|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитеті (бұдан әрi Комитет) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Комитетті таратуды, оның мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берудi жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат) 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. "Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы N 20 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртiбi туралы ережеде: 15-тармақтағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитет" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақ: он алтыншы, он жетiншi және он сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын; он тоғызыншы абзац "және оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған күдiктілер мен айыпталушыларды ұстау" деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақта: 10) тармақша алынып тасталсын; 12) тармақшада: мәтiндегi "жазалауды" деген сөзден кейiн "және уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; бiрiншi абзац "жазалауды" деген сөзден кейiн "және тергеу изоляторларында уақытша оқшалауды" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "тергеу изоляторларында күдiктiлердi, айыпталушылар мен сотталғандарды ұстауды ұйымдастыру;"; жетiншi абзац "жүйесiн" деген сөзден кейiн "және тергеу изоляторларын" деген сөздермен толықтырылсын; 13) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәлiктер мен төлқұжаттар беру;". 3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат): 1) 2-тармақта: "министрлiгi" деген сөзден кейiн "және Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын; "Нұсқаулықты" деген сөз "Нұсқаулықтарды" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде: 5-тармақта: төртiншi абзацтағы "iшкi iстер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын; он екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi" деген сөздер "уәкілеттi органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта: екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Әдiлет органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiк пен төлқұжат беретiн уәкілетті органдар болып табылады."; мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: "Iшкі iстер органдары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамның жеке куәлiгiн беру жөнiндегі уәкілетті органдар болып табылады."; 13-тармақта: "құжатты" деген сөз "құжаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын; "уәкілеттi орган" деген сөздер "уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 20, 22-тармақтардағы "iшкi iстер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын; 23-тармақтағы "iшкi iстер органдарына" деген сөздер "уәкілетті органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын; 43-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "және әділет" деген сөздермен толықтырылсын. 4. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ережеде: "1. Жалпы ережелер" деген бөлiмде: 1-тармақ "жазалауды" деген сөзден кейiн "және тергеу изоляторларында күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "тергеу изоляторларында күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды және" деген сөздермен толықтырылсын; "2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары" деген бөлiмде: 11-бапта: 1) тармақшада "жазалауды" деген сөзден кейiн "және күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада: "жазалауды" деген сөзден кейiн "және күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; "сотталғандардың" деген сөз "адамдардың" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы "Қылмыстық-атқару кодексiнде белгіленген сотталғандарды" деген сөздер "заңнамада белгіленген күдiктілердi, айыпталушыларды және сотталғандарды" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақша "жазалауды" деген сөзден кейін "және күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақшада: "мекемелерiнде" деген сөзден кейiн "және тергеу изоляторларында" деген сөздермен толықтырылсын; "жазалауды" деген сөзден кейiн "және күзетте ұстауды" деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақша "сотталғандардың" деген сөзден кейiн ", жазалауды және уақытша оқшаулауды орындайтын мекемелерде ұсталатын күдiктілер мен айыпталушылардың" деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақта: 1) тармақшада: "жазалауды" деген сөзден кейiн "және уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; "сотталғандарды" және "сотталғандардың" деген сөздер тиiсiнше "жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелерде ұсталатын адамдарды" және "жазалауды және уақытша оқшалауды орындаушы мекемелерде ұсталатын адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы "сотталғандарды оқшаулауды және оларды қадағалауды қамтамасыз етедi" деген сөздер алынып тасталып, "жазалауды" деген сөзден кейiн "және уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша "кәсiпорындарын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ тергеу изоляторларын" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша "жүйесiндегi" деген сөзден кейін және 12) тармақша "органдарында" деген сөзден кейiн "және тергеу изоляторларындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 16) және 19) тармақшалар "жүйесiнiң" және "жүйесiн" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "және тергеу изоляторларының" және "тергеу изоляторларын" деген сөздермен толықтырылсын; 17) және 18) тармақшалар "жазалауды" деген сөзден кейiн "және уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; 13-тармақтың 5) тармақшасы "жазалауды" деген сөз "және уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; "4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру" деген бөлiмде: 17-тармақтың екiншi абзацындағы "орынбасарын", "орынбасарларын" деген сөздер тиiсiнше "орынбасары", "орынбасарлары" деген сөздермен, "Әдiлет министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады" деген сөздер "заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады" деген сөздермен ауыстырылсын. 19-тармақтың 2), 4), 8), 9), 10) және 11) тармақшалары "жазалауды" деген сөзден кейiн "және уақытша оқшаулауды" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118 және 119-жолдармен толықтырылсын: "100. AK-159/1 мекемесi 101. AK-159/24 мекемесi 102. АП-162/1 мекемесi 103. ЕЦ-166/1 мекемесi 104. ЕЦ-166/23 мекемесi 105. ЕС-164/1 мекемесi 106. ЖД-158/1 мекемесi 107. ЗK-169/1 мекемесi 108. ИЧ-167/1 мекемесi 109. ИЧ-167/11 мекемесi 110. KA-168/1 мекемесi 111. ЛА-155/1 мекемесi 112. ЛА-155/16 мекемесi 113. ЛА-155/18 мекемесi 114. ОВ-156/1 мекемесi 115. OB-156/19 мекемесi 116. РУ-170/1 мекемесi 117. УГ-157/1 мекемесi 118. УК-161/1 мекемесi 119. ГМ-172/9 мекемесi".
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |