<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.01.04 Ж. № 34 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Иондаушы сәулелендіру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және
иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын
анықтау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 13 қаңтардағы № 34 қаулысы

Осы редакция 2006 ж. 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

"Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қoca берiлiп отырған:

1) Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi;

2) Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi бекітілсiн.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы № 1788-XII қаулысын жүзеге асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 18, 223-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

5-тармақ алынып тасталсын;

6-тармақта:

екiншi абзацтағы "Радиацияның әсерi салдарынан зардап шеккен адамдардың ауруға шалдығу себептерi соған байланысты екенiн" деген сөздер "Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi абзацтағы "ядролық сынаққа байланысты болған" деген сөздер "иондаушы сәулелендiру әсеріне байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі бiр ай мерзiмде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 13 қаңтардағы

№ 34 қаулысымен бекітілген

Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi

1. Иондаушы сәулелендiру әсерiне тiкелей байланысы бар аурулар:

1) жітi және созылмалы сәулелiк аурулар;

2) сәулелiк катаракта;

3) сәулелiк дерматит және күйiктер;

4) сәулелiк гипотиреоз;

5) сәулелiк аутоиммундық тиреоидит.

2. Қатерлi жаңа өскiндер:

1) жiтi лейкоз;

2) созылмалы лейкоздар және миелодиспластикалық синдром (созылмалы лимфолейкозды қоспағанда);

3) қатерлi лимфомдар;

4) қомақты қатерлi жаңа өскiндер (өкпе, қалқанша безi, сүт безi обыры, несеп-жыныс жүйесiнiң, асқазан-iшек қолдары мен гепатобиллиарлық жүйенiң қатерлi iсiктерi және тағы басқалар).

3. Жалпы соматикалық аурулар:

1) қалқанша безi аурулары (аутоиммундық тиреоидит, диффуздық түйiндi зоб);

2) қан және қан өндiру жүйесi аурулары (агранулоцитоз, гипопластикалық және апластикалық анемия);

3) жүрек-қан тамыры жүйесi аурулары (жүректiң ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру);

4) сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық және жарақаттану генезiнен басқа).

4. Туа бiткен аурулар және даму кемiстiктерi:

1) олигофрения;

2) микроцефалия;

3) алдыңғы бас сүйектiң және сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң даму кемiстiктерi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 13 қаңтардағы

№ 34 қаулысымен бекітілген

Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын

анықтау ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрленген және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау тәртібiн регламенттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасы халқының иондаушы сәулелендiру әсерi бар ауруларының себептiк байланысын сараптауды иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау жөніндегі орталық және өңірлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерi (бұдан әрi - орталық және өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерi) жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган құрады.

Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң құрамын мүдделi мемлекеттік органдардың келісімi бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiн құрудың орындылығын айқындайды, олардың құрамы мен өкiлеттiктерiн бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Орталық және өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiнiң қорытындылары радиациялық әсермен байланысты мүгедектiктiң (өлiмнiң) себебiн айқындау кезiнде халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi үшiн негiз болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң иондаушы сәулелендiру

әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау тәртібі

6. Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын қарау үшiн азаматтар өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiне мынадай құжаттар ұсынады:

1) өтiнiш;

2) денсаулық жағдайы жазылған, аурудың басталған уақыты, өршу жиiлiгi, клиникалық және зертханалық зерттеулердiң нәтижелері көрсетiлген медициналық құжаттаманың көшiрмесiн;

3) уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамсыздығы туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн;

4) еңбек кiтапшасының, iссапарға жiберу туралы бұйрықтардың, iссапар куәлiгiнiң көшiрмелерiн (радиациялық қатерлi аймақта жұмыс iстегендер үшiн);

5) тұратын жерiнiң радиологиялық бағытын (жұмысын, оқуын, Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы қызметiн) ескере отырып, тиiмдi мөлшерi туралы анықтаманың көшiрмесiн;

6) радиациялық қатерлi аймаққа кiргiзiлген жерлерде тұратынын (жұмысын, оқуын, Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы қызметiн) растайтын өзге де қолда бар құжаттардың көшiрмелерiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi сәулеленудiң клиникалық және зертханалық деректерiнiң, тиiмдi мөлшерiнiң шамасы мен сипатының негiзiнде иондағыш сәулелердiң әсерi бар аурулардың байланысын қарайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi ұсынылған құжаттарды бiр айдың iшiнде қарайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ресiмделедi және оған төраға қол қояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi қарағаннан кейiн үш күннiң iшiнде азаматтарға сараптама қорытындысын жiбередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi жарты жылдықтың қорытындысы бойынша орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiне өзiнiң қызмет туралы есеп бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысына орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнде алған сәттен бастап бiр ай iшiнде шағым жасалуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң иондаушы сәулелендiру

әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау тәртібі

13. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесi өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң шешiмiмен келiспеген жағдайда азаматтардың арыздарын қарайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Азаматтардың арыздарын қарау үшiн орталық ведомствоаралық сараптама кеңесi өңірлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiнен медициналық құжаттаманың түпнұсқаларын сұратады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бiр рет өткізiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган белгiлеген нысан бойынша ресiмделедi және оған төраға қол қояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысына заңнамада белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қорытынды ереже

18. Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың тiзбесiне кiрмейтiн аурулар жөніндегі құжаттар орталық және өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiнде қаралмайды.