<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 4 МАУСЫМДАҒЫ № 430-II ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция  2006 ж. 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

     1-тарау. Жалпы ережелер                                   (1 - 4 баптар)
     2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу  (5 - 13 баптар)
     3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері                    (14 - 15 баптар)
     4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету (16 - 18 баптар)
     5-тарау. Медициналық қызмет                               (19 - 34 баптар)
     6-тарау. Медициналық сараптама қызметі                    (35 - 43 баптар)
     7-тарау. Фармацевтикалық қызмет                           (44 - 45 баптар)
     8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет       (46 - 47 баптар)
     9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру          (48 - 50 баптар)
     10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің     (51 - 52 баптар)
          құқықтары мен міндеттері
     11-тарау. Қорытынды ережелер                              (53 - 54 баптар)
 

Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнайы қызметтiң болуы заңмен көзделiп, осы органдардың қызметiн медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлiмшелердiң, бөлiмдер мен мекемелердiң жиынтығы;

  • Показать изменения

2) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралардың жиынтығы;

  • Показать изменения

3) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсiби медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiби қызметi;

  • Показать изменения

4) медициналық көмек - аурулардың медицина қызметкерлерi жүзеге асыратын профилактикасы, диагностикасы, азаматтардың ауыруына, денсаулығының өзге де бұзылуына, жүктiлiгi мен босануына байланысты емдеу және оңалту;

  • Показать изменения

5) медициналық ұйымдар - негiзгi қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары;

  • Показать изменения

6) медициналық қызметтер көрсету - азаматтарға медициналық көмек көрсету жөніндегі тиiстi лицензия негiзiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалардың қызметтер көрсетуi;

7) медициналық сараптама - денсаулық сақтаудағы қызметтiң әр түрлi салалары жай-күйiнiң деңгейiн, сапасын және дәрежесiн белгiлеуге бағытталған ұйымдастыру, талдау және практикалық iс-шаралардың жиынтығы;

  • Показать изменения

8) денсаулық сақтау ұйымы - ұйымдық-құқықтық және меншiк нысанына қарамастан денсаулық сақтау саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9) денсаулық сақтауды басқару органдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары, медициналық қызметтерiнiң органдары;

  • Показать изменения

10) денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау және медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың және денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы;

  • Показать изменения

11) денсаулық сақтау субъектiлерi - денсаулық сақтау ұйымдары және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар;

  • Показать изменения

12) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi:

1) халықтың денсаулығын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу;

2) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз ету;

3) әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына қарамастан халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгi;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

5) азаматтардың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау;

6) азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтiк әдiлдiк пен теңдiк;

7) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарына денсаулық сақтау жүйесiнiң ықыластылығы;

8) мемлекеттік органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау мен тыңайтуды қамтамасыз етуге жағдай жасау жолындағы жауапкершiлiгi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiмен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

2) дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету саласындағы қауiпсiздiктi сақтау;

3) отандық медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытуды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

4) оқытудың осы заманғы технологияларын пайдалана отырып, медициналық білім берудiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру нормативтерiн белгiлеу;

6) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегi iс-қимылдарының сабақтастығы;

7) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды белгiлеу;

8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi мемлекеттік қолдау;

9) медициналық ғылым мен техниканың осы заманғы жетiстiктерiне, емдеудiң жаңа технологияларына сәйкес медициналық көмек көрсету;

10) халықтың әлеуметтiк шетiн топтарындағы азаматтардың, оның iшiнде аналардың, балалардың, мүгедектердiң және зейнеткерлердiң денсаулығын сақтау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және өткізу;

11) халықтың денсаулық жағдайы мен өмiр сүру ортасының факторлары туралы статистикалық және өзге де ақпаратты беру;

12) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасы мен толымдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарының өзге де талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

13) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Денсаулық сақтау жүйесi

1. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесi мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, мемлекеттік меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан және білім беру ұйымдарынан тұрады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан, білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi және мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу

5-бап. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудiң кепiлдiктерi

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бірдей қол жеткізуiне;

3) мемлекеттік және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға;

4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа;

  • Показать изменения

5) дәрiлiк заттармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етiлуiне;

  • Показать изменения

6) бірыңғай медициналық стандарттар бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне;

7) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткізу бөлiгіндегі кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң денсаулық сақтау саласындағы құзыретi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi және оларды iске асыруды қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

3) өзiнiң құзыретi шегiнде денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;

  • Показать изменения

4) азаматтардың медициналық көмектiң осы Заңда белгiленген кепiлдi көлемiн тегiн алуын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

5) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтiң біліктiлiк талаптарын және оны лицензиялау тәртібін бекiтедi;

  • Показать изменения

6) халықтың тығыз және елдi мекендердiң шалғай орналасқанына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желісінiң мемлекеттік нормативiн бекiтедi;

  • Показать изменения

7) денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау, аттестаттау, сертификаттау және стандарттау тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен бір орталық арқылы сатып алынатын медициналық жабдықпен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

9) төтенше жағдайларда тегiн медициналық көмек көрсету және азаматтарды дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібін белгiлейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

  • Показать изменения

Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

2) медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды iске асырады;

  • Показать изменения

4) азаматтар денсаулығының мүддесiне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

5) медициналық көмек көрсету және азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

6) денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлеп, бекiтедi;

  • Показать изменения

7) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызмет саласындағы, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы стандарттарды әзiрлеудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

8) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жepгiлiктi органдары басшыларының және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiби құзыретiне арналған аттестаттауды өткiзедi;

  • Показать изменения

9) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алудың және есептiлiктiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

10) медициналық ұйымдардың өзара iс-қимылының тәртібін белгiлейдi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

11) медициналық ұйымдардың шығындарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен өтеу ережелерiн әзiрлейдi;

  • Показать изменения

12) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына бақылауды жүзеге асырады;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

13) республикалық маңызы, сондай-ақ қызметi бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана шегiнен тыс қолданылатын ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер бөлiгiнде медициналық және дәрiгерлiк қызметтi, және акушерлiк, гинекология, венерология, иммунология, наркология, фтизиатрия, неонтология, педиатрия және наркологиялық сараптама түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

14) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметпен айналысуды лицензиялауға қорытынды бередi және қатысады;

  • Показать изменения

15) медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу, емдiк препараттарды (малдың, құрамында есiрткi және психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөніндегі лицензиялау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

16) медициналық жабдықтың, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдардың өндiрiсi мен сапасына, сондай-ақ дәрiлiк заттардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

17) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

18) денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емделуде жатқан аурулардың дәрiмен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;

19) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ереженi; дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгi штаттарын және штат нормативтерiн; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн әзiрлеп, бекiтедi;

20) медицина ғылымының дамуын қамтамасыз етедi және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi;

  • Показать изменения

21) біліктiлiк емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

21-1) екiншi және үшiншiден басқа, біліктiлiк санатын беруге емтихан өткiзедi;

  • Показать изменения

22) ведомстволық және әскери-медициналық қызмет орындарының жұмысын үйлестiредi;

  • Показать изменения

23) денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде дәрiлiк заттарды басқару жөнiнде республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

24) республикалық мемлекеттік медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

25) салалық ынталандыру жүйесiн әзiрлеп, бекiтедi;

  • Показать изменения

26) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасына бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

27) денсаулық сақтау, медицина ғылымымен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

28) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 7-1-баппен  толықтырылды  

  • Показать изменения

7-1-бап. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын

мемлекеттік бақылау

  • Показать изменения

1. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары денсаулық сақтау субъектілерінің сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауын айқындау мақсатында жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен халыққа медициналық көмек көрсету жүзеге асырылатын объектілерге Қазақстан Республикасының медициналық көмек көрсету туралы заңнамасы нормаларының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін белгіленген стандарттарға сәйкес орындалуын тексеру мақсатында кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) баруға;

  • Показать изменения

2) денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;

  • Показать изменения

3) денсаулық сақтау субъектілерінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

  • Показать изменения

4) көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіруге;

  • Показать изменения

5) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мен аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру және оларды қайтарып алу туралы ұсыныстар беруге;

  • Показать изменения

6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің орындауына міндетті және оларға жоғары тұрған органда немесе сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi мемлекеттік органдарының құзыретi

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау қызметкерлерiне жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк көмек беру туралы шешiм қабылдайды;

3) тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемiн бекiтедi, денсаулық сақтауға және медициналық білім беруге арналған шығыстардың үлесiн айқындайды;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтардың жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен емделу үшiн елдi мекен шегiнен тыс жерлерге тегiн немесе жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды;

  • Показать изменения

5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;

3) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;

4) азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алу құқығының iске асырылуын қамтамасыз етедi;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарын құрады;

7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды;

  • Показать изменения

8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметiн үйлестiредi және бақылауды қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

10) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларды дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi;

11) денсаулық сақтау саласындағы аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-1)-11-2) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1) республикалық маңызы бар, сондай-ақ қызметi бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнен тыс қолданылатын ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтердi және акушерлiк, гинекология, венерология, иммунология, наркология, фтизиатрия, неонтология, педиатрия және наркологиялық сараптама түрлерiн қоспағанда, медициналық және дәрiгерлiк қызметтi;

  • Показать изменения

дәрiлiк заттар өндiрiсiн, дайындауды, көтерме және бөлшек саудамен өткізудi және денсаулық сақтау жүйесiнде есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлерiн: өндiрудi, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, бөлудi, сатуды, пайдалануды, жоюды;

дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

11-2) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi.

12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9-бап. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының құзыретi

  • Показать изменения

Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары өз өкiлеттiктерi шегiнде:

1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен медициналық білім беру саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;

3) азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде медициналық көмекпен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етедi;

4) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөніндегі шараларды қабылдайды;

  • Показать изменения

6) азаматтардың дәрiлiк заттар мен медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

7) денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8) медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асырушы мамандардың кәсiби біліктiлiгiне аттестаттау жүргiзедi;

9) мемлекеттік медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

10) денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде дәрiлiк заттарды басқару жөніндегі аймақтық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

11) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына берiп отырады;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1) жоғары және бірiншiден басқа, біліктiлiк санатын беруге емтихандар өткiзедi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

12) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларға дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi және оны ұйымдастырады;

13) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

14) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудi, салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастырады;

15) халықты әлеуметтiк қаупi бар аурулардың және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардың таралуы туралы хабардар етедi;

16) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды;

  • Показать изменения

17) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

10-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтi

лицензиялау

  • Показать изменения

Медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензиялауға жатады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялау

  • Показать изменения

Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың медициналық, дәрiгерлiк, фармацевтикалық, ғылыми және білім беру қызметiмен шұғылдануының мәртебесi мен құқықтылығын тану мақсатында өткiзедi.