<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.04.02. № 103 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл
комитетінің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4
ақпандағы № 103 қаулысы

Осы редакция 2006 ж. 16 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

  • Показать изменения

2. Қоса беріліп отырған:

  • Показать изменения

1) Комитет туралы ереже;

  • Показать изменения

2) Комитеттің құрылымы;

  • Показать изменения

3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.

  • Показать изменения

3. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзілсiн:

  • Показать изменения

1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:

  • Показать изменения

1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақта:

2) тармақшада:

  • Показать изменения

бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын;

он екінші абзац алынып тасталсын;

3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

  • Показать изменения

"Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:

реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына:

  • Показать изменения

көрсетiлген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

  • Показать изменения

"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген 1-бөлімде:

  • Показать изменения

"Тілдерді дамыту комитеті 25" деген жолдағы "Тілдерді дамыту комитеті" деген сөздер "Тіл комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.

5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт

министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тiл комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыреті шегінде iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ өз құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негiзгi мiндеттерi тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады,

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бap.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Комитет өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар төрағаның бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Комитеттің штат санының лимиті мен құрылымын Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Комитеттің заңды мекен-жайы:

473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінің Тiл комитеті" мемлекеттік мекемесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:

1) мыналарды:

тілдердi қолдану мен дамыту бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ету;

тiлдердi дамыту сапасындағы бiртұтас мемлекеттік саясат қызметін ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

терминология және ономастика комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;

Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіру;

тіл туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру, тіл туралы заңнаманы бұзуға кiнәлi лауазымды тұлғаларға тәртiптiк жазалар шараларын қолдану туралы тиiстi органдарға ұсыныстар енгізу жөнiндегі тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар;

2) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау-қадағалау функциялары.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Комитеттiң негізгі міндеттерi мен функцияларын iске асыру үшін заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) өз құзыретiнің шегiнде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан тілдерді дамыту саласындағы заңнаманың, Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнiнде ақпарат сұратуға және алуға;

2) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық кесiмдер шығаруға;

3) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшілік жаза қолдануға;

5) тiлдердi дамыту саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

6) жеке және заңды тұлғалар тiлдер туралы заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен және негiздерде сотқа шағымдануға;

7) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

8) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тiл саясаты мәселелерi бойынша тыңдауға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комитеттiң мүлкі

12. Комитеттің республикалық меншiкке жататын жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктің есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитет теңгерімiнде көрсетiлетiн өзге де мүліктен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Комитеттің өзiне бекітілген мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге да тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде өзiне берiлген мүлікті басқаруды жүзеге асыру құқығы берiлген.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

  • Показать изменения

14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Төрағаның бiр орынбасары болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Осы мақсатта төраға:

1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегiнде бұйрықтар шығарады;

5) Комитеттiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ереженi бекітеді;

6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;

7) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Комитет төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және

  • Показать изменения

спорт министрлігі Тіл комитетінің құрылымы

  • Показать изменения

1. Басшылық

2. Тілдердi дамыту және нормативтiк-лингвистикалық проблемалар басқармасы:

2.1. Нормативтiк-лингвистикалық проблемалар бөлімі;

2.2. Ономастика және терминология бөлiмi;

2.3. Тілдердi дамыту бөлiмi;

3. Талдау және ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы:

3.1. Тiл бағдарламаларының iске асырылу мониторингi және талдау бөлiмi;

3.2. Әкiмшілiк-қаржылық қамтамасыз ету бөлiмi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және

  • Показать изменения

спорт министрлігі Тіл комитетінің

қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

  • Показать изменения

"Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.