|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы N 1214 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 470-104-жолдың 2-бағаны "Шығыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Сәрсен Аманжолов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрi 470-133-жолдың 2-бағаны "Солтүстiк Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Манаш Қозыбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрi 470-137-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Махамбет Өтемiсов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрi 470-155-жол алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 470-170-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Жәңгiр хан атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): 5-тармақтың 2) тармақшасы "Шымкент" деген сөздiң алдынан "Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 156-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 157-3-жол "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Махамбет Өтемiсов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 157-21-жол "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Жәңгiр хан атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; "Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 160-жол "Республикалық" деген сөздің алдынан "Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; "Заңға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылатын ұйымдардың тізбесі" деген 3-бөлімде: реттік нөмірі 176-жол "Шығыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Сәрсен Аманжолов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 207-жол "Солтүстiк Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Манаш Қозыбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |