<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2004 Ж. 6 ШІЛДЕДЕГІ № 573-II ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты
қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы

 

Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпарат процестеріне негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары;

  • Показать изменения

2) ақпарат берушiнің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметi - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерiнен алынған мәлiметтердi ресiмдеу (өңдеу), сақтау және кредиттiк бюроға беру жөніндегі іс-әрекеттері;

  • Показать изменения

3) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарт - осы Заңда көзделген шарттарда және тәртiппен кредиттік бюро мен ақпарат берушi арасында жасалатын шарт;

  • Показать изменения

4) ақпарат - кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылар беретiн, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз түріндегі жеткізушiлердегi кредиттік тарих субъектілерiне қатысты мәліметтер;

  • Показать изменения

5) кредиттік тарих - кредиттiк тарих субъектiсi туралы ақпарат жиынтығы;

  • Показать изменения

6) кредиттік бюро - кредиттiк тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер берудi және өзге де қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын коммерциялық ұйым;

  • Показать изменения

7) кредиттiк есеп - кредиттік тарихтағы ақпаратты толық немесе iшiнара беру нысаны;

  • Показать изменения

8) кредиттік есепті алушы - кредиттік есептi алуға құқығы бар тұлға;

  • Показать изменения

9) ақпарат беруші - кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

10) кредиттік есепті беру - кредиттік бюроның кредиттік тарихтағы ақпаратты беру жөніндегі қызметi;

  • Показать изменения

11) жазбаша ұйғарым - анықталған кемшiлiктердi белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндеттi түзету шараларын қолдану туралы кредиттік бюроға нұсқау;

  • Показать изменения

12) кредиттік тарих субъектiсінiң келісімі - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес ресiмделетiн, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге не өзі туралы кредиттік есептi басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты;

  • Показать изменения

13) кредиттік тарих субъектiсi - өздерiне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

14) уәкілеттi орган - қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

15) шартты және ықтимал міндеттемелер - орны жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер, вексельдер мен кепілгерлiктер;

16) кредиттiк тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне

  • Показать изменения

қатысушылар - кредиттiк тарих субъектілерi, ақпарат берушілер, кредиттiк бюролар, кредиттік есептердi алушылар;

  • Показать изменения

17) кредиттік тарихты қалыптастыру - кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегi іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері

Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) кредиттiк тарих субъектiсi келісімiнің болуы;

2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі;

3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану;

4) ақпараттың құпиялылығы;

5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және

  • Показать изменения

кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу,

бақылау мен қадағалау

4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

  • Показать изменения

1. Кредиттiк бюролардың қызметiн және кредиттiк тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

  • Показать изменения

2) кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне инспекциялау (тексерулер) жүргiзу;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларға жазбаша ұйғарымдар жiберу;

  • Показать изменения

5) кредиттiк бюроларға (және олардың лауазымды адамдарына) санкциялар қолдану;

  • Показать изменения

6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды және мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын уәкілеттi мемлекеттік орган осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, ақпараттық қызметтер көрсету рыногында ақпарат берушілердiң, кредиттiк бюролардың және кредиттiк есептердi алушылардың (кредиттік тарих субъектiлерiн қоспағанда) қызметiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. Мемлекеттік органдардың кредиттік бюролар, ақпарат берушілер қызметі, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi

  • Показать изменения

1. Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану мәселелерi бойынша:

  • Показать изменения

1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртібінiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);

  • Показать изменения

2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімiн ресімдеу тәртібі туралы;

  • Показать изменения

3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртібі туралы;

  • Показать изменения

4) кредиттiк бюроларды лицензиялаудың және инспекциялаудың шарттары мен тәртібі туралы нормативтiк құқықтық актілер қабылдайды.

  • Показать изменения

2. Уәкiлетті орган ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті мемлекеттік органмен келiсе отырып, кредиттiк тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесс, үй-жайларға, электрондық және өзге де жабдыққа, оларды сертификаттауға, ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге ең төмен талаптар белгiлеу, кредиттiк тарихтың деректер базасының қорғалуын және сақталуын ұйымдастыру, сондай-ақ кредиттік бюролардың аталған талаптарды орындауына бақылау жүргiзу мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру

және тоқтату

  • Показать изменения

6-бап. Кредиттiк бюролар және олардың құрылтайшылары

  • Показать изменения

1. Кредиттiк бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалар бойынша кредиттік бюролар құрылады және жұмыс iстейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Кредиттік бюро қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны уәкілеттi орган өзі белгілеген тәртiппен бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi

1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:

  • Показать изменения

1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi өткізу;

2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткізу;

3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;

  • Показать изменения

4) кредиттік тарих субъектiлерiнің кредит қабілеттілiгiн олар әзiрлеген әдiстеме негiзiнде жүзеге асырылатын бағалау;

  • Показать изменения

5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Кредиттiк бюроларға кредиттік тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптар

Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:

1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;

2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;

  • Показать изменения

3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Лицензия алуға қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдерi

  • Показать изменения

1. Лицензиат кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға:

  • Показать изменения

1) лицензия беру туралы өтiнiш;

  • Показать изменения

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің нотариат куәландырған көшiрмесiн;

  • Показать изменения

3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн;

  • Показать изменения

4) уәкiлетті орган кредиттік бюроның қызметін қамтамасыз етуге қоятын шарттарға лицензиаттың сәйкестiгiн растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат беруге мiндеттi.

  • Показать изменения

2. Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-бaп Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту

  • Показать изменения

Кредиттiк бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес субъектiлердiң осы санаты үшiн тыйым салынған белгілi бір қызмет түрі жүзеге асырылған;

  • Показать изменения

2) осы Заңның 9-бабында көзделген талаптар сақталмаған;

  • Показать изменения

3) өтiніш берушіге қатысты оның қызметтің осы түрiмен шұғылдануына соттың тыйым салған шешімі болған жағдайларда бас тартылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдары бұзылған жағдайда уәкiлетті орган кредиттiк бюроға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарым жiберуге құқылы.

2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:

1) әкiмшілік айыппұл салу;

  • Показать изменения

2) кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;

  • Показать изменения

3) лицензияны қайтарып алу туралы талап-арызбен сотқа жүгiну шараларын қолдануға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

  • Показать изменения

1. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуы:

  • Показать изменения

1) осы Заңның 8-бабында белгiленген талаптардың сақталмауы;

  • Показать изменения

2) лицензия беруге негіздеме болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуiнің анықталуы;

  • Показать изменения

3) уәкілеттi органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзушылықтарды жою жөніндегі жазбаша ұйғарымын орындамау сияқты негіздемелердiң бiрi бойынша алты айға дейiнгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттік бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметтi қоспағанда, оның қызметiн жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

  • Показать изменения

Мұндай шешiм кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткiзілген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрды деп саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13-бап. Кредиттік бюроның лицензиясын қайтарып алу

  • Показать изменения

Уәкiлеттi орган мынадай негіздемелердiң бiрi бойынша:

  • Показать изменения

1) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұруына негiз болған себеп жойылмаса;

  • Показать изменения

2) лицензияның қолданылуы соңғы он екі айдың iшiнде бiрнеше рет тоқтатыла тұрса;

  • Показать изменения

3) лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;

  • Показать изменения

4) лицензиаттың кәсіпкерлік қызметi тоқтатылса;

  • Показать изменения

5) лицензиат лицензия алу кезiнде көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттiк бюроның лицензиясын қайтарып алу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау

1. Кредиттік бюроның құжаттары мен ақпаратын, соның ішінде, кредиттік тарихтың деректер базасына енгiзiлетiн құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібін кредиттiк бюро айқындайды.

  • Показать изменения

2. Кредиттік бюро соңғы ақпаратты алған күннен кейiн он жыл бойы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15-бап. Кредиттiк бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату

  • Показать изменения

Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату аяқталғаннан кейiн кредиттiк бюроның кредиттiк тарихының деректер базасын кредиттік бюро ретіндегі қызметке уәкiлеттi басқа заңды тұлғаларға беру (иелiктен шығару) үшін заңды негіздемелер болмаған жағдайда ол жойылуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне

қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары

Кредиттiк бюро:

  • Показать изменения

1) ақпарат берушiлермен ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;

  • Показать изменения

2) ақпарат берушiлерден кредиттiк тарих субъектiсін өзі туралы мәліметтердi кредиттік бюроларға беруге келiсімін алғаны туралы растауды, сондай-ақ кредиттiк тарихты қалыптастыратын толық әрi анық ақпарат берудi талап етуге;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;

4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері

  • Показать изменения

Кредиттік бюро:

  • Показать изменения

1) кредиттiк тарихты қалыптастыруды жүзеге асыруға;

  • Показать изменения

2) кредиттiк тарих субъектiсiнің келісімiн алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi беруге;

  • Показать изменения

3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтағы ақпаратты ашуға жол бермеуге;

  • Показать изменения

4) егер алушыға берiлген кредиттiк есепте, кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгi салдарынан, ақпарат берушілер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болған жағдайда, кредиттік бюроның ішкi құжаттарында көзделген тәртіппен кредиттік тарих субъектісіне түзетiлген кредиттiк есептi беруге;

  • Показать изменения

5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi табыс етуге;

  • Показать изменения

6) кредиттiк есептi беру туралы сауал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi беруден бас тартуға;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметi туралы есеп жүргізуге және есептiлiк табыс етуге;

  • Показать изменения

8) тиiстi негіздемелер болған кезде қайта ресiмделуге немесе нақтылануға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;

  • Показать изменения

9) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;

  • Показать изменения

10) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шартта көзделген жағдайларда ақпарат берушiнiң ақпаратты жібергені үшін шығындарын өтеуге;

  • Показать изменения

11) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шартта белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18-бап. Ақпарат берушілер

1. Мыналар:

  • Показать изменения

1) банктер және ломбардтар мен кредиттiк серiктестiктердi қоспағанда, қарыз операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар);

2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындар;

  • Показать изменения

4) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.

2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөніндегі қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері

1. Ақпарат берушi:

1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушілер:

  • Показать изменения

1) кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроға табыс етуге келісiмін алуға;

  • Показать изменения

2) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарт жасасуға;

  • Показать изменения

3) осы Заңда және ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептердi алу туралы шарттарда айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;

4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;

  • Показать изменения

5) кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;

  • Показать изменения

6) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;

  • Показать изменения

7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:

1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;

  • Показать изменения

2) егер шартта өзгеше көзделмесе, кредиттік тарих субъектiлерi туралы өздерiнде бар ақпаратты кредиттiк бюроларға ақылы негізде бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20-бап. Кредиттік есептi алушы

1. Мыналар:

  • Показать изменения

1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;

  • Показать изменения

2) жүйелендiрiлген белгілерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

3) кредиттiк тарих субъектiсi кредиттiк есептi алушылар болып табылады.

  • Показать изменения

Ақпаратты өзге тұлғаларға беруге жол берілмейдi.

  • Показать изменения

2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарт жасасқаннан кейiн кредиттiк есептердi алушылар ретiнде кредиттiк бюрода тiркелуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері

1. Кредиттiк есептi алушы:

1) кредиттiк есептi алуға;

2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк тарих субъектiсi күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзi туралы бір кредиттiк есептi тегiн алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:

  • Показать изменения

1) кредиттiк тарих субъектiсi туралы кредиттiк есептi алуға оның келісімiн алғандығы туралы растауды кредиттік бюроға табыс етуге;

2) кредиттiк есептi алушы ретiнде тiркелген кезде оларға табысетiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлауға;

3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшiншi тұлғаларға жария етпеуге;

4) кредиттiк есептегi ақпаратты осы Заңның 26-бабында көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;

5) кредиттiк тарих субъектiсiнің талабы бойынша оны кредиттiк есептiң мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес кредиттiк есептiң көшiрмесiн беруге;

6) кредиттiк бюроның кредиттiк есептi беру жөнiнде көрсететiн қызметiне ақы төлеуге;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары

Кредиттiк тарих субъектiсi:

  • Показать изменения

1) ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк бюроға өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келісім беруге;

2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келісім беруге;

3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;

4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;

5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;

6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;

  • Показать изменения

7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру

23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары

  • Показать изменения

1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер осы Заңда көзделген ақпаратты барлық кредиттiк бюроларға бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң келісімi болған жағдайда осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушілер кредиттiк бюроларға ақпарат беруге мiндетті.

  • Показать изменения

Олардың кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептердi алу жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындар кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі уәкiлеттi органмен келiсе отырып айқындайтын тәртіппен және жағдайларда кредиттiк бюроларға ақпарат бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Берушiлер кредиттiк бюроға ақпаратты электрондық жеткізушімен береді. Ақпаратты қағаз түрiндегі жеткізушімен беру жағдайлары кредиттік бюроның ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Ақпарат берушілер кредиттiк тарих субъектілерінің өздері туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға табыс етуге алған келісімдерін есепке алуды жүргізедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз түріндегі жеткізушiмен табыс етуге келісімiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.