|
|
|
Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы N 323 қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. N 1041; 20.03.03 ж. N 275; 19.06.03 ж. N 576; 02.07.03 ж. N 643; 12.11.03 ж. N 1132 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 5 наурыздағы N 281 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (Бұрынғы ред. қара) "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. N 1041; 20.03.03 ж. N 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. N 576; 02.07.03 ж. N 643; 12.11.03 ж. N 1132 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып: 1) Халықаралық Валюта Қорының: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Марченко Григорий Александрович (келiсiм бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келiмбетов Қайрат Нематұлы; 2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Павлов Александр Сергеевич, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы; 3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келісім бойынша); 4) Азия Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Исаев Батырхан Арысбекұлы; 5) Ислам Даму банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы; Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жәмішев Болат Бидахметұлы (келісім бойынша). 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |