|
|
|
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.08.03 ж. N 285 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары: 1) 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiн Ереженiң 2, 4, 5 және 9-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келтiрсiн; 2) осы қаулы күшiне енген күннен бастап үш айдың iшiнде бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға инвестициялардың және кассадағы ақша қалдығының мөлшерiн Ереженiң 10 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкес келтiрсiн. 4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |