|
|
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мен "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 наурыздағы N 366 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604; 28.10.04 ж. N 1117 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Обаның табиғи ошақтары аумақтарында осы жұқпаның алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 1 Мекеме) бөлу жолымен; 2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 2 Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. 1 және 2 Мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) 1 және 2 Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде: 8 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" бөлiмiнде: бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi", 3-бағанда: "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "106" деген сан "58" деген санмен ауыстырылсын; "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "150" деген сан "99" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 51 Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 48"; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: "Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1 және 11-2-жолдармен толықтырылсын: "11-1. "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі 11-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |