<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Осы редакция 2006 ж. 16 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен

  • Показать изменения

Бекiтiлген

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1. Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негiзгi мiндеттерi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, оның iске асырылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

  • Показать изменения

Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Комитет өз құзыретінiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күші бар төрағаның бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Комитеттің штат санының лимитін және құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Комитеттің заңды мекен-жайы:

  • Показать изменения

473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi" мемлекеттік мекемесi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комитеттiң функциялары және құқықтары

10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:

ҚР Үкіметінiң 2005.27.05. № 522 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:

өз құзыретінiң шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету және қорғау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын толықтыруды, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;

бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;

бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы халықаралық шарттардың ережелерiн iске асыру;

мемлекеттік салалық стандарттарды, нормативтік-техникалық құжаттаманың техникалық шарттарын енгiзудi қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпарат құралдарында республиканың жалпы ұлттық мемлекеттік даму стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасына шет елдегi оның тарихы жөніндегі мұрағаттық құжаттарды жинақтауды және қайтаруды ұйымдастыру;

ведомстволық мұрағаттар жұмысын және iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастыруды салааралық ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елдерге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою;

баспа және полиграфия қызметiнiң, мұрағат iсi және iс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйiн талдау;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын шығаруды, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның және азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалануды ұйымдастыру;

құжаттардың, мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы ұйымдастыру;

мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының жергілiктi мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;

мұрағаттану, құжат iсiн жүргiзу және археография саласында мұрағат органдары мен мекемелерінің ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмысын ұйымдастыру және үйлестiру;

Комитеттің құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

газет-журналдық, дыбыс-бейне және өзге де отандық және шетелдiк ақпарат өнiмдерiн талдауды жүзеге асыру;

Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық желi және дерекқор құру жөнiндегі жұмысты жүргiзу;

Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

мұрағат құжаттарын аса құнды және бiрегей құжаттарға жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшiрмелерiн жасау мен сақтау тәртібін айқындау;

  • Показать изменения

жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға арналған конкурстар өткізу жөніндегі  комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

телевизия және радиохабарларын таратудың, баспа және полиграфия кәсiпорындарының, республикалық мұрағат мекемелерiнiң мемлекеттік желісін басқару жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды жүргiзу;

Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;

сақтау мерзiмi бар құжаттардың ведомстволық тiзбелерiн, мұрағат iсi мен iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi жөніндегі салалық стандарттарды, нұсқаулықтар мен оқу бағдарламаларын келiсу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкiметінің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету;

ҚР Үкіметінiң 2005.27.05. № 522 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететiн функциялар:

  • Показать изменения

бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерiн қорғау және пайдалану жөніндегі, баспа және полиграфия қызметi саласындағы баспа өнiмiнiң сапасына бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйіне және құжаттардың сақталуына мемлекеттік инспекциялауды жүргізу;

бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына лайықталғандарды да есепке қоюды жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлiктiң күшін жою (күші жойылды деп тану) туралы шешiм қабылдау;

  • Показать изменения

телевизия және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру;

заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы деректi ескерткiштердi жинауға, Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге арнайы рұқсат беру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшін Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) Комитеттiң құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға;

2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмдi басылымдардың және кiтап өнімдерінің бақылау даналарын тегiн алуға;

4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн мұрағат iсi және іс қағаздарын жүргізудің жай-күйі мәселелерi бойынша тыңдауға;

5) өз құзыретi шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комитеттiң мүлкi

12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады және оған берiлген мүлiктi пайдалану және иелiк ету құқығын жүзеге асыра алады.

Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерімінде көрсетiлген өзге де мүліктен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлік республикалық меншікке жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билік жүргізуге құқығы жоқ.

Комитетке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргiзу құқығы берiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Комитет қызметiн ұйымдастыру

  • Показать изменения

15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Төрағаның, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орынбасарлары болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және өзiне жүктелген міндеттердің орындалуы және функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Осы мақсатта Комитет төрағасы:

1) өз орынбасарларының және Комитет құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкілеттіктерi және мiндеттерiн айқындайды;

2) Комитет қызметкерлерiн заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) өз құзыретінің шегiнде Комитеттiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi орындауға мiндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің келісімi бойынша Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi білдiредi;

6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;

7) өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19. Комитетте консультативтік-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның сандық және жеке құрамын төраға айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20. Комитет жанынан:

1) Мұрағат iсi және құжаттама саласындағы ғылыми проблемаларды қарау жөніндегі кеңес;

2) Ұлттық мұрағат қорының көздерi мен құрамы және құжаттардың құндылығын сараптау туралы мәселелердi қарау үшiн Орталық сараптау-тексеру комиссиясы;

3) Әдiстемелiк кеңес;

4) Әлеуметтік маңызы бар әдебиетті қалыптастыру жөніндегі сараптама комиссиясы жұмыс iстейдi.

Комитет жанындағы кеңес пен комиссиялар туралы ережелердi, олардың құрамдарын Комитет төрағасы бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетiнiң

құрылымы

1. Басшылық

2. Бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы:

  • Показать изменения

2.1. электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингi бөлiмi;

  • Показать изменения

2.2. бұқаралық ақпараттың баспа құралдарының мониторингi бөлiмi.

3. Лицензиялау және есепке алу басқармасы:

  • Показать изменения

3.1. есепке алу бөлiмi;

  • Показать изменения

3.2. лицензиялау және телекоммуникациялар бөлiмi.

  • Показать изменения

4. Баспа қызметi басқармасы:

4.1. баспа бағдарламаларын қалыптастыру бөлiмi;

4.2. кiтап өнiмдерi сапасының мониторингi және бақылау бөлiмi;

4.3. ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету бөлiмi.

5. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы:

  • Показать изменения

5.1. мұрағаттар қызметiн ұйымдастыру және инспекциялау бөлiмi;

  • Показать изменения

5.2. мемлекеттік iс жүргiзудi және ведомстволық мұрағаттардың жұмысын реттеу, бақылау бөлiмi;

  • Показать изменения

5.3. мұрағаттық технологиялар және ақпараттық қызметтер бөлiмi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және

  • Показать изменения

спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат

комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың

тізбесi

ҚР Үкiметінiң 2005.01.03. № 183 ; 2005.20.09. № 928 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді

 

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар

  • Показать изменения

1. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ.

  • Показать изменения

2. "Хабар" Агенттігi" АҚ.

  • Показать изменения

3. "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ.

  • Показать изменения

4. "Казахстанская правда" республикалық газетi" АҚ.

  • Показать изменения

5. "Қазақ газеттерi" ЖАҚ.

  • Показать изменения

6. "Жас өркен" ЖШС.

  • Показать изменения

7. "Жалын" журналы" ЖШС

  • Показать изменения

 8. "Қазбаспасөз" ААҚ.

  • Показать изменения

9. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" АҚ.

 

Мұрағат iсi саласындағы ұйымдар

  • Показать изменения

10. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік орталық мұрағаты" ММ.

  • Показать изменения

11. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазбалар Орталық мемлекеттік мұрағаты" ММ.

  • Показать изменения

12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағаты" ММ.

  • Показать изменения

13. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардың деректi материалдарын шағынфотокөшіру және қайта жаңарту орталық зертханасы" ММ.

  • Показать изменения

14. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжат жүргізу және мұрағат iсi жөніндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" ММ.

  • Показать изменения

14.1 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы" ММ.

 

Баспа және полиграфия ұйымдары

  • Показать изменения

15. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 928 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 928 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17. "Қарағанды полиграфиясы" АҚ.

  • Показать изменения

18. "Қазақ энциклопедиясы" ЖАҚ.

  • Показать изменения

19. "Елорда" баспасы" PMK.

  • Показать изменения

20. "Баспалар үйi" АҚ.

  • Показать изменения

21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" ММ.