<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 11.02.99 Ж. № 344-1 ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Өсімдіктер карантині туралы 1999 ж. 11 ақпандағы № 344-1
Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  1-тарау. Жалпы ережелер                                     (1 - 4 баптар)
  2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы                   (5 - 9 баптар)
           мемлекеттік реттеу                                                   
  3-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы                   (10 - 14 баптар)
           мемлекеттік бақылау                                                 
  4-тарау. Дауларды шешу және Өсімдіктер карантині            (15 - 16 баптар)
           жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік                      
     5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды       (17 - 18 баптар)
               қаржыландыру
  6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы                   (19 - 21 баптар)
           халықаралық ынтымақтастық                                          
 
  • Показать изменения

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) импорттық карантиндiк рұқсат - Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгiлейтiн шарттарда карантинге жатқызылған өнiмдi Республикаға әкелуге, сондай-ақ оның транзитiне рұқсат беретiн құжат;

  • Показать изменения

2) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантиндi объектiлердiң және басқа да ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттiктер;

  • Показать изменения

3) карантиндi аймақ - карантиндi объектiнiң анықталуына байланысты белгiленген тәртiппен карантинге жатқызған деп жарияланған аумақ;

  • Показать изменения

4) карантиндiк шара - Республика аумағына карантиндi объектiлердiң енуiн немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсiм;

  • Показать изменения

5) карантиндi объект - бекітілген Карантиндiк түрлер тiзбесiне сәйкес зиянкес, өсiмдiктердiң ауруын қоздырғыш немесе өсiмдiктерге және өсiмдiк өнiмiне айтарлықтай зиян келтiруі мүмкiн, Республика аумағында жоқ немесе шектеулi таралған арамшөп;

  • Показать изменения

5-1) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;

  • Показать изменения

6) өсiмдiктер карантинi (фитосанитариялық қорғау) - Республиканың өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмiн карантиндi объектiлердiң басқа мемлекеттерден, сондай-ақ Республиканың карантиндi аймағынан әкелiнуiнен және енуiнен қорғауға, ал олар таралған жағдайда - олардың таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;

  • Показать изменения

7) өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын өсiмдiктер карантинi жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтар талаптарының орындалуын тексеру қызметi;

  • Показать изменения

7-1) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, карантиндік объектілердің ену, орнығу мен таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін ғылыми негізделген бағалау;

  • Показать изменения

8) карантиндi объектiнiң ошағы - карантиндi объект анықталған және карантиндiк шаралар жүзеге асырылуға тиiс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;

  • Показать изменения

9) карантинге жатқызылған өнiм - өздерi арқылы карантиндi объектiлердi таратуы мүмкiн кез келген материалдар (жүктер);

  • Показать изменения

9-1) өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындар - Қазақстан Республикасының Үкiметі құратын, қызметі мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру құқығынсыз карантиндік объектілердiң ошақтарын анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік кәсiпорындар;

  • Показать изменения

9-2) уәкiлеттi орган - өсiмдiктер карантинiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалардың сақтауына карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

10) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;

  • Показать изменения

11) фумигациялық отрядтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның және шекаралық пункттері мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдарының ұйғарымдары бойынша карантинге жатқызылған өнімді газбен дезинсекциялау әдiсiмен залалсыздандыруды жеке және заңды тұлғалардың өтiніштерi бойынша орындайтын өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың бөлiмшелерi;

  • Показать изменения

12) бөтен тектi түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулi экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін насеком, өсімдік ауруларын қоздырушы және арамшөп түрi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы заңдар

  • Показать изменения

Өсiмдiктер карантинi жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi

Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) Республика аумағын шет елдерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;

  • Показать изменения

2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Республиканың олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;

  • Показать изменения

3) өсiмдiктер карантинi саласындағы заңдар мен белгiленген ережелердiң сақталуына және Республика аумағында өсiмдiктер карантинi жөніндегі шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылау жасау.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру принциптерi

  • Показать изменения

Республика аумағында өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) Республиканың азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұpy мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

2) өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңдарды мемлекеттік реттеу, мемлекеттік бақылау және олардың бұзылуы үшiн жауапкершiлiк;

3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;

  • Показать изменения

4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттік басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөніндегі шараларды орындауға белсене қатысуы;

  • Показать изменения

5) тиiстi шарттар негiзiнде өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы

мемлекеттік реттеу

ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

5-бап. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын органдар

  • Показать изменения

1. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметі, уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

  • Показать изменения

2. Уәкiлеттi орган туралы ереженi, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ережелердi (бұдан әрi - Өсiмдiктер карантинi жөніндегі ережелер) және қарсы күрес жүргiзу ісi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.

  • Показать изменения

3. Уәкiлеттi органның және шекаралық пункттерi мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдарының өсімдiктер карантинi бойынша бақылауды тiкелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары өсiмдiктер карантинi жөніндегi мемлекеттік инспекторлар болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.

  • Показать изменения

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

  • Показать изменения

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес белгілеген біліктілік талаптарына сай келетін азаматтардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттер инспектор қызметiн атқаруға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

6-бап. Өсiмдiктер карантинін қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiне:

  • Показать изменения

1) уәкiлеттi мемлекеттік орган және шекаралық пункттерi мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдары;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы ?кіметінің шешімi бойынша құрылатын мемлекеттік карантиндiк мекемелер - республикалық, аймақтық және шекаралық карантиндiк зертханалар, жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер;

  • Показать изменения

3) фитосанитариялық зертханаларымен және фумигациялық отрядтарымен қоса алғанда, өсiмдiктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындар енедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18.02.02 ж. № 293-II ; 03.07.03 ж. № 463-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Уәкілетті органның құзыретi

  • Показать изменения

1. Уәкілетті орган:

  • Показать изменения

1) өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік шаралар белгiленiп, жүзеге асырылатын Карантиндi объектiлер тiзбесiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2-1) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;

  • Показать изменения

2-2) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

  • Показать изменения

3) өсiмдiктер карантинi саласындағы нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды белгiленген тәртiппен әзiрлейдi, бекітеді;

  • Показать изменения

4) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

4-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою үшін қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жүргізеді;

  • Показать изменения

4-2) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;

  • Показать изменения

4-3) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;

  • Показать изменения

5) әкелiнетiн және әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерін, баратын пунктiн, сондай-ақ карантиндiк объектiлерден бос немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, карантиндiк тексерудi, зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізедi;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі заңдарына сәйкес карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар береді және олардың орындалуын бақылайды;

  • Показать изменения

7) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктердегі карантинге жатқызылған импорттық өнімнің карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын тексеруді ұйымдастырады;

  • Показать изменения

7-1) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантиндік объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрады;

  • Показать изменения

8) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, халықаралық нормалар мен ұсыныстар талаптарын ескере келе, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми принциптері негiзiнде карантиндiк шараларды әзiрлейдi және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.

  • Показать изменения

9) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;

  • Показать изменения

10) халықаралық ұйымдарда өсімдіктер карантині мәселелері бойынша Республиканың мүдделерін білдіреді;

  • Показать изменения

11) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

2. Уәкілетті орган өз қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.

  • Показать изменения

3. Уәкілетті орган мен оның аумақтық органдарының өз өкілеттіктері шегінде қабылданған шешімдері лауазымды адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

  • Показать изменения

4. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкілетті органның өзіне жүктелген міндеттерді шешуіне жәрдемдесуге міндетті.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7-1-бап. Мемлекеттік карантиндік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құзыреті

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік карантиндік мекемелер:

  • Показать изменения

1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды;

  • Показать изменения

2) себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.

  • Показать изменения

2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:

  • Показать изменения

1) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтайды;

  • Показать изменения

2) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды жүргізеді;

  • Показать изменения

3) карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды, соның ішінде фумигациялауды жүргізеді.

  • Показать изменения

Бұл ретте, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында тізіп көрсетілген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияның аясына жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 29.11.99 ж. № 488-I; 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 8-бап өзгертілді

8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары

  • Показать изменения

Карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының:

  • Показать изменения

1) карантинге жатқызылған , сондай-ақ, тиiстi халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа елдер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негiзiнде ғылыми негiздеме жеткiлiксiз болған жағдайда жүктер мен объектілерді тексеріп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру ісін жүргізу кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық (карантиндік) сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе шет елден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кідіртіп қоюға;

  • Показать изменения

1-1) басқа мемлекеттерден әкелінетін, өзінің фитосанитариялық жай-күйі туралы мәліметтер зерттелмеген карантинге жатқызылған өнімге қатысты уақытша карантиндік шаралар қолдануға (енгізуге);

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заң нормаларының орындалуын және Өсімдіктер карантині жөніндегі ережелердің сақталуын тексеру мақсатымен барлық меншік нысанындағы ұйымдарға кедергісіз баруға және оларға тексеру жүргізуге, өз өкілеттігін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;

  • Показать изменения

3) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға;

  • Показать изменения

4) жеке және заңды тұлғаларға карантиндi объектiлер ошақтарында және көлiкте қажет шаралар жүргiзу туралы талаптар қоюға;

  • Показать изменения

5) өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңдардың бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;

  • Показать изменения

6) Өсiмдiктер карантинi жөніндегі ережелердi бұзушылықты жойғанға дейiн жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға және тыйым салуға құқығы бар.

  • Показать изменения

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салуды немесе оны тоқтата тұруды уәкілетті органның лауазымды адамдары сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.

Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды уәкілетті орган органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.

Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне сот шешімінсіз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға карантиндік объектілер анықталған ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзімде сотқа табыс ету міндеттеліп, аталған мерзімге рұқсат етіледі. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 8-1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры

  • Показать изменения

1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

  • Показать изменения

2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады .

  • Показать изменения

3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Өндiрiстiк қызметi карантинге жатқызылған өнiмге байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi

  • Показать изменения

Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар:

  • Показать изменения

1) осы Заңның талаптарын, Өсiмдiктер карантинi жөніндегі ережелердi және тиiстi карантиндiк шараларды өткізу туралы уәкілетті органның ұйғарымдарын орындауға;

  • Показать изменения

2) Уәкілетті орган инспекторларының талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;

  • Показать изменения

3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткізу үшiн ұсынуға;

  • Показать изменения

4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 9-1-бап өзгертілді. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

  • Показать изменения

астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

  • Показать изменения

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:

  • Показать изменения

1) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;

  • Показать изменения

2) темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), базарлардағы, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының карантиндік іс-шаралар өткізуін ұйымдастырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы

  • Показать изменения

мемлекеттік бақылау

  • Показать изменения

10-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

  • Показать изменения

Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру уәкілетті органға жүктеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 11-бап өзгертілді

  • Показать изменения

11-бап. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды

  • Показать изменения

жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

  • Показать изменения

Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтетуге құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

12-бап. Өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау объектiлерi

  • Показать изменения

Өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау объектiлерi мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) ауыл шаруашылық, орман және сәндiк дақылдарының тұқымдары мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi басқа да кез келген өнiм;

2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;

  • Показать изменения

З) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары;

4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түpі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi;

  • Показать изменения

5) өсiмдiк тектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер.

  • Показать изменения

6) базарлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, пристаньдар, почта байланысы ұйымдары.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; 03.07.03 ж. № 463-II Заңдарымен 13-бап өзгертілді және толықтырылды

  • Показать изменения

13-бап. Карантинге жататын өнiмдi әкелу мен әкету тәртібі

  • Показать изменения

1. Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантин шаралары туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.

  • Показать изменения

Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.

  • Показать изменения

2. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету ережелері мен нормаларына сәйкес жабдықталған шекаралық фитосанитариялық пункттері мен постылары бар өткізу пункттерінде ғана рұқсат етіледі.

  • Показать изменения

Карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз әкелуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Карантинге жататын өнiмге арналған кеден құжаттары фитосанитариялық бақылаудан өткiзiлген соң ресiмделедi.

  • Показать изменения

Егер басқа елдердiң карантин шаралары, егер олар Республикада қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, танылады.

2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:

  • Показать изменения

1) уәкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспортқа шығаратын елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;

  • Показать изменения

2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;

  • Показать изменения

3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен қоса;

  • Показать изменения

4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

3. Карантинге жататын өнiм транзитiне Қазақстан Республикасының уәкілетті органның келісімi бойынша рұқсат етіледi.

  • Показать изменения

4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық органдары беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге - фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының ішінде - карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.

  • Показать изменения

5. Карантинге жататын өнiмдi, жүктердi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекетаралық шарттары мен заңдарына сәйкес және соларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.