|
|
|
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 ж. 5 шiлдедегі N 19-1 Қазақстан Республикасының Заңы (09.12.98 ж. N 307-1; 12.03.99 ж. N 347-1; 19.05.00 ж. N 51-II; 02.07.03 ж. N 454-II; 15.06.04 ж. N 563-II ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағыN 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара I тарау Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) II тарау Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (7 - 9 баптар) жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi III тарау Мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi (10 - 13 баптар) басқару органдарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi IV тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (14 - 18 баптар) жағдайлардың алдын алу V тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы (19 - 24 баптар) төтенше жағдайларды жою VI тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (25 - 26 баптар) жағдайлар саласындағы сараптама мен мемлекеттiк есеп VII тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (27 - 29 баптар) жағдайлар саласында материалмен және қаржымен қамтамасыз ету VIII тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (30 - 32 баптар) жағдайлар саласындағы бақылау мен қадағалау IХ тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (33 - 35 баптар) жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк Х тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (36 - 36 баптар) жағдайлар саласындағы дауларды шешу ХI тарау Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше (37 - 39 баптар) жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық шарттар Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң басым салаларының бiрi болып табылады. Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi. I тарау Жалпы ережелер 12.03.99 ж. N 347-1; 15.06.04 ж. N 563-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Негiзгi ұғымдар Бұл Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай; Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи, өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар; Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар; Төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай туындаған белгiлi бiр аумақ. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтiрген нұқсанның көлемiне қарай объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаhандық болып бөлiнедi. Авария - технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы; Зiлзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс; Дүлей зiлзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан зiлзала; Апат - аймақтық және iрi ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс; Төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргiзiлетiн және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiн мүмкiн болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерiн кемiтуге бағытталған шаралар кешенi. Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргiзiлетiн және адамдардың өмiрiн сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемiн азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрi таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстар. Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат. 2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен түзiледi. Бұл Заң әлеуметтiк және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi. 3-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар: - жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету; - егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру; - төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады. 4-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға азаматтық қорғаныс күштерiнiң қатысуы Азаматтық қорғаныс күштерi (әскери бөлiмдер, аумақтық және ведомстволық әскерилендiрiлмеген құрылымдар, мамандандырылған авариялық-құтқару қызметтерi) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға заңдарға сәйкес тәртiппен қатысады. 12.03.99 ж. N 347-1 ҚР Заңымен 5-бап толықтырылды 5-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi Меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: - өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, өткiзуге; - төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi туралы немесе пайда болуы туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнiнде хабардар етуге; - қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезiнде әскерилендiрiлмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдiстерiн үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететiн жергiлiктi жүйе құрып, оны үнемi әзiрлiкте ұстауға; - қарауындағы өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлерде, соларға iргелес аумақтарда бекiтiлген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтiру және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге; - заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру шараларын жүзеге асыруға мiндеттi. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша қызметiнде төтенше жағдайлардың пайда болу қатерi басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерiн жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар құрылуын, дайындалуы мен әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ұйымдар сондай-ақ Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мен жергілікті атқарушы органдарға өздерінің қарауындағы өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп пен нысан бойынша табыс етіп отырады. Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясында келтірілген мәліметтер тізбесі мен оларды ресімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы белгілейді. Ұйымдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралардың, арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларының орындалуына дербес жауап бередi. 6-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы Қоғамдық бiрлестiктер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, олардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау жөнiндегi шараларға Қазақстан Республикасының заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады. Төтенше жағдайларды жоюға қоғамдық бiрлестiктерден қатысушылардың мемлекеттiк аттестация қуаттаған арнайы даярлығы болуға тиiс. II тарау Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: - Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерлерде болғанда өздерi душар болуы мүмкiн қатер туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралары туралы хабардар болуға; - азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан және олар тигiзетiн зардаптардан қорғау мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей жүгiнуге, жеке және ұжымдық үндеулер жолдауға; - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға арналған басқа да мүлiктi пайдалануға; - төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға; - мiндеттi мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандырылуға, төтенше жағдайларды жою барысындағы мiндеттердi орындау кезiнде өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген залал үшiн өтемақылар мен жеңiлдiктер алуға; - зақым алуына немесе ауруға шалдығуына байланысты еңбек ету қабiлетiнен айырылған, зақымданудан немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айырылған жағдайда, егер олар төтенше жағдайларды жою жөнiндегi мiндеттерiн атқару салдарынан болса, зейнетақымен қамсыздандырылуға; - төтенше жағдайлар салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеуге құқығы бар. 8-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi олардан қорғау саласындағы заңдарын сақтауға; - төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн авария, зiлзала және апат жайында тиiстi органдарды хабардар етуге; - тұрмыста, күнделiктi еңбек және шаруашылық қызметiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк және технологиялық тәртiптің, қауiпсiздiк талаптарының бұзылуына жол бермеуге; - азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi төнген немесе олар пайда болған кезде жүрiп-тұрудың белгiленген ережелерi мен iс-қимыл тәртiбiн бiлуге, негiзгi қорғану әдiстерiн, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсiлдерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерiн үйренуге, өздерiнiң осы бiлiмi мен практикалық дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға; - төтенше жағдайларды жою жөнiнде өткiзiлетiн оқу-жаттығуларға қатысуға, халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау құралдарына ұқыпты қарауға мiндеттi. 9-бап. Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланып, мiндеттердi атқарады. III тарау Мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi 19.05.00 ж. N 51-II; 15.06.04 ж. N 563-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: - бiртұтас мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлейдi; - мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасы Президентiне бекiтуге ұсынады; - министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық етедi, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын қамтамасыз етедi; - халықты, табиғи ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйi туралы мемлекеттiк баяндамаларды қарайды және бекiтедi; - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы туралы ереженi бекiтедi; - төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссиялар құрып, олар туралы ережелердi бекiтедi; - Tөтенше жағдайлардың сыныпталуын белгiлейдi; - жағдайды қадағалау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметiн, шұғыл медициналық жәрдемдi, авариялық-құтқару қызметiн, төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн ұйымдастырады; - төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi; - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк сараптама мен мемлекеттiк инспекцияны ұйымдастырады, олардың қызметiнiң және төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi; - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды республикалық бюджет есебiнен қаржыландыру, мемлекеттiк резервтердi, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларын жасау тәртiбiн белгiлейдi және бұл қорларды төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бөледi; - төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөледi; - табиғи және техногендiк сипаттағы жаhандық төтенше жағдайлардың зардаптарын жою туралы шешiм қабылдайды; - төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердi әлеуметтiк қамсыздандырудың жүйесi мен ережелерiн, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалдың өтелу тәртiбiн белгiлейдi; - Қазақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi. 09.12.98 ж. N 307-1; 12.03.99 ж. N 347-1; 19.05.00 ж. N 51-II ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi атқарушы органының өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган болып табылады және оның өзiне бағынысты аумақтық органдары болады. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы: - министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi атқарушы органдар мен ғылыми мекемелердiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жұмысын үйлестiредi; - нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi немесе келiседi, төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзедi, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйi туралы мемлекеттiк баяндамалар дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi; - азаматтық қорғаныс күштерiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуына, өз қарамағындағы жағдайда қадағалайтын, бақылайтын және болжайтын қызметтерге, төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне басшылық етедi; - төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк сараптамаға басшылық етедi және қажет болған жағдайда халықаралық сараптама ұйымдарын тарта отырып тәуелсiз сараптама ұйымдастырады; - мемлекеттік өртке қарсы қызметке басшылық етеді, өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды үйлестіреді; - төтенше жағдайлар саласындағы ақпараттың ашық және жария болуын қамтамасыз етедi; - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды бөлiнген қаржы шегiнде республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үкiметiне мемлекеттiк және жұмылдырылған резервтер құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларының пайдаланылуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен алынған қаражаттың төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшiн пайдаланылуы туралы ұсыныс енгiзедi; - төтенше жағдайлар саласында ғылыми зерттеу, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету iсiн ұйымдастырады; - мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияға басшылық етедi; - аттестация өткiзiп, төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзуге лицензиялар бередi; - министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға, ұйымдар мен азаматтарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде мiндеттi күшi бар нұсқамалар бередi; - төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тексеру iсiн ұйымдастырады, материалдарды белгiленген тәртiппен лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды жауапқа тартуға бередi; - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша аймақтық және барынша ауқымды төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады; - төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады; - халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етедi, iзгiлiк шараларын өткiзудi ұйымдастырады. 12-бап. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде: - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды ұйымдастырады; - төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi немесе келiседi, мемлекеттiк есеп жүргiзедi және оның деректерiн Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органына табыс етедi; - төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар құрады және олардың жұмысын қамтамасыз етудi жүзеге асырады; - өз қарамағындағы жағдайды қадағалайтын, бақылайтын және төтенше жағдайларды болжайтын қызметтерге басшылық етедi; - салалық мемлекеттiк сараптама жүргiзедi, төтенше жағдайлар саласында ғылыми зерттеулер, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету iсiн ұйымдастырады; - салалық мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады, өз мiндеттерiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға, ұйымдар мен азаматтарға нұсқамалар бередi, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тексеруге қатысады, лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды белгiленген тәртiппен жауапқа тартады; - төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады. 19.05.00 ж. N 51-II; 15.06.04 ж. N 563-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшiн жауапты болады. Жергiлiктi өкiлдi органдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: - жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы есептерiн тыңдайды; - төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлігінде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет құрамындағы резервінің көлемі туралы, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құру туралы шешімдер қабылдайды; - төтенше жағдайлар пайда болған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде мiндеттi ережелер қабылдауға құқылы, оларды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделедi. Мiндеттi ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуге тиiс және дереу күшiне енедi. Жергiлiктi атқарушы органдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды ұйымдастырады; - мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тергеуге қатысады, лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды белгiленген тәртiппен жауапқа тартады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |