Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығы
(2005.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерi мен орталық және жергіліктi мемлекеттік органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
ҚР Президентінің 2005.08.07. № 1610 Жарлығымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мына кандидатуралар:
1) әлеуметтiк-экономикалық блок (Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде;
3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң Мемлекет басшысы тағайындайтын Төрағасы мен екi мүшесiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң бейіндік комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгiленсiн.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 132 Жарлығының;