<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.06.04. № 310 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

“Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысы

(2005.06.09. берілген толықтырулармен)

 

Осы редакция 2005 ж. 22 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi туралы ереже және оның құрылымы;

  • Показать изменения

8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi;

  • Показать изменения

9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;

  • Показать изменения

10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;

  • Показать изменения

11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;

  • Показать изменения

12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;

  • Показать изменения

13) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекітілсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мыналарға:

ҚР Yкіметiнiң 2005.06.09. № 899 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің төрт, орынбасары болуына;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының екі, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болуына;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi төрағасының екi орынбасары болуына;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитеті төрағасының екi, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болуына;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi төрағасының екі, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болуына рұқсат берілсiн.

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

  • Показать изменения

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 6 сәуірдегі

№ 310 қаулысымен

бекітілген

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы

ереже

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) қойылған мiндеттердi тиiмдi шешу үшiн басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын және өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен жүктелген функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:

  • Показать изменения

1) мемлекеттің аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларын, реттелетiн саладағы, атап айтқанда ауыл, балық және су шаруашылығы, өсiмдiктер мен жануарлар әлемiнiң өсiмiн молайтуды және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды, ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық рыногын реттеу, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнiмдер мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеу бөлiгiнде өңдеу өнеркәсiбiн, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (iрiсiнен басқа), агроөнеркәсіп кешенiн техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жердi суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерiн қалыптастыру және iске асыру;

  • Показать изменения

2) бәсекеге қабілеттi ауыл шаруашылығы тауары өндiрiсiн құрудың негізiн жасау, Қазақстан Республикасының азық-түлiктік қауiпсiздiгі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

3) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін қоспағанда, реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

4) агроөнеркәсіп кешенiн ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Министрлiк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президенттiң және ?кіметтің кесiмдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң органдары және банктерде шоттары болады.

  • Показать изменения

Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар iстерi комитетi.

  • Показать изменения

Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

  • Показать изменения

Министрлiктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Министрлiк қабылдайтын шешімдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Министрлiктiң толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесi.

  • Показать изменения

Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары, мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ветеринариялық бақылау бекеттерi бар шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi болады.

  • Показать изменения

Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберіледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары

 

  • Показать изменения

10. Министрлiк мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мынадай стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

1) мемлекеттің аграрлық және өңiрлiк саясатын, реттелетiн саладағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзiрлейдi, қалыптастырады және үйлестіредi;

  • Показать изменения

2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлейдi, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын бiлдiредi, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етедi, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделi ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты және реттелетін сала мәселелерi бойынша халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысуды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, реттелетiн сала мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтік және әдiстемелiк құжаттарды, құжаттама нысандарын әзiрлейдi, бекiтедi және келiседi;

  • Показать изменения

4) табиғи ресурстарды қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты түрде пайдалану жөніндегі iс-шараларды әзiрлейді;

  • Показать изменения

5) ауылдық аудандарға және елдi мекендерге инвестициялар жiберу үшiн елдi мекендердiң, жекелеген өңiрлердiң экономикалық перспективалылығын анықтауға негiзгi өлшемдердi айқындайды;

  • Показать изменения

6) ауыл халқын оңтайлы қоныстандырудың схемасын әзiрлейдi;

  • Показать изменения

7) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлейді;

  • Показать изменения

8) реттелетін салада ғылыми кадрлар мен мамандар даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

9) көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде тұқым шаруашылығы саласындағы аттестаттаудан өткен субъектiлер үшiн субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрi бойынша жыл сайынғы квотаны белгiлейдi;

  • Показать изменения

10) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды бекiтедi;

  • Показать изменения

11) көрсетілген мақсаттарға бюджетте көзделген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әрбір түр бойынша және әрбір субъект тұрғысында субсидиялауға жататын сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квоталарын белгiлейдi;

  • Показать изменения

12) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген Селекциялық жетiстіктердiң мемлекеттік тiзілімiн және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;

  • Показать изменения

13) астық қолхаттарының нысандарын, оларды берудiң, айналымының және өтеудiң тәртібін бекiтедi;

  • Показать изменения

14) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемдерiн болжайды;

  • Показать изменения

15) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне мемлекеттік тiркеу, көрсетiлген көлiк құралдарын және тiркемелердi, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын тұлғаларға тiркеу жүргiзудiң және есепке алудың тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

16) тиiсті құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік техникалық байқау жүргізудің тәртібін белгілейдi;

  • Показать изменения

17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi басқару құқығына емтихандар қабылдаудың және куәлiктер берудiң тәртібiн белгілейдi;

  • Показать изменения

18) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметінiң бақылауындағы жүктерді тасымалдауды (өткiзудi) жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

19) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негiзiнде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесiп карантиндік шаралар әзiрлейдi;

  • Показать изменения

20) аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметi туралы үлгілік ереженi, жолдаманың үлгілiк нысанын бекiтедi;

  • Показать изменения

21) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекiтедi;

  • Показать изменения

22) балықтың бекiре түрінің уылдырығы саудасына арналған марканың нысанын бекiтедi;

  • Показать изменения

23) ауыз сумен қамтамасыз етудің баламасыз көздерi болып табылатын сумен қамтамасыз етудiң аса маңызды топтық жүйелерінен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су және ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің құнына субсидия берудiң тәртібін әзiрлейді;

  • Показать изменения

24) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік стандарттар әзiрлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Министрлiк мемлекеттік саясатты iске асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

1) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, мемлекеттің аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларды, реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды iске асырады;

  • Показать изменения

2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, сусындарды (алкоголь өнiмi мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлігіндегi өңдеу өнеркәсiбi саласындағы өнiмдердi, былғары (илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеудiң бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ауыл шаруашылығы машиналарын (iрiсiнен басқа) жасауды дамыту, астық рыногын реттеу жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша мемлекеттік тiркеу, қолдау және есеп беру жөніндегі iс-шараларды үйлестірудi жүзеге асырады; ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың қызметiн және аграрлық ғылымды басқарудың ұйымдық құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар, реттелетiн саладағы ғылыми зерттеулердiң iргелi және қолданбалы бағдарламаларын әзiрлейдi және қалыптастырады;

  • Показать изменения

4) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асырады;

  • Показать изменения

5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiн жүргiзедi;

  • Показать изменения

6) ауыл шаруашылығы бейінiндегі ғылыми зерттеу ұйымдарының және тәжiрибелiк кәсiпорындардың ғылыми зерттеулер бағдарламаларын орындау қызметiне әдiстемелiк басшылықты және үйлестірудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

7) реттелетiн салада білім тарату және ғылыми әзiрлемелердi енгізу тетіктерiн жасайды;

  • Показать изменения

8) агроөнеркәсiп салаларының дамуына мониторинг және талдау жасайды және мүдделi мемлекеттік органдарға ақпарат бередi;

  • Показать изменения

9) ведомстволық бағыныстағы тәжiрибелiк-эксперименталдық кәсiпорындардың өндiрiстiк қызметiн талдауды, оларды дамыту және реформалау перспективаларын әзiрлеудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

10) Қазақстан Республикасының шетелдермен және халықаралық ұйымдармен жасасқан Министрлiктiң құзыретіне кiретін мәселелер бойынша жоғарғы және үкiметаралық деңгейдегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткiзiлген халықаралық шарттар мен уағдаластықтар бойынша қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

11) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

12) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оны қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру көлемiмен теңгерімділіктi қамтамасыз ету мақсатында iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы ахуалды зерттейдi;

  • Показать изменения

13) аса қауiптi аурулармен ауыратын жануарларға алдын алу, диагностика және емдеу жөніндегі ветеринариялық iс-шараларды жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

14) жануарлардың аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг ұйымдастырады және эпизоотиялық жағдайды зерделейдi;

  • Показать изменения

15) республикалық меншiктегi тұрған ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне және мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асырады;

  • Показать изменения

16) асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік кiтабын, асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тiзiлiмiн және өндiрiсте пайдалануға рұқсат берілген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзілiмiн жүргізедi және басып шығарады;

  • Показать изменения

17) бекiтілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң есебін жүргізеді;

  • Показать изменения

18) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстіктердi сынауды және сапасын анықтауды жүргiзедi;

  • Показать изменения

19) карантиндiк объектілердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнiмдi зарарсыздандыру жөнінде iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

20) аса қауiптi зиянкес организмдерге және карантиндiк объекттерге қарсы күресуге арналған пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасайды;

  • Показать изменения

21) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша үлестіреді;

  • Показать изменения

22) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша зиянды және аса қауiпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық іс-шаралар, пестицидтерді зарарсыздандыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастырады; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзудегi қызметін, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыстар ұйымдастырады және үйлестiредi;

  • Показать изменения

23) фитосанитариялық есеп жүргізуді және есеп берудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

24) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантиндік объекттердiң болуы және олардың таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын жасайды;

  • Показать изменения

25) селекциялық жетістiктердiң патенттік қабілеттiлiгiне және шаруашылық пайдалылығына сараптама мен сынақ ұйымдастырады және жүргізеді;

  • Показать изменения

26) субсидия беруге жататын тұқымдарды сатудың шектi бағасын аттестатталған тұқым өндiрушілер үшiн белгiленген квоталардың шегiнде белгiлейдi;

  • Показать изменения

27) сорттардың оригинаторларын тіркейді;

  • Показать изменения

28) республиканың тұқым ресурстары мониторингін жүзеге асырады;

  • Показать изменения

29) астық рыногының мониторингін жүргiзедi;

  • Показать изменения

30) астық пен тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

31) реттелетiн саладағы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу жөнiндегі iс-шараларды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

32) ақпараттық-консультациялық орталықтар құруды, көрме-жәрмеңкелер өткiзудi және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілердiң өнiмiн жарнамалауды, оқыту семинарларын, соның iшiнде қазiргi заманғы аграрлық технологияларды таратуды, мамандандырылған жинақтар, журналдар, тақырыптық басылымдар шығаруды, жұмыс iстеп тұрған мамандандырылған ұйымның базасында қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар енгізудi және дамытуды қоса алғанда, агроөнеркәсiп кешенiнiң бірыңғай ақпараттық-консультациялық жүйесiн қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

33) ДСҰ-ға кіру жөнiнде келiссөздер жүргізу үшiн агроөнеркәсiп кешенiнiң мәселелерi бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

34) ауыл шаруашылығы кредит серiктестіктерiнiң жүйесiн дамыту, агроөнеркәсiп кешенi субъектілерiнiң кредит ресурстарына қол жеткiзуiн жақсарту үшiн жағдай жасайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Министрлiк мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

1) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн саладағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды, хаттамалар жасайды және нұсқамалар бередi;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда лицензиялауды, аттестаттауды, лицензиялардың, сертификаттардың, куәлiктердiң, аттестаттардың және рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұруды, қайтарып алуды, берудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) тиiсті құжаттар мен мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттік тiркеудi, көрсетiлген көлiк құралдарын және тiркемелердi, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тiркеудi және есепке алуды жүргізеді;

  • Показать изменения

5) тиiстi құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік техникалық байқау жүргiзедi;

  • Показать изменения

6) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдердi, өздiгінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi басқару құқығына емтихандар қабылдайды және куәлiктер бередi;

  • Показать изменения

7) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн бір жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат береді;

  • Показать изменения

8) тұқым шаруашылығы саласында астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

9) астық пен тұқымның мемлекеттік ресурстарының сақталуына, сандық-сапалық жай-күйiне бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

10) бірегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге сатылған арзандатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;

  • Показать изменения

11) ветеринариялық препараттардың партияларын (серияларын), приборларды, аспаптарды, азықтарды және азықтық қоспаларды жарнамалау кезiнде олардың сапасын анықтауды, тiркеу сынақтарын, бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

12) жаңа ветеринариялық препараттарға, приборларға, аспаптарға, азықтар мен азықтық қоспаларға қорытындылар және тiркеу куәлiктерін бередi;

  • Показать изменения

13) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтан өткiзудi және мемлекеттік тiркеудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

14) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн бередi;

  • Показать изменения

15) өсiмдіктердi қорғау және олардың карантинi бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

16) әкелiнетiн және әкетілетiн карантинге жатқызылған өнiмнiң өндiрілген аумағы мен орнын, сондай-ақ жіберілетін пунктін ескере отырып карантиндiк тексерiс, зертханалық сараптама және фитосанитариялық сертификаттау жүргізеді;

  • Показать изменения

17) интродукциялық-карантиндік питомниктердегi импорттық карантинге жатқызылған өнiмдi карантиндік объектілермен және бөтен тектес түрлермен жасырын зақымданудың болуына тексеру ұйымдастырады;

  • Показать изменения

18) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттарының негiзiнде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесiп әзiрленген карантиндік шараларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

19) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық, карантиндiк сертификаттар мен импорттық карантиндік рұқсаттар береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Негізгі мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін Министрлiктiң заңнамада белгіленген тәртіппен:

  • Показать изменения

1) Министрлiкке жүктелген міндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;

  • Показать изменения

2) аграрлық азық-түлiк секторы үшiн салық, кеден-тариф және қаржы-кредит саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

  • Показать изменения

3) мүдделі тұлғаларға реттелетiн саладағы нормативтік құқықтық кесімдер туралы ақпарат беруге;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өзiнiң иелiгіндегі мемлекеттік мүлiкке иелік етудi және пайдалануды жүзеге асыруға;

  • Показать изменения

5) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн сала мәселелерi жөніндегі заңнамаларын жеке және заңды тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен олардың бақылау объектiлерiне кедергiсiз кіруге;

  • Показать изменения

6) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн саладағы заңнамасын бұзудың анықталған фактілерін жою туралы жеке және заңды тұлғаларға нұсқамалар шығаруға;

  • Показать изменения

7) ерекше жағдайларда соттың шешiмiнсiз көрсетiлген мерзiмде мiндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, жеке кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қызметін үш күннен аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға немесе тыйым салуға;