Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығы
(ҚР Президентінің 20.03.03 ж. № 1044; 21.06.03 ж. № 1138; 13.10.03 ж. № 1202;
14.04.04 ж. № 1348; 07.05.04 ж. № 1362; 03.08.04 ж. № 1415; 2005.31.03. № 1533
Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 8 енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерi мен орталық және жергіліктi мемлекеттік органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 132 Жарлығының;
2) "Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 87 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы
29 наурыздағы № 828 Жарлығымен
Бекiтiлген
Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және
мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының
Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның
келiсуімен тағайындалатын және бекітілетiн, оның ұсынуы