|
|
|
Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 27.01.04 ж. N 39 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004.25.11. N 606 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Дербес шоттарды жүргізу ережелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасы (Алшымбаев Б.Ж.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
N___
N 530 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелері 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Кіріспе 2-тарау. Осы Ережелерде қолданылатын терминдер мен айқындамалар 3-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының есебі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 4-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі құжаттама 2-бөлім. Дербес шоттарды жүргізу және жеке тұлғалардан салық жинау және олардың бюджетке түсімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын бақылау 5-тарау. Дербес шоттарды ашудың тәртібі 6-тарау. Дербес шоттарды жүргізудің тәртібі 7-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген (қосып есептелген) сомасының есебі 8-тарау. Жеке тұлғалардың дербес шоттарындағы есептелген салықтар сомасының есебі 9-тарау. Салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту кезіндегі есеп 10-тарау. Салық тексеруі актісі бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есебі 11-тарау. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі есеп 12-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімінің есебі 13-тарау. Төлеудің заттай нысанында жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерінің есебі 14-тарау. Тұрақты мекемені құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасындағы қызметтен резидент еместің кірісінен табыс салығын төлеу тәртібі 15-тарау. Қате есептелген, анықталмаған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу 16-тарау. Салық органдарының инкассалық өкім бойынша өндіріп алынған салық берешегін есепке алу 17-тарау. Есепке алу есебі және артық төленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қайтару 18-тарау. Қосылған құн салығын есепке алуларды және қайтаруларды есепке алу 19-тарау. Заңды тұлғаны қайта құру кезінде дербес шоттарды есепке алу және беру 20-тарау. Салық төлеушінің (салық агентінің) қызметті жүзеге асыру орны немесе орнының өзгеруі кезінде дербес шоттарды есепке алу және беру 21-тарау. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемелерінің орындалуын есепке алу 22-тарау. Банкрот заңды тұлғалардың және оңалту рәсімін өтетін заңды тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауын есепке алу 23-тарау. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық міндеттемелерін есепке алу 24-тарау. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін есепке алу 25-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу 26-тарау. Дербес шоттардағы қорытындыны шығару 27-тарау. Дербес шоттарды тексеру 28-тарау. Қаржы жылының аяқталуына дербес шоттардың жабылуы 29-тарау. Салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі мен қайтарылуының тізілімін жүргізу 30-тарау. Есептеулер, кемітулер және түсімдердің жиынтық қорытынды есебі кітабының жүргізілуі 31-тарау. Жеке тұлғалардан салық жинау және олардың бюджетке түсімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын бақылау 3-бөлім. Дербес шоттардағы өсімақы есептеу тәртібі және айыппұлдарды есептеу тәртібі 32-тарау. Дербес шоттардағы өсімақы есептеу тәртібі 33-тарау. Айыппұлдарды есептеу тәртібі 4-бөлім. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептілік 34-тарау. "Түсімдер және салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бересілері туралы" F-1H нысаны бойынша есеп 35-тарау. Уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептілік 36-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы есептілікті Қазынашылық органдармен салыстырып тексеру 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Кіріспе 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және салық төлеушілердің, салық агенттерінің дербес шоттарын жүргізу мен салық органдарында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есепке алу тәртібін айқындайды. 2. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының есептелген (қосып есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке алынған) сомасы, сондай-ақ осы Ережелермен (бұдан әрі - дербес шот) (N 1, N 2, N 3, N 4 қосымшалар) бекітілген нысан бойынша өсімақылар мен айыппұлдар сомасының есебі үшін өзімен құжат береді. 3. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) дербес шоттары ұлттық валютада - теңгемен жүргізіледі. 4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің есебі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жыл сайын бекітілетін бюджет кірісінің жіктемесіне сәйкес жүргізіледі. 5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді республикалық және жергілікті бюджет арасында бөлу "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген нормативтерге сәйкес және тиісті қаржы жылында республикалық бюджетте жүргізіледі. 6. Салық органдары әрбір салық төлеушіге (салық агентіне) бюджет кірісі жіктемесінің, салық органдарында есеп жүргізілетін салық және басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының тізбесіне (N 5 қосымша) сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының әрбір коды бойынша дербес шот ашады. 2-тарау. Осы Ережелерде қолданылатын терминдер мен айқындамалар 7. Осы Ережелермен қолданылатын салық заңының ұғымдары мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңдарында қалай жазылса, сол мәнде қолданылады. 8. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) салыстыру актісі - салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ салық органы және салық төлеушінің (салық агентінің) дерегі бойынша айқындалған күнге өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген (қосып есептелген, кемітілген) сомасы жөніндегі құжат; 2) салық және басқа міндетті төлемдердің коды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жыл сайын бекітілетін бюджет кірісінің жіктемесі бойынша төлем белгілеудің сандық белгіленуі; 3) есеп бөлімі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген (қосып есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке алынған) сомасы есебінің функцияларын атқаратын салық органының құрылымдық бөлімшесі; 4) жауапты бөлім - салық міндеттемелері мен міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық төлеушінің орындауына салық бақылауының функцияларын атқаратын салық органының құрылымдық бөлімшесі; әкімшіліктендіру және салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолдану; 5) уәкілетті мемлекеттік орган - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы; 6) қаржы жылы - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын тұрақты бюджет-есеп кезеңі; 7) айыппұл - міндеттеме орындалмаған немесе орындалуға жатпаған жағдайда борышкердің бюджетке төлеуге міндетті ақшалай сомасын заңдармен айқындау. 3-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының есебі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 9. Салық органдарында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының есебі бірыңғай салық ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. 10. Дербес шоттарда бар ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі жауапты лауазымды тұлғаға беріледі. Ақпараттық жүйе ақпараттың рұқсат етілмеген мүмкіндіктен қорғалуын және сақталуын қамтамасыз етеді. 11. Салық органдарындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және міндетті зейнетақы жарналарының есебі есеп құжаттамасында жүргізіледі: тізілімдерде: N 25 (N 6 қосымша) нысанның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің түсімдері мен қайтарымдары; ЖЗҚ - N 25 нысанының (N 7 қосымша) міндетті зейнетақы жарналары бойынша түсімдері мен қайтарымдары; төлемдер, кемітулер және түсімдердің жиналған жиынтығының есеп кітабында (N 41 қосымша); дербес шоттарда (N 1-4 қосымшалар); Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне аударылған /резидент емес төлеген/ жарғылық банктік салымдарда орналастырылған резидент еместерден (заңды және жеке тұлғалардан) табыс салығы сомасының есеп жаршысында (N 21 қосымша); журналдарда: қате есептелген, анықталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді тіркеу (N 31 қосымша); салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасын есептеу және қайтаруға төлем тапсырмаларын тіркеу (N 29 қосымша); салық органдарының инкассалық өкімдерін тіркеу (N 35 қосымша); дебиторлардың шотындағы салық органдарының инкассалық өкімдерін тіркеу (N 36 қосымша). 12. Есеп бөлімінің қызметкерлері және бастығы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының есептелген (қосып есептелген, кемітілген), түскен (қайтарылған, есепке алынған) сомасы, сондай-ақ өсімақылар мен айыппұлдар сомасының есебін жүргізудің дұрыстығына жауап береді. Салық органының басшысы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі жұмыстарға бақылауды жүзеге асырады және жасалатын есептерді тексереді, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын есепке қою және жұмыс жағдайына жауап береді. 13. Дербес шоттардағы барлық жазбалар осы жазбалардың құқыққа сәйкестігін растайтын құжаттар (салық есептілігі, өтініш, төлем құжаттары) негізінде жазба жүргізілген күнді көрсете отырып, хронологиялық тәртіпте уақтылы жүргізіледі. Дербес шоттағы жазбалар дербес шоттың "Есептелді", "Кемітілді", "Төленді", "Қайтарылды" деген бағандары бойынша тиісінше жүргізіледі. 14. Дербес шоттың қаржы жылының соңына қарай электронды тасығыштарда мұрағаттауға және уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген белгіленген тәртіпте сақтауға жатады. 15. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді қабылдау және есепке жатқызу, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезінде артық және қате төленген салық сомасының есебі мен қайтару тәртібі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін кассалық орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 484 бұйрығымен бекітілген, 1999 жылдың 24 қыркүйегінде N 900 болып мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін кассалық орындау жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады. 16. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының есебі жөніндегі құжаттар және дербес шоттар салық заңына сәйкес іс номенклатурасымен айқындалған мерзім ішінде сақталады. Сақтаудың көрсетілген мерзімінің соңына қарай есеп жөніндегі құжаттар салық органының мұрағатына тапсырылады. 4-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі құжаттама 17. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі құжаттама іс номенклатурасына сәйкес құжаттардың түрі бойынша топтастырылады: 1) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салыстыру актілері және дербес шоттардан көшірмелер; 2) Қазынашылық органдары, банктер және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған төлем құжаттары, бюджет кірісі жіктемесінің әрбір коды бойынша жеке; 3) салықтардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу жөніндегі құжаттар; 4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасын қайтару жөніндегі құжаттар; 5) дербес шоттарды беру және қабылдау туралы құжаттар; 6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі құжаттар; 7) салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерінің өзгеруі туралы құжаттар; 8) банкроттардың салық берешегі бойынша құжаттары; 9) жеке тұлғалардың салық міндеттемелерінің тоқтауы туралы құжаттары; 10) заңды тұлғалардың салық міндеттемелерінің тоқтауы туралы құжаттары; 11) таратылған заңды тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауы жөніндегі құжаттары; 12) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар бойынша салық міндеттемелерін орындау жөніндегі құжаттар; 13) бюджет кірісінің бірыңғай жіктемесін және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бөлу нормативтерін бекітуге бұйрықтар. 18. Салық берешегін өндіріп алу туралы салық органдарының инкассалық өкімдерінің есебі үшін салық органдарының инкассалық өкімдерін тіркеу журналы (N 35 қосымша) жүргізіледі. 19. Салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші (N 8 қосымша) бойынша есеп бөлімінің қызметкерлеріне үш күндік мерзімнен кешіктірмей салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы оның дербес шотынан көшірме (N 9 қосымша) беріледі. 20. Салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша есеп бөлімінің қызметкерлеріне үш күндік мерзімнен кешіктірмей талап еткен орынға көрсету үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша Салық төлеушінің (салық агентінің) есеп жағдайы туралы анықтама (N 11 қосымша) беріледі. Заңды тұлғада құрылымдық бөлімшелер болған кезде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) есеп жағдайы туралы анықтама заңды тұлғаның өзі тіркелген салық органына әрбір құрылымдық бөлімшеге жеке-жеке беріледі. Анықтама салық төлеуші (салық агенті) есепте тұрған салық органы басшысының қолы және мөрімен расталады. 2-бөлім. Дербес шоттарды жүргізу және жеке тұлғалардан салық жинау және олардың бюджетке түсімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын бақылау 5-тарау. Дербес шоттарды ашудың тәртібі 21. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, өсімақылар мен айыппұлдар бойынша салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық міндеттемелерін орындау есебін жүргізу үшін салық органдарында дербес шоттар ашылады. 22. Дербес шотты ашу кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректері негіз қызметін атқарады. 23. Дербес шоттар заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға үшін: - заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан орны бойынша; - қызметін жүзеге асыратын орны бойынша; - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және салық есептілігін беру орны бойынша Салық кодексінде белгіленген тәртіпте ашылады. Жеке тұлға үшін дербес шоттар: - тұрғылықты орны бойынша; - орналасқан және/немесе салық салу объектісін тіркеу орны бойынша; - кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын орны бойынша Салық кодексінде белгіленген тәртіпте ашылады. 24. Салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалар үшін дербес шоттар салық салу объектілерін есепке алу және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар берген мәліметтер және Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық органдарында мемлекеттік тіркеу немесе тіркеу есебіне қою кезінде резидент емес жеке тұлғалар беретін деректер негізінде ашылады. 25. Дербес шоттар мынадай резидент еместерге: 1) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар олардың болған орны бойынша салық органдарында; 2) төлем көзінен табыс салығы салынбайтын және дербес есептеу мен төлеуге тиісті Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын резидент емес жеке тұлғалар - олардың болған орны бойынша салық органдарында; 3) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - тұрақты мекеменің орналасқан орны бойынша салық органдарында; 4) меншік құқығында немесе Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарда салық салу объектілері Қазақстан Республикасында бар резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалар - салық салу объектілерінің орналасқан орны бойынша салық органдарында; 5) тәуелді агенттер арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместер (резидент еместер және қызметі резидент еместердің тұрақты мекемесін құратын резидент еместің атынан келісім-шарт жасау құқығы бөлінген өзге де резидент еместер) - тәуелді агент жеке тұлғалардың тұрғылықты (болған) орны бойынша, тәуелді агент заңды тұлғалардың орналасқан орны бойынша салық органдарында ашылады. Резидент емес болып табылатын заңды және (немесе) жеке тұлғалар тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырған жағдайда, дербес шоттар салық агенттерінің орналасқан орны бойынша салық органдарында салық агенттерінде ашылады. 26. Дербес шот бюджет кірісі жіктемесінің коды бойынша ашылады. 27. Дербес шоттар: олар салық органына есепке қабылданған сәттен бастап - салық төлеушіні (салық агентін) бастапқы есепке қойған; өткен жылғы дербес шоттан сальдоны көшіре отырып жаңа қаржы жылынан бастап болмаса салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу (қосып есептеу) және төлеу уақытынан бастап - салық төлеушіні (салық агентін) есепке қойған әр жылға ашылады. Өткен қаржы жылы үшін дербес шоттан көшірілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, өсімақылар, айыппұлдар берешек кезінде - (-) белгісімен, қайта төлеу кезінде - (+) белгісімен тиісті "Сальдо" деген бағандарда көрсетіледі. 28. Заңды тұлғалардың дербес шоттарында мынадай деректемелер көрсетіледі: 1) толық атауы; 2) СТН; 3) бюджет кірісінің жіктемесі бойынша салық (төлем) коды; 4) КМЖЖ, ЭҚЖЖ коды; 5) салық режимінің түрі; 6) қосылған құн салығын төлеуші ретінде (қосылған құн салығы бойынша дербес шот ашу кезінде) есепке қою туралы куәліктің нөмірі. 29. Жеке кәсіпкерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың дербес шоттарында мыналар көрсетіледі: 1) СТН; 2) аты-жөні; 3) бюджет кірісінің жіктемесі бойынша салық (төлем) коды; 4) КМЖЖ, ЭҚЖЖ коды; 5) салық режимінің түрі; 6) қосылған құн салығын төлеуші ретінде (қосылған құн салығы бойынша дербес шот ашу кезінде) есепке қою туралы куәліктің нөмірі. 30. Дербес шоттарды ашу, жүргізу, беру, жабу кезінде тіркеу деректерінен салық төлеушілер (салық агенттері) туралы қажетті ақпарат пайдаланылады. 31. Заңды тұлғалардың филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің дербес шоттарын ашу кезінде, жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа, қосымша заңды тұлғаның өзінің СТН көрсетіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |