|
|
|
2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 514-ІІ ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 4-баптың редакциясы ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 30.10.02 ж. N 349-II Заңдарымен (бұрынғы ред. қара) 4-бап өзгертілді және толықтырылды 4-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қамауға алу, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру түрiндегi жазалар туралы ережелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексi күшiне енгiзiлгеннен кейiн жазалаудың осы түрлерiн орындау үшiн қажеттi жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2003 жылдан кешiктiрiлмей күшiне енгiзiледi. Осы Кодекстiң қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 каңтардан бастап, бас бостандығын шектеу түріндегі жазалау туралы ережелері 2003 жылғы 1 каңтардан бастап қолданыска енгізіледі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |