәйкес жүзеге асыруға қабiлеттi. Осы Сертификат бойынша ұшу ___________________ лицензия болған кезде жүзеге асырылады. Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол қашан қайтарып алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн күшiн жоймайды. Инспекциялық бақылауды __________________________________ жүзеге асырады. (уәкiлеттi органның атауы) МО Уәкілеттi органның басшысы __________ __________ (қолы) (Т.А.Ә.) Күшiне енген күнi: ___ж. "_____"_______ Қолданылу мерзiмi: ___ж. "_____"_______ дейін Уәкiлеттi орган _______________________________________________________________ (пайдаланушының атауы N ____ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi) А бөлiгi - Жалпы ережелер 1. Қолданылуы. Осы Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер (шектеулер) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтердi сертификаттау ережесiне және әуе кеңiстiгiнде ұшулар орындалатын шетел мемлекетiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес берiледі. 2. Анықтамалар мен қысқартулар. Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушылардың қызметтерiн сертификаттау ережесiнде белгіленген барлық сөздер, сөз орамдары мен қысқартулар, осы пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерде де сондай мәнде қолданылады. 3. _________________________________________________берiлген N ____ пайдаланушы сертификаты бар пайдаланушы "____________" ұшуды орындауға даярланған. 4. Әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат. Пайдаланушыға - "____________" ___________________________ (авиациялық қызметтердiң түрлерi) орындау үшін мынадай жасаушылары мен модельдердің әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат етiледi: _____________________________ желілерде ұшу үшiн:
1-бағанда әуе кемелерiн жасаушы зауыт көрсетiледі; 2-бағанда әуе кемесiнiң үлгiсi және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, 3-бағанда тоннамен берiлетiн көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледі. _________________ ___________________ (лауазымы) (қолы) ____жылғы "_____"________ Уәкiлеттi орган ___________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, N____ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi) А бөлiгі - Жалпы ережелер (жалғасы) _______________ және _______________________ бойынша ұшуды орындау үшiн экипажды пайдалану жөнiндегi шектеулер. Пайдаланушыға "_________" мәлiмделген әуе кемелерін ___________________ бойынша және _________________________ төмендегідей ұшу құрамымен ұшуларды орындауы үшiн пайдалануына pұқсат етіледі:
___ жылғы "______"_______ Уәкiлеттi орган __________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, N___ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi) В бөлiгi - Бағыттардағы рұқсаттар және шектеулер "_____________" пайдаланушының әуе кемелерi уағдаласқан мемлекеттердiң қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарына және ұшу ережелерiне сәйкес желiлерде ____________ және _____________ ұшуларды орындауға даярлықтан өткен. ____________________________________________________________ Әуе кемесінің үлгісі Навигациялық жабдық ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ Ұшулар рұқсат етілген: (Қазақстан Республикасының аумағы шегінде - бағыттар мен аймақтар) (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс - бағыттар мен аймақтар) (ұшулар түрлерi - BҰE, ВҰЕЕ, АБҰЕ) (күндiзгi және түнгi уақытта) ____________________________________________________________ Әуеайлақ Орналасқан жері ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ _____________ ____________________ (лауазымы) (қолы) ___ жылғы "______"_______ Уәкiлеттi орган __________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, N___ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi) С бөлiгi - Әуеайлақтардағы рұқсаттар мен шектеулер 1. Жалпы ережелер. "________" - пайдаланушыға Азаматтық әуеайлақтар тiзiлiмiне және аэронавигациялық ақпараттар жинақтарына енгiзілген Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтық авиация әуеайлақтарын пайдалану құқығы берiледі. Әуеайлақтар мемлекет аумағынан тыс жерде орналасқан жағдайда оларды пайдалану тәртібi сол мемлекеттiң аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сай белгiленедi. 2. Аспаптар бойынша қонуға кiру тәpтібi және әуеайлақтарды пайдалану минимумы. а) Аспаптар бойынша қонуға кiру жүйелерi: Пайдаланушыға аспаптар бойынша қонуға кiрудiң мынадай жүйелерiн қолдануға рұқсат етіледі: - қонуға кiрудiң нақты емес жүйелерi: VOR, VOR/DME, NDB, PAR - қонуға кiрудiң нақты жүйелерi: ILS, І санат ILS, II санат Аспаптар бойынша қонуға кiрудiң рұқсат етілген минимумдары: _________________________ ______________ (уәкілеттi органның басшысы) (қолы) _____жылғы "____"__________ Ескерту: егер осы әуеайлаққа уәкiлеттi орган әуе кемелерiнiң үлгiлерi бойынша әуеайлақтың ұшу және қону минимумын белгiлемеген жағдайларда пайдаланушы мәлiмделген әуе кемелерi мен әуеайлақтар үшін минимум есептерiн ұсынады. Уәкiлеттi орган __________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, N___ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi) D бөлiгi - Техникалық қызмет көрсету "___________" пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi Техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылық бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында техникалық қызмет көрсетудi және регламенттiк жұмыстарын жүргiзудi реттейтін стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкес және _______ жылғы N___ техникалық қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асыруға рұқсат етiледі. Күрделi және қалпына келтiру жөндеулерiн осы жұмыс түрлерiн орындау құқығына сәйкестiк куәлiгi бар авиакәсiпорындар мен жөндеу зауыттарында ғана жүргiзуге рұқсат етіледі. ________________ ______________ (лауазымы) (қолы) ___ жылғы "_____"__________ Шетелге ұшуларды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшiн мынадай толықтырулар жасалады: - шетелдік әуежайларда техникалық қызмет көрсетудi орындау Халықаралық әуе желiлерiндегi ұшуларды инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету туралы ереженiң талаптарына сәйкес мәлімделген әуе кемелерiнің үлгiлерiнде дербес техникалық қызмет көрсетуге қолданыстағы рұқсаты бар инженерлiк-техникалық персоналға техникалық қызмет көрсетулердiң қолданылып жүрген регламенттерiне және технологияларына сәйкес рұқсат етіледі. Уәкiлеттi орган __________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, N___ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi) Е бөлiгi - Әуе кемелері салмағының рұқсат етілген стандарттық сандық нормалары, теңдестірулер және олардың шектеулері
шектеулерінен артық пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. __________________ ________________ (лауазымы) (қолы) __ жылғы "____"_________ Ескерту: Егер жекелеген әуе кемелерінің үлгілік әуе кемелерінен ерекше сипаттамасы болса, онда олар бөлек тізіммен көрсетіледі. Уәкiлеттi орган __________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, N___ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi) F бөлігі - Әуе кемелерiмен және жабдықтармен алмасу Пайдаланушы Әуе кемелерiмен алмасу туралы А пайдаланушы ____________ мен Б пайдаланушы арасындағы (күнi) шарттың талаптарына cәйкec рұқсат етілген ұшуларды пайдалану нормативтерi мен ережелерiнiң қолданылатын қағидаларына сәйкес орындай алады. Мұндай ұшуларды жүзеге асыру _______ және _________ алмасу пункттерi арасында А пайдаланушының пайдалану талаптарының В бөлiгiнде көрсетiлген бағыттар бойынша, Б пайдаланушының пайдалану талаптарында көрсетiлген әуеайлақтарда және авиациялық персонал мен әуе кемелерiнде рұқсат етiледi. Ұшулар Б пайдаланушының әуе кемелерiнiң үлгiсiн және ұшу экипажын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Б пайдаланушы осы ұшуларға басшылық үшiн жауап бередi. Мұндай ұшулар үшiн пайдаланылатын әуе кемелерiн пайдалану мен техникалық қызмет көрсету А пайдаланушының ұшуларды орындау және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылығына және пайдалану талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. __________________ ________________ (лауазымы) (қолы) __ жылғы "____"_________ Уәкiлеттi орган __________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, N___ сертификат) ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР (пайдалану талаптары мен шектеулерi)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |