<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.12.04 Ж. № 1289 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан

Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы

  • Показать изменения

(ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 1398; 2005.01.03. № 179  қаулыларымен  енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша атқарылуға қабылдансын:

  • Показать изменения

кiрiстер бойынша - 1 128 444 762 мың теңге, оның iшiнде;

  • Показать изменения

салықтық түсiмдер - 984 195 003 мың теңге;

  • Показать изменения

салықтық емес түсiмдер - 36 992 617 мың теңге;

  • Показать изменения

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 12 248 627 мың теңге;

ресми трансферттердiң түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге;

  • Показать изменения

шығындар бойынша - 1 089 469 412 мың теңге;

  • Показать изменения

операциялық сальдо бойынша - 38 975 350 мың теңге;

  • Показать изменения

таза бюджеттік кредиттеу бойынша - 54 090 076 мың теңге, оның iшiнде:

  • Показать изменения

бюджеттік кредиттер - 64 512 908 мың теңге;

  • Показать изменения

бюджеттік кредиттердi өтеу - 10 422 832 мың теңге;

  • Показать изменения

қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо бойынша - 86 296 814 мың теңге, оның iшiнде:

  • Показать изменения

қаржы активтерiн сатып алу - 88 296 814 мың теңге;

  • Показать изменения

мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 000 000 мың теңге;

  • Показать изменения

республикалық бюджет тапшылығы бойынша - 101 411 540 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 1,7 пайыз;

бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша - 101 411 540 мың теңге, оның iшiнде:

  • Показать изменения

қарыздар түсiмдерi - 220 007 494 мың теңге;

  • Показать изменения

қарыздарды өтеу - 118 595 954 мың теңге.

2. 2-қосымшаға сәйкес қоса берiлiп отырған инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi бекітілсiн.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысының 4 және 5-бөлiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1) мыналарға:

су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалануға;

шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың апатты учаскелерiн күрделi жөндеуге және қалпына келтiруге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн;

ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 179 қаулысымен  2) -тармақша  өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:

тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;

өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға қаражат төлеу;

ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге қаражат төлеу;

  • Показать изменения

ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру;

екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау;

өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өндiрiсiн қолдау және рыногын дамыту шеңберiнде көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды бекітіп беру туралы шешiмдердi бекiтсiн.

6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына біржолғы материалдық көмек көрсету үшiн;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының темір жол көлiгiмен жылына бір рет ТМД елдерi бойынша жол жүруiн қамтамасыз етуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:

1) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесiп, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салу үшiн облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнiң тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредиттердi сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша бөлуi және оларды пайдалану тәртібі туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;

2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 008 "Мемлекеттік органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" бюджеттік бағдарламасын iске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың тiзбесi мен сатып алынатын техника саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн;

3) 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесiн және берешектер көлемiн айқындау туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;

4) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат ұсынсын.

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:

1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге;

2) жаңадан iске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;

3) арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге;

4) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердi Интернетке қосуға және олардың трафигiн төлеуге;

  • Показать изменения

5) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуға және жеткiзуге;

6) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға;

7) кәсiптiк бастауыш білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға;

8) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарында педагогикалық қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға;

  • Показать изменения

9) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.

9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:

1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға;

2) дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға;

3) жергiлiктi деңгейдегi қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

4) мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде кәсiптiк орта білім беру бойынша оқыту құнын ұлғайту жөніндегі шығыстарды өтеуге;

5) медициналық кадрлардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң біліктілігiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;

6) 5-жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

7) жүктi әйелдердi құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге;

8) азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерулерiн жүзеге асыруға;

9) жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.

10. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде электр энергиясы тапшылығын жабу және Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия беретiн ұйымдар өндiрген электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеу тәртібін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.

11. Жергiлiктi атқарушы органдар 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көзделген білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсiмдердi заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн.

12. Қоса берiлiп отырған:

3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың бірiншi және екiншi разрядтағы жұмысшыларының айлықақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн коэффициенттердiң мөлшерлерiн ұлғайтуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;

4-қосымшаға сәйкес ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;

5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың тiршiлiк ету объектілерін күрделi жөндеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;

5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттер;

6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына арнап облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн нысаналы даму трансферттерi;

7-қосымшаға сәйкес қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының бөлiнуi бекітілсiн.

13. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрлiктерiмен келісім бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде республикалық бюджеттен Алматы қаласының денсаулық сақтау және білім беру объектілерінiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн көзделген қаражаттың бөлiнуi туралы шешiмдердi бекiтсiн.

14. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

15. Құпия.

16. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 1289 қаулысына

1-ҚОСЫМША

2005 жылға арналған республикалық бюджет

   
  • Показать изменения
 Санаты                     Атауы                         Сомасы,    
   Сыныбы                                                мың теңге   
     Ішкi сыныбы                                                     
        Ерекшелiгi                                                   
    1                         2                              3       
     1         Салықтық түсiмдер                              984195003
       01     Табыс салығы                                  428244145
         1     Корпорациялық табыс салығы                     428244145
           01  Резидент заңды тұлғалардан алынатын
               корпоративтiк табыс салығы                     276180815
           02  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын        16546147
               корпоративтiк табыс салығы
           03  Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем       5025086
               көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
           04  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын,       27740097
               төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
               салығы
           05  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген    70829690
               тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
               тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
               салығы
           06  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген       82310
               тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
               төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
               тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
               салығы
           07  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген    31840000
               тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
               төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
               тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
               салығы
       05     Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер      495333410
              көрсетуге салынатын iшкi салықтар
         1     Қосылған құн салығы                            320564488
           01  Қазақстан Республикасының аумағында             79359288
               өндiрiлген тауарларға, орындалған
               жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
               салынатын қосылған құн салығы
           02  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын     133944290
               және импортталатын тауарларға салынатын
               қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
               Республикасының аумағына импортталатын
               тауарларға салынатын қосылған құн салығы
           04  Резидент емес үшiн қосылған
               құн салығы                                      20441960
           05  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын      85574250
               және импортталатын тауарларға салынатын
               қосылған құн салығы
           06  Ресей Федерациясы аумағынан шығарылатын және     1206129
               импортталатын тауарларға салынатын қосылған
               құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасы
               аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк
               құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесін-
               де жете есептелген қосылған құн салығы
           07  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын         38571
               және импортталатын тауарлардың кедендiк
               құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
               нәтижесiнде жете есептелген қосылған
               құн салығы
        2      Акциздер                                         9260692
           14  Қазақстан Республикасының аймағына импортта-          51
               латын этил спиртінің көлемдік үлесі 12
               процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
               ішімдіктер
           15  Қазақстан Республикасының аймағына импортта-           6
               латын шарап ішімдіктер
           29  Қазақстан Республикасының аумағына өндірілген
               шикі мұнай, газ конденсаты                        401065
           41  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       60199
               латын спирттiң барлық түрi
           42  Қазақстан Республикасының аумағына                183725
               импортталатын арақ
           43  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       63878
               латын күшті ликер-арақ өнімдері және басқа да
               күштi алкогольді сусындар
           44  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       86816
               латын шараптар
           45  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       35487
               латын коньяк
           46  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-        3990
               латын шампан шараптары
           47  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     2013064
               латын сыра
           48  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-        5067
               латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және
               этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30
               процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
               ішімдіктер
           50  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-      177562
               латын темекi бұйымдары
           55  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     1565444
               латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
               арнайы арналған, қолмен басқарылатын
               автомобильдерден басқа)
           60  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     4647030
               латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
           69  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-         119
               латын шикі мұнай, газ конденсаты
           70  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       17189
               латын тауарлардың кедендік құнына тәуелсіз
               сараптама жүргізу нәтижесінде жете есептелген
               акциздер
         3     Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны     164971233
               үшін түсетiн түсiмдер
           01  Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон     3683913
               байланысын көрсеткені үшін төлем
           02  Үстеме пайда салығы                             10948174