<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1997 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 126-I ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік
әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-I Заңы

(2004.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция  2005 ж. 15 желтоқсандағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

1 тарау. Жалпы ережелер

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтiк

  • Показать изменения

жәрдемақылар алуға құқығы

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

  • Показать изменения

3. Бір мезгiлде әртүрлi мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.

  • Показать изменения

4. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне кiредi және мүгедектiгiне, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты оларды алуға мұқтаж азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгiл-мезгiл төлеп тұруы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар

  • Показать изменения

1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі орталық атқарушы орган.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлға.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - Орталықтың аумақтық бөлiмшелерi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат

Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртібі

  • Показать изменения

1. Жәрдемақылар тағайындау үшiн өтiнiш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейiн, қандай да бір мерзiммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн құжаттар қоса тiркеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Жәрдемақы тағайындау үшiн құжаттарды қарау өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмнен аспауға тиiс.

  • Показать изменения

Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.

Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган бас тарту себебiн жазбаша дәлелдеп, өтiнiш берушiге құжаттарын қайтаруға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4-бап. Жәрдемақының бір түрiн екiншiсiне ауыстыру

  • Показать изменения

Жәрдемақының бір түрiн екiншiсiне ауыстыру жәрдемақы алушы адамның жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға барлық қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берген күннен бастап жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Жәрдемақының бір түрiнен екiншiсiне ауыстыру туралы өтiнiш беру, құжаттарды қарау, шешiм қабылдау тәртібі, сондай-ақ осындай жәрдемақыны төлеу осы Заңның 3-бабының 2 - 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi

  • Показать изменения

1. Жасына байланысты жәрдемақы сондай жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады.

  • Показать изменения

3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бірақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн.

  • Показать изменения

4. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның өтiнiштi барлық қажеттi құжаттармен бірге қабылдаған күнi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берiлген күн болып есептеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 05.04.99 ж. № 366-1 ; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртібі

  • Показать изменения

1. Жәрдемақылар аяқталған ай үшiн төленедi.

  • Показать изменения

2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бірақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi.

  • Показать изменения

3. Жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органдардың кiнәсi бойынша уақытында алынбаған жәрдемақылар сомасы қандай да бір мерзiммен шектелмей, өткен уақыт үшiн бір мезгiлде төленедi.

  • Показать изменения

3-1. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерiне не жерлеудi жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленедi.

  • Показать изменения

4. Жәрдемақыларды алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу

1. Жәрдемақылардан ұстап қалу атқару iсi тәртібімен жүргiзiлуi мүмкiн.

2. Жәрдемақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргiзiледi.

3. Жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 процентiнен артық ұстап қалуға болмайды.

4. Жәрдемақыны тағайындайтын және төлейтiн органның кiнәсi бойынша жәрдемақы түрiнде артық төленген сомалар ұстап қалуға жатпайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2 тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары

1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.

2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына - жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады.

  • Показать изменения

3. Мүгедек адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып қайта қаралады.

4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 21.03.2002 № 308 Заңымен 9-бап жана редакцияда; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9-бап. Мүгедектік топтары

  • Показать изменения

Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

  • Показать изменения

Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақытты жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган анықтайды.

  • Показать изменения

Мүгедектікті куәландыру тәртібін, оның себептерін, топтарын және еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін анықтауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органмен келісе отырып белгілейді.

 
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 21.03.02 ж. № 308 ; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді

  • Показать изменения

10-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы тағайындау мерзiмi

  • Показать изменения

1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiктiң жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Мүгедектiк тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектiк тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Қайта куәландырылушы еңбекке қабiлеттi деп танылған жағдайда жәрдемақы еңбекке қабiлеттi деп танылған күнге дейiн төленедi.

  • Показать изменения

3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға ол үшiн тағайындалған мерзiмде жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға келмесе, оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын мерзiм үшiн қайта басталады.

  • Показать изменения

Дәлелдi себептер бойынша қайта куәландыру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, төлем тоқтатылған күннен бастап, егер жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган оны осы кезең үшiн мүгедек деп таныса, қайта куәландырылған күнге дейiн, бірақ әрi кеткенде 3 жылдан аспайтын мерзiм үшiн жүргiзiледi. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезiнде мүгедек адам мүгедектiктiң басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, аталған уақыт үшiн жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленедi.

  • Показать изменения

Егер жалпы аурудың салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтқан мүгедекке жәрдемақы төлеу еңбек қабiлетiнiң қалпына келуi себептi тоқтатылса немесе ол қайта куәландыруға дәлелдi себепсiз келмеуiнiң салдарынан жәрдемақы алмаса, оны кейiннен мүгедек деп таныған жағдайда бұрын тағайындалған жәрдемақыны төлеу, жәрдемақы төлеу тоқтатылғаннан кейiн 5 жылдан аспайтын уақыт өткен жағдайда, мүгедектiк анықталған күннен бастап жаңартылады. Егер 5 жылдан астам уақыт өтсе, жәрдемақы жалпы негiздерде қайта тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 ; 2004.31.12 № 28-III (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен 11-бап өзгертілді

11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары

Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге:

  • Показать изменения

1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бірiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар

1-1) бала кезiнен мүгедектер;

2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;

  • Показать изменения

3) әскери қызмет мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызмет борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедектiкке душар болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi қоспағанда), Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан мүгедектер;

  • Показать изменения

4) әскери қызметтен өту кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедектiкке душар болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi қоспағанда), қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедектiкке душар болған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қатарынан шыққан мүгедектер;

5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 21.03.2002 № 308-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда

ҚР 09.01.03 ж. № 382-II ; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.31.12 № 28-III (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен 12-бап өзгертілді

  • Показать изменения

12-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi

  • Показать изменения

1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:

  • Показать изменения

бірiншi топтағы мүгедектерге - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн 10 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - айлық есептiк көрсеткiш);

  • Показать изменения

екiншi топтағы мүгедектерге - 7,5 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

үшiншi топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 7 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

бала кезiнен бірiншi топтағы мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

бала кезiнен екiншi топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

бала кезiнен үшiншi топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгі біріншi топтағы мүгедек балаларға - 10 айлық есептiк көрсеткіш;

  • Показать изменения

он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi екiншi топтағы мүгедек балаларға - 8 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгі үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 6 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:

  • Показать изменения

бірiншi топтағы мүгедектерге - 12 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

екiншi топтағы мүгедектерге - 9,5 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

үшiншi топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.

  • Показать изменения

3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:

     бірiншi топтағы мүгедектерге - 16 айлық есептiк көрсеткiш;
     екiншi топтағы мүгедектерге - 11 айлық есептiк көрсеткiш;
  • Показать изменения

үшiншi топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.

  • Показать изменения

4. Жұмыс iстейтiн жәрдемақы алушыларға мүгедектiгi бойынша жәрдемақы толық мөлшерiнде төленедi.

  • Показать изменения

5. Егер Орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң сол санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн жеткiзiлген тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3 тарау. Асыраушысынан айырылу жағдайы

бойынша жәрдемақы

ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары

1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.

2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:

  • Показать изменения

1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;

2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;

  • Показать изменения

3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың біреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi;

4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.

  • Показать изменения

3. он сегіз жастан асқан оқитын азаматтар асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы орта білім беру жүйесiнде, жоғары және арнаулы орта білім беру жүйесiнiң күндiзгi оқу нысанында оқу орнын бiтiргенге дейiн, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.

4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.

  • Показать изменения

5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне (асырап алушыға, қамқоршысына) төленедi.

  • Показать изменения

6. Осы Заңның қайтыс болғандардың отбасына қатысты барлық ережелерi, егер бұл фактiлер сот тәртібімен белгiленген болса, тиiсiнше хабар-ошарсыз кеткендердiң немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасына да қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең

  • Показать изменения

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесi осы Заңның 13-бабына сәйкес еңбекке жарамсыз деп саналатын бүкiл кезеңге, ал "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау

  • Показать изменения

1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне ортақ бір жәрдемақы тағайындалады.

2. Отбасы мүшесiнiң талап етуi бойынша оның жәрдемақы үлесi бөлiнедi және оған жеке төленедi.

3. Жәрдемақының үлесiн бөлу оны бөлуге өтiнiш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.

4. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылған отбасы мүшелерiнiң саны өзгерген кезде жәрдемақының мөлшерi жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейтiледi немесе азайтылады.

  • Показать изменения

5. Отбасының мүшелерiнiң біреуiне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған немесе жәрдемақы төлеудi тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар өткеннен кейiн оны төлеу қайта басталған жағдайларда да жәрдемақы мөлшерiн нақ солайша қайта қарау белгiленедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 ; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2004.31.12 № 28-III (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен 16-бап өзгертілді

  • Показать изменения

16-бап. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақының мөлшерi

  • Показать изменения

1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 12 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бір мүшесi болған кезде жәрдемақы 5 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесiне 4,3 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесiне 3,5 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесiне 2,8 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

бесеу болған кезде - 2,3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.

  • Показать изменения

Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелерi болған кезде әркiмге арналған жәрдемақының мөлшерi он екі еселенген айлық есептiк көрсеткiштен бірдей үлес ретiнде есептеледi.

  • Показать изменения

3. Ата-аналарының екеуiнен де айрылған жағдайда балаларға (тұлдыр жетiмдерге) айлық жәрдемақы әрбір балаға - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелерiне - 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелерiне 15 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде тағайындалады.

  • Показать изменения

4. Қызмет мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскер қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесiне бір айлық есептiк көрсеткiшке, бірақ отбасының барлық мүшелерiне 15 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.

  • Показать изменения

5. Егер отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнiң Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне отбасының осы еңбекке жарамсыз мүшелерi үшiн белгiленген жәрдемақының мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша төлем түрiнде жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4 тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары

  • Показать изменения

Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған жағдайда "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы төлемiн зейнетақының ең төмен мөлшерiнен аз мөлшерде алған жағдайда Орталықтан, жинақтаушы Зейнетақы қорларынан тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18-бап. Жасына байланысты әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi

  • Показать изменения

1. Жасына байланысты айлық жәрдемақы 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Зейнеткерлiк жасқа жеткен және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудi жүзеге асырған азаматтарға жасына байланысты айлық жәрдемақы заң актілерінде белгiленген зейнетақының ең төменгi мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша төлем түрiнде берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

19-бап. Халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

20-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер

1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылып келген заңдар бойынша әлеуметтiк зейнетақылар, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебiнен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн iс жүзiнде алып келген зейнетақыларының мөлшерiнен кем емес мөлшерде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төленедi.

2. Аталған жәрдемақыларды төлеу осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21-бап. Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша,

асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және

жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк

жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртібі

  • Показать изменения

Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi