|
|
|
Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 16-НҚ бұйрығы Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 23.05.03 ж. N 138-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау және келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шардарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін: оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін; оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 16-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау және келісу НҰСҚАУЛЫҒЫ Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау мен келісудің осы Нұсқаулығының (бұдан әрі - Нұсқаулық) мақсаты тұтынушылар мен табиғи монополия Субъектілері (бұдан әрі - Субъектілер) мүдделерінің тепе-теңдігіне қол жеткізуі, сондай-ақ тұтынушыларды Субъектілердің көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) экономикалық негізсіз арттырудан қорғауға бағытталған республикалық және жергілікті деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді және ағымдағы басымдықтарына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау мен келісуді тәптіштеу болып табылады. 1. Жалпы ережелер 1. Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау және келісудің осы ережесі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. 2. Субъектілердің инвестициялық жобалары белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер дамуының басымдықтарын ескере отырып әзірленеді. Белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық жобаларда көзделген Субъектілердің негізгі құралдарындағы жұмсалымдар көлемі республикалық және аймақтық деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларында ағымдағы кезеңге және орта мерзімді перспективаға арналған Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті өсімінің болжамын есептеген кезде ескеріледі. 3. Субъектілердің инвестициялық жобалары: іске асыру мерзімдері бойынша - қысқа мерзімге (1 жылға дейін), орта мерзімге (3 жылға дейін), ұзақ мерзімге (5 жылдан асатын); мәртебесі бойынша республикалық және жергілікті; іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша - жаңа активтер құруға арналған инвестиция; кеңейтуге арналған инвестиция; қазіргі бар активтерді қалпына келтіруге және қолдауға арналған инвестиция болып бөлінеді. 4. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: базалық тарифтік смета - қолданыстағы тарифте (бағада, алым ставкасында) қабылданған және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, шығындарды қалыптастырудың Ерекше тәртібінің (бұдан әрі Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес Субъектілердің инвестициялық бағдарламасын іске асырудың басында қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты қалыптасқан шығындары мен көлемдеріне сәйкес түзетілген тарифтік смета; инвестициялық жоба (инвестициялық бағдарлама) - техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңде жаңа активтерді құруға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, қайта жаңғыртуға, қазіргі бар активтерді қолдануға, жаңартуға, Субъектінің негізгі құралдарын техникалық қайта жабдықтауға бағытталған жұмсалымдар мен қаражаттарды қайтару бағдарламасы; болжанып отырған тарифтік смета - инвестициялық жобаны жүзеге асырудың әрбір жылында уәкілетті орган қабылдаған және онымен келісілген тарифтік смета; тарифтік кіріс - уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуден алынған Субъектінің кірісі; техникалық сараптама - негізгі қорлардың техникалық жай-күйін, күрделі жөндеулердің қажеттілігін, конкурстық негізде таңдалған тәуелсіз сарапшы жүргізетін және Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес орындалатын инвестицияларды тексеру (бағалау); қаржылық сараптама - конкурстық негізде таңдалған тәуелсіз сарапшы жүргізетін және Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес орындалатын Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес келетін шығындардың нақты құрамын тексеру (бағалау). 2. Инвестициялық жобаларға қойылатын негізгі талаптар 5. Уәкілетті органға қарауға және келісуге ұсынылып отырған инвестициялық жобалар салалық бағдарламаларға және республикалық және жергілікті деңгейлерде қабылданған даму бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиіс. 6. Инвестициялық жобаларға: 1) жүргізілген техникалық және қаржылық сараптаманың қорытындылары; 2) Субъектілер ұсынатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұранысты дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асырудың ықпалы туралы Субъектінің бағасы; 3) негізгі құралдар мен өзге мүліктің жобасын іске асыруға қажетті құн туралы маркетингтік зерттеулер растаған инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындар туралы ақпарат; 4) қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұстауға арналған шығындарды төмендету жөніндегі есептерді қамтитын инвестициялық жұмсалымдардың экономикалық тиімділігі, нормативтік және нормативтен тыс ысырапты азайту, қызметтердің сапасын арттыру, жүйелердің сенімділігін арттыру туралы Субъектінің бағасы; 5) конкурстық негізде не уәкілетті органның келісімі бойынша бір көзден алынатын - оның ішінде бағалы қағаздар эмиссияларының, кредиттер тартудың есебінен барынша экономикалық тиімді заемдық ресурстарды алған жағдайда заемдық ресурстарды қаржыландыру және қайтару шарты; 6) негізгі құралдардың топтары бойынша жүргізілген құнды қайта бағалаудың нәтижелері қоса берілуге тиіс; 7) егер инвестициялық жобаны іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінсе немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар ұсынылады. 7. Инвестициялық жобаның бюджетін жоспарлау мен жасау негізінде болжамды тарифтік смета, тарифтік кіріс қалыптасатын базалық тарифтік сметаға сәйкес жүзеге асырылады және қаржылық көрсеткіштер бағаланады. Инвестициялық жобаның тиімділігіне экономикалық және қаржылық бағалау жүргізудің негізгі қағидаттары осы Ережеге берілген қосымшада айқындалады. 8. Инвестициялық жобалар мынадай өлшемдерге: 1) Субъектінің іске қосылған негізгі өндірістік құралдарының өтімді бағасының қазіргі бар деңгейін көбейту немесе сақтау капитал түзетін шығындардың (инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде негізгі құралдарды қайта бағалауға уәкілетті органның келісімі бойынша ғана жол беріледі) есебінен қол жеткізілуге тиіс; 2) қаржылық-экономикалық тәуекелдерді барынша азайтуға; 3) нормативтік және/немесе нормативтен тыс ысырапты кемітуге; 4) жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері пайданың (кірістіліктің) ішкі нормасы, іске қосылған активтердің пайдасы, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарымен бекітілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті өсімі болжамының шеңберіндегі Субъектілердің қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) деңгейі кезінде дисконттелген ағыстардың болуына; 5) заемдық ресурстарды қарызға алу және өтеу сызбаларын оңтайландырумен, өндірістік шығындарды кемітумен, конъюнктурлық рынокқа сәйкес оны барынша жоғары пайдалану мақсатында өндірістің әртараптылығымен қамтамасыз етілуге тиіс инвестициялардың өтеу мерзімдерін азайтуға; 6) көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі мен сапасын ұлғайтуға; 7) Субъектінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешегінің деңгейін төмендету жөніндегі, ол болған жағдайда, кешенді іс-шараларға жауап беруге тиіс. 3. Инвестициялық жобаларды қарау және келісу 9. Оң қорытынды алған республикалық және жергілікті инвестициялық жобалар уәкілетті органның қарауына және келісуіне инвестициялық жобаны іске асыру алдындағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей енгізіледі. 10. Уәкілетті органның инвестициялық жобаны қарауы мен келісуі ол түскен күннен бастап 60 күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі, ол өткен соң уәкілетті орган Субъектінің инвестициялық жобасымен келіседі немесе келісуден бас тартады. Уәкілетті орган тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) арналған инвестициялық жобаны іске асыруға еткен ықпалын оны іске асыру кезеңінде айқындау мақсатында инвестициялық жобалардың тиімділігіне экономикалық және қаржылық бағалау жүргізеді. 11. Инвестициялық жобаларды қарауға уәкілетті органның қабылдаудан бас тартуының себептері: Субъектінің инвестициялық жобаны ұсынудың мерзімдерін бұзуы; Субъектінің осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы болып табылады. Уәкілетті орган инвестициялық жобаны алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және Субъектіге инвестициялық жобаның қарауға қабылданғаны туралы немесе бас тартудың негіздемесімен қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша хабарлама беруге міндетті. 12. Уәкілетті органмен келісілген республикалық және жергілікті инвестициялық жобалар Субъектінің орындауына міндетті болып табылады. Егер инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде Субъект уәкілетті органға жаңа инвестициялық жобаны келісуге берсе, уәкілетті орган жаңа инвестициялық жобаның қолданыстағы тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) деңгейіне жасайтын ықпалына талдау жүргізеді. Уәкілетті орган, егер оны іске асыру инвестициялық жобаны іске асырудың қалған мерзіміне болжамдалған көрсеткіштерден тыс тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейін өзгертуді талап еткен жағдайда, келісуден бас тартуға құқылы. 13. Республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға уәкілетті органның келісімі бойынша нықтылаулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін. 4. Субъектілердің инвестициялық жобаларын іске асыру мониторингі 14. Субъектілердің белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық жобаларын іске асыру мониторингін уәкілетті орган жүзеге асырады. 15. Инвестициялық жобалардың мониторингі Субъектінің уәкілетті органға келесі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей оларды іске асырудың барысы туралы ақпарат беруін қарастырады. 16. Уәкілетті орган тартқан уәкілетті органның мамандары мен тәуелсіз сарапшыларды Субъектінің инвестициялық жоба жөніндегі техникалық, бухгалтерлік және өзге де құжаттамаға жіберуге құқығы бар. Сонымен бірге ақпаратқа кіруге рұқсат алған тұлғалар мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті. 17. Қол жеткен нақты көрсеткіштерді растайтын мерзімді ақпарат олар уәкілетті органмен келісілген инвестициялық жобадан ауытқыған жағдайда, себебін түсіндіре отырып, осы Ереженің қосымшасына сәйкес кесте нысанында уәкілетті орган ұсынады. 18. Субъектілердің инвестициялық жобаларын іске асыру мониторингісінің негізгі кезеңдері: 1) әрбір уақыт аралығында қол жеткізілген Субъекті көрсететін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерін инвестициялық жобада белгіленген көрсеткіштермен салыстырудан; 2) әрбір уақыт аралығында қол жеткізілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуге жұмсалған нақты шығындарды инвестициялық жобада белгіленген көрсеткіштермен салыстырудан; 3) әрбір уақыт аралығында қол жеткізілген нақты қаржылық нәтиженің болжанып отырған ақша тасқынына ықпалын айқындаудан тұрады. 19. Уәкілетті орган мониторингі нәтижелерінің негізінде Субъектіден инвестициялық жобаларды мынадай жағдайларда: 1) нақты игерілген инвестициялардың, қызмет көлемдерінің, шығындар мен қаржылық нәтижелердің инвестициялық жобада белгіленген көрсеткіштерден кему немесе көбею жағына келісілген көрсеткіштерден ауытқуларын; 2) республикалық және аймақтық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарының негізгі көрсеткіштерінің өзгерістерін түзетуді талап етуге құқылы. 20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде Субъект инвестициялық жобаның пайда мен өзге де көрсеткіштердің жоспарланған ұйғарынды деңгейіне қол жеткізу мақсатында инвестициялық жобаның шығыс және кіріс бөлігіне өзгерістер енгізуге міндетті. Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау және келісу ережесіне қосымша Инвестициялық жобалардың тиімділігіне экономикалық және қаржылық бағалау жүргізу 1. Инвестициялық жобаны іске асыру Субъектілер көрсетіп отырған қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) көбейту үшін негіз болып табылмайды. 2. Инвестициялық жобаларда көзделген инвестициялық шығындарды өтеу уәкілетті органмен келісілген қажетті тарифтік кіріспен қамтамасыз етіледі. 3. Инвестициялық жобаларды келісу үшін мынадай деректер талап етіледі: 1) N 1, 2, 3 және 4-кестелерде көрсетілген деректердің негізіндегі тарифтік кіріс; 2) инвестициялық жобаны іске асыру кезеңіндегі болжамды тарифтік смета жасауға арналған бастапқы деректер, олар: базалық тарифтік смета; 3) құзыретті органның, ал су шаруашылығы мен канализациялық жүйелердің қызметтерін көрсетуші Субъектілер үшін - инвестициялардың қажеттігін және олардың Субъектілердің негізгі құралдарындағы көлемдерін, нақты қалыптасқан негізде және республикалық және аймақтық деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларында көзделген перспективаларды ескере отырып, инвестициялық жобаны іске асыруға көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) болжанып отырған көлемдерін растайтын жергілікті атқарушы органның қорытындысы; іске қосылған активтердің реттелген базасына және инвестициялық жобаны іске асыру кезеңіне арналған активтердің реттелген базасының болжамдалған деңгейіне пайданың ставкасы; инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде көрсетіліп отырған қызметтерге сұраныстың даму перспективалары туралы Субъектінің бағасы; техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қалпына келтіру және жаңа негізгі құралдарды енгізу бағдарламасы; жылдар бойынша күрделі қаржы жұмсалымдарын игеру кестесі; заемдық қаражаттар бойынша негізгі борыштар мен сыйақыларды өтеу кестесі; ағымдағы тұрақты және ауыспалы шығындар, жылдар бойынша қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі кезеңіндегі шығыстар болып табылады. 4. Болжамды тарифтік сметалардағы шығындардың қалыптасуы: 1) болжамды тарифтік сметалардағы шығындар қолданыстағы тарифте (бағада, алым ставкасында) қабылданған және Ерекше тәртіптің талаптарына сай Субъектінің инвестициялық жобасын іске асырудың басындағы нақты қалыптасқан шығындарға сәйкес түзетілген базалық тарифтік смета негізінде қалыптасады. Болжамды тарифтік сметада Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізгі көрсеткіштерін өзгерту болжамын ескере отырып, шикізат, материалдар, отын, энергия сатып алу шығыны қамтылады. Қазақстан Республикасынан тыс сатып алынған шикізаттар мен материалдардың құны шет ел валютасына теңгенің орташа жылдық бағамы жөніндегі шығындарға қосылады; 2) нормативтік ысыраптарға байланысты шығындар қосылады; 3) субъект негізгі құралдар құнының өсіміне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған құралдар құзыретті (жергілікті атқарушы) органның растауы мен жұмыстардың осы көлемдерін жүргізудің қажеттігі туралы техникалық сараптама нәтижелері болған жағдайда ескеріледі; 4) негізгі құралдардың және тура желілі (бір қалыпты) әдіс бойынша есептелген материалдық емес активтер амортизациясының тозуы. Тозуды есептеудің өзге әдістерін қолдану уәкілетті органның келісімі жөнінде мүмкін болады; 5) еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды айқындау кезінде есепке белгіленген тәртіппен бекітілген, Субъектінің нормативтік адам санынан аспайтын нақты адам саны қабылданады. Субъектінің персоналдарына еңбек ақы төлеу шығыстары болжамды тарифтік сметада Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көзделген тұтынушылар бағалары индексінің болжамды өзгерісін ескере отырып, базалық тарифтік сметада қабылданған еңбекке ақы төлеу шығыстарына сүйене отырып есептеледі; 6) әкімшілік мақсаттағы шығыстар Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көзделген тұтынушылар бағалары индексінің болжамды өзгерісін ескере отырып, ескеріледі. Уәкілетті орган инвестициялық жобаны келіскенге және оны құзыретті (жергілікті атқарушы) орган бекіткенге дейін әкімшілік мақсаттағы шығыстардың сомаларын Субъектінің әкімшілік шығыстарының нақты құрамының жүргізілген қаржылық сараптамасының нәтижелері бойынша өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы; 7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 1,5 есе ставкадан аспайтын ұлттық валютада алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақылар төлеу шығындары қосылады; 8) егер заемдық қаражаттар шетел валютасында алынса, онда сыйақылар төлеу теңгенің шетел валютасына орташа жылдық бағамы бойынша жүргізіледі. Алынған заемдық қаражаттар жөніндегі сыйақылардың мөлшерін (кредиттер үшін проценттер, комиссиялық төлемдер) инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде өзгертуге уәкілетті органның келісімі бойынша жол беріледі; 9) өкілдіктер шығыстары, әкімшілік персоналының іссапарлық шығыстары, қымбат тұратын байланыс түрлерінің, мерзімді баспа, қызметтік автокөлік ұстау шығыстары, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көзделген тұтынушылар бағалары индексінің болжамды өзгерісін ескере отырып, нақты шығындар құрамының жүргізілген қаржылық сараптамасының нәтижелері бойынша ақпараттық, консультациялық қызметтері. Болжамды тарифтік сметаларда тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгізуге жатпайтын Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес шығыстар ескерілмейді. 5. Уәкілетті орган экономикалық мақсатқа сай қағидаттарына сүйеніп: 1) кредиттер (заемдар) үшін инвестицияда алынған және инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде төленген (төлеуге жататын) сыйақыны жаңа негізгі құралдарының құнына қосуға; 2) Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде кредиттерге (заемдарға) қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды материалдық емес активтердің құнына қосуға; 3) егер Субъектіге қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға рұқсат етілсе, онда одан түскен пайданы Субъектінің инвестициялық міндеттемелерін өтеуге жұмсауға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |