|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiк түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: "Алматы қаласы" деген бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 116-шы жол мынадай редакцияда жазылсын: "116. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ". 2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 236-8-шi жол мынадай редакцияда жазылсын: "236-8. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ". 3. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорларының Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына: атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулының қосымшасындағы: "Ибадоллаев Азамат Абдол-Әмитұлы - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы" деген жол "Манақбай Толымбек - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы Басқармасының төрағасы" деген жолмен ауыстырылсын. 4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 1-шi жол мынадай редакцияда жазылсын: "1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы". 5. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 253-құжат): атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумында: атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталсын; 2-тармақтағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатураға ауыстырылсын; 4-тармақтың екiншi абзацы "қор Басқармасы" деген сөздерден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын: "немесе қор Басқармасымен келiсiм бойынша кредит саясатын жүзеге асыруға уәкiлеттендiрiлген Қордың өзге де органдары"; 6-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: "16) қоғамдық тамақтандыру"; 12-тармақ "теңгемен" деген сөзден кейiн "және шетелдiк валютамен" деген сөздермен толықтырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |