<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 11 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1376 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы
(ҚР Yкіметінiң 02.04.01 ж. № 430; 27.09.01 ж. № 1256;
20.02.02 ж. № 231; 03.04.02. № 397; 24.06.02 ж. № 690; 10.12.02 ж. № 1300;
10.06.03 ж. № 547;12.08.03 ж. № 802;21.08.03 ж. № 840;25.11.03 ж. № 1175;
08.04.04 ж. № 389; 23.11.04 ж. № 1227;21.12.04 ж. № 1352 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен)

Осы редакция  ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 398 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Yкіметінiң 02.04.01 ж. № 430; 27.09.01 ж. № 1256; 20.02.02 ж. № 231; 03.04.02. № 397 ;10.06.03 ж. № 547; 12.08.03 ж. № 802 (бұр.ред. қара); 25.11.03 ж. № 1175; 08.04.04 ж. № 389; 23.11.04 ж. № 1227; 21.12.04 ж. № 1352 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Жұмабеков  Оңалсын               -  Қазақстан  Республикасының
Исламұлы                            Әдiлет министрi, төраға;
Баймағанбетов Серік              -  Қазақстан  Республикасының
Нұртайұлы                           Әділет вице-министрі,
                                    төрағаның орынбасары;
Гамарник Геннадий                -  Қазақстан Республикасының
Николаевич                          Білім  және  ғылым бірінші
                                    вице-министрі;
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы     -  Қазақстан Республикасының  Парламентi
                                    Мәжілiсiнiң Аппараты Басшысының
                                    орынбасары (келісім бойынша);
Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы       -  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  iстер
                                    министрінің орынбасары;
Божко  Владимир                  -  Қазақстан  Республикасының
Карпович                            Ұлттық қауiпсiздiк Комитеті
                                    төрағасының бірiншi орынбасары
                                    (келісім бойынша);
  • Показать изменения

Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк

                                    және коммуникациялар бірiншi
                                    вице-министрi;
Орымбаев  Ардақ  Сиязбекұлы       -  Қазақстан  Республикасы       Табиғи
                                     монополияларды реттеу агенттігі
                                     төрағасының орынбасары;
Уақпаев  Марат  Сұлтанұлы        -  Қазақстан  Республикасы     Парламентi
                                    Сенатының Аппараты  Құқықтық  сараптама
                                    бөлiмiнiң  меңгерушiсi  (келісім бойынша);
  • Показать изменения

Ахметжанов Саян - Қазақстан Республикасының Қылышұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнің Заң бөлiмi

                                    меңгерушiсiнің орынбасары;
  • Показать изменения

Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Бауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары,

                                Комиссияның төрағасы;
  • Показать изменения

Ким - Қазақстан Республикасының Георгий Владимирович Әділет министрі, Комиссия төрағасының

                                орынбасары;
  • Показать изменения

Ушуров - Қазақстан Республикасы Игорь Арлиевич Премьер-Министрінің Кеңсесі

                                Заң бөлімінің меңгерушісі;
Дауылбаев                     - Қазақстан Республикасы Бас
Асхат Қайзоллаұлы               прокурорының орынбасары
                                (келісім бойынша);
  • Показать изменения

Елубаев - Қазақстан Республикасының Бауыржан Ысқақұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

                                төрағасының орынбасары
                                (келісім бойынша);
Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы    -  Қазақстан  Республикасының  Мәдениет,
                                 ақпарат және спорт бірiншi вице-министрi;
  • Показать изменения

Әмрин - Қазақстан Республикасының Ғұсман Кәрімұлы Қорғаныс вице-министрі;

Коржова                       - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна               Экономика және бюджеттік жоспарлау
                                вице-министрі;
Әмрин                         - Қазақстан  Республикасының
Асқар  Кемеңгерұлы              Қаржы   вице-министрі
Тәжияқов                      - Қазақстан Республикасының
Бейсенғали Шамғалиұлы           Ұлттық Банк төрағасының
                                орынбасары (келісім бойынша);
  • Показать изменения

Котлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Андрей Николаевич Министрінің Кеңсесі Басшысының

                                орынбасары;
  • Показать изменения

Андрющенко - Қазақстан Республикасының Индустрия Александр Иванович және сауда вице-министрі; Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Қоршаған

                                ортаны қорғау вице-министрi;
  • Показать изменения

Байжанов Ұлан Сапарұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

                                кiрiс вице-министрi, Комиссия мүшесi;
  • Показать изменения

Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және

                                минералдық ресурстар вице-министрi,
                                Комиссия мүшесi;
  • Показать изменения

Мырзадинов - Қазақстан Республикасының Iшкi Ерғали Серiкбайұлы iстер вице-министрi Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және

                                коммуникациялар вице-министрi;
Курбатов Владимир Николаевич  - Қазақстан Республикасының Iшкi  iстер
                                вице-министрi;
Лукин Андрей Иванович         - Қазақстан  Республикасының
                                Индустрия  және сауда вице-министрi;
Тасболатов  Абай              - Қазақстан  Республикасы   Қорғаныс
Бөлекбайұлы                     министрінің орынбасары;
Өмірәлиев Ербол               - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Жұмабайұлы                      Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің
                                орынбасары;
Ысқақов Нұрлан                - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әбділдаұлы                      ортаны қорғау вице-министрі;
Мұсайбеков Сәкен              - Қазақстан Республикасының Көлік  және
Жүнісбекұлы                   коммуникация вице-министрі

ҚР Yкіметінiң 21.08.03 ж. № 840 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара)

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;

2) алып тасталды

  • Показать изменения

3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жүктелсiн.

  • Показать изменения

4. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.

5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiнің барысын ай сайын қорытындыласын, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық заңдардың жай-күйiне шолуларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жiберiп отырсын;

уәкiлеттi мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

6. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар ?кіметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттік кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерістер мен толықтыруларды ?кіметпен келiспей енгізудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі Регламентiнiң 69-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.

7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қ. Тоқаев

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2000 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 1376 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі

ведомствоаралық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 690 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды жасаудан тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комиссияның мiндеттерi

ҚР Үкіметінің 27.09.01 ж. № 1256; 24.06.02 ж. № 690; 10.12.02 ж. № 1300; 21.08.03 ж. № 840 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ толықтырылды және өзгертілді

4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн талдау;

  • Показать изменения

Үкiметтiң Іс-қимыл бағдарламасын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу;

  • Показать изменения

заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;

  • Показать изменения

мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;

  • Показать изменения

Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;

  • Показать изменения

Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;

  • Показать изменения

Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу;

әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау;

  • Показать изменения

заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;

  • Показать изменения

заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

  • Показать изменения

заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу;

  • Показать изменения

кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комиссияның негiзгi құқықтары

5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес:

1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға;

2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгізуге;

3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;

4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

  • Показать изменения

6. Комиссияны Төраға басқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерi сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;

  • Показать изменения

2) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай, бірақ кемiнде тоқсан сайын бір рет өткiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша анықтайды және нақтылайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Комиссияның мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссияның Терағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2000 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 1376 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында

заң жобалау жұмысын ұйымдастыру

ережесi

  • Показать изменения

1. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес осы Ереже заң жобаларын әзiрлеушi - уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын, әдетте, Қазақстан Республикасының ?кіметі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi.

Қажеттi жағдайларда заң жобаларын әзiрлеудi Уәкiлеттi органдар өз бастамасы бойынша - олардың белгiленген құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заң жобасын әзiрлейтiн уәкiлеттi орган жобаны әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобын құрады немесе оны әзiрлеудi жұмыс тобының функцияларын орындайтын өзiнiң бір бөлiмшесiне тапсырады. Жобаны әзiрлеуге жобаны әзiрлейтiн органның заңгерлiк бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.

Жұмыс тобына қатысу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, сондай-ақ реттеуге ұсынылатын құқықтық қатынастар саласындағы мамандар мен ғалымдар шақырылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Егер заң жобалау жұмыстарының жоспарымен немесе заң жобасын әзiрлеу туралы тапсырмамен өзгеше белгiленбесе, Уәкiлеттi орган заң жобасын әзiрлеудi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарға немесе шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсыра алады.

  • Показать изменения

Уәкiлеттi орган балама жобаларды әзiрлеудi бір немесе бірнеше тұлғаға тапсыруға құқылы.

  • Показать изменения

Заң жобаларының сапасы, уақытылы әзiрленуi мен ұсынылуы үшiн Уәкiлеттi органдардың бірiншi басшылары жеке жауап бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау жұмыстарының жоспарларын және заң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды орындауын жалпы қадағалауды, олардың осы бағыттағы қызметiн әдiстемелiк басқаруды және сол үшiн қажеттi ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Заң жобасының мәтiнi әдеби тiлдiң, заң терминдерiнiң нормаларын, заң техникасының талаптарын және заңнамамен белгiленген өзге де талаптарды сақтай отырып әзiрленуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Заң жобасын әзiрлеу тиiстi салалар мен қоғамдық өмiр салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасы, Мемлекет басшысының Қазақстанның халқына Жолдауы, Конституциялық Кеңестiң жыл сайынғы жолдауының ережелерi мен Жоғарғы Соттың сот практикасы түсiндiрмелерi ескерiле отырып, жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 9 және 10-тармақ алынып тасталды

9. Заң жобаларына ғылыми сараптаманы қаралған жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер мен тиiстi жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi.

Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған адамдар тартылады.

Заң жобасы ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.

  • Показать изменения

Ғылыми сараптаманы жүргiзу бір немесе бірнеше сарапшыға (сарапшылық комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Заң жобасы бойынша әртүрлi мамандықтағы сарапшылар кешендi сараптама немесе әртүрлi дербес сараптамалар, қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда

11. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Егер заң жобасын келiсу кезiнде келісім берушi мемлекеттік орган Уәкiлеттi орган келiспейтiн ескертпелер жасаса, заң жобасы жөніндегі келiспеушiлiктер хаттамасын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия қарайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі түпкiлiктi шешiмдi Ведомствоаралық комиссия дайындаған ұсыным кезiнде шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Заң жобасын ?кіметтiң қарауына енгізу тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi белгiлейдi.