|
|
|
ҚР 10.07.03 ж. N 483-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 6-баптың мәтіні ҚР 19.06.97 ж. N 132-1; 22.04.98 ж. N 221-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 23.03.00 ж. N 40-II; 18.12.00 ж. N 128-II; 05.01.01 ж. N 135-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 29.10.02 ж. N 348-II; 13.03.03 ж. N 394-II (бұр. ред. қара ) Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша арыз берiледi және оған осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, екi дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады. Банк және сақтандыру (сақтандыру делдалдығын қоспағанда) қызметiмен шұғылданбақшы заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оны ашуға қосымша рұқсаты, ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн оларды ашуға Ұлттық Банктiң келiсiм беруi талап етiледi. Банктердiң, филиалдар және өкiлдiктер болып табылмайтын аумақтық оқшау бөлiмшелерi банк заңдарында белгiленген тәртiппен құрылады және есептiк (мемлекеттiк) тiркелуге жатпайды. қызметінің нысанасы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырушы мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты (келісімі) қосымша талап етіледі. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болған жағдайда, онда тіркеуші органға құрылтай және басқа құжаттармен бірге құрылтайшыда заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі. Тиісті тауар рыногында устем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Арызға құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Бұған заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттары қосылады. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу кезiндефилиалдар мен өкiлдiктер туралы ережелердi, сондай-ақ оларды құрған заңдытұлғалардың тiркелген құрылтай құжаттарының көшiрмелерiн түсiру талап етiледi. Шетел қатысатын заңды түлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша: құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса; құрылтайшының - шетелдік жеке тулғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Заңның осы бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның, оның филиалы мен өкiлдiгiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн бюджетке алым төлегенi туралы квитанция немесе оны растайтын құжат табыс етiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етпейдi. Тiркеушi орган заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап он күн iшiнде заңды тұлғаның тұрған жерi бойынша салық органына тіркеудің жүргізілгендігі туралы хабарлайды. Осы Заңда және өзге де заң актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |