<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 30 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1355 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және
ұшырудың кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы

Осы редакция 2005 ж. 18 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінің және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгінiң ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру туралы ұсынысына (бұдан әpi - жоба) келісім берiлсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Мыналар Қоғам қызметінiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн:

1) радиожиілiк спектрінің радиомониторингі жүйесiн және азаматтық мақсаттағы радио сәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алу жүйесiн техникалық сүйемелдеу;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімдiлігiн қамтамасыз ету, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiне есептеулер жүргiзу және құралдық бағалау жөнiнде қызметтер көрсету;

3) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар таpaту аппараттарын әрi олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;

  • Показать изменения

4) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарының транспондерлерін ұсыну.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

Қоғам жарғысының бекітілуiн;

Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгiне Қоғам акциялары мемлекеттік пакетінiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөніндегі сатып алудың Қазақстан Республикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң жеткiзушiсi болып Ресей Федерациясының - "М.В. Хруничев атындағы ғылыми-өндiрiстiк орталық" федералдық мемлекеттік бiртұтас кәсiпорны (бұдан әрi - Жеткiзушi) белгiленсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі 2004 жылғы 5 қаңтарға дейiн Телекоммуникациялық спутнигiн жасауға және бірге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару мен байланыс мониторингi жүйесi кешенiн геостанциялық орбитаға жеткiзуге арналған келісім-шартқа (бұдан әрi - Келісім-шарт) техникалық тапсырманы дайындасын және оны Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі ұсынған техникалық тапсырманың негiзiнде "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) Жеткiзушiмен Келісім-шарт жасасуын;

  • Показать изменения

Қордың "Қазсат" акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Қазсат" АҚ) құруын;

  • Показать изменения

Келісім-шарт бойынша Қордың құқықтары мен мiндеттемелерiнiң "Қазсат" АҚ-ға берiлуiн қамтамасыз етсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп 2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыруға, оның iшiнде Қордың байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөніндегі шығындарды өтеуге қаражат бөлiнуi туралы мәселенi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзсiн.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен жұмыстарды орындаудың бiрiншi кезеңiнен бастап Қоғамның тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi ықтимал жеткiзушiнiң Келісім-шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауын техникалық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

  • Показать изменения

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

  • Показать изменения

"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-52-жолмен толықтырылсын:

 21-52                   Ғарыштық байланыс және  радиоэлектронды  құралдардың  электр
                         магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" АҚ"
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:

  • Показать изменения

"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-жолмен толықтырылсын:

     278 "Ғарыштық  байланыс  және  радиоэлектронды  құралдардың  электр
          магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" АҚ

12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

13. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов