|
|
|
"Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 731 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын. 3. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 18-жолда "Алматы" деген сөздiң алдынан "Алматы қаласы және" деген сөздермен толықтырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |