<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926

 

Осы редакция  ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

  • Показать изменения

Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

  • Показать изменения

1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мемлекеттік басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң жұмыстарын жүзеге асыратын орган болып айқындалсын.

     3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi:
     зейнетақы жарналарына есеп жүргiзу;
  • Показать изменения

зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеу мәселелерi бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру;

  • Показать изменения

зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеудiң тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету болып айқындалсын.

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.24.  
              № 1059 қаулысымен. 

4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:

бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн;

1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн.

  • Показать изменения

6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.27. № 1030
              қаулысымен. 
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi