<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1997 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 127-I ҚР ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттік өкiмет органдарының, орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмылдыру шараларын жүзеге асырудағы тәртібін, өкiлеттiгiн, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңды мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

жұмылдыру дайындығы - агрессия жасалған жағдайда қорғану және жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында мемлекет экономикасының кiдiрiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын, халқы мен аумағын алдын ала дайындауды қамтитын бейбiт уақытта жүргiзiлетiн жалпымемлекеттік шаралар кешенi;

  • Показать изменения

жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiрумен байланысты жалпымемлекеттік шаралар кешенi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдар

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды өткізудiң мiндеттiлiгi;

2) жоспарланатын шараларды ұйымдастыру мен өткізуге орталықтандырылған басшылық ету;

3) белгiленетiн шаралардың алдын ала жүргiзiлуi, жоспарлылығы және қамтамасыз етiлуi;

4) салалық және аумақтық шаралардың кешендiлiгi және өзара үйлестiрiлгендiгi;

5) шараларды ұйымдастыру мен өткізу ұдайы бақылап отыру.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі шаралардың мазмұны

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі шараларға мыналар кiредi:

1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау;

  • Показать изменения

2) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағын, экономикасын дайындау және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмыс жағдайларын белгiлеу;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларын жұмылдыруға дайындау;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;

  • Показать изменения

5) соғыс уақытында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кiдiрiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және еңбек ресурстарын сақтау үшiн оларға запаста (резервте) тұрған азаматтарды басшыларды, біліктi жұмысшылар мен қызметшiлердi бекітіп қою;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасы ұйымдарының, Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларының жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу;

  • Показать изменения

7) қару-жарақ пен әскери техниканың бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған құжаттамаларды, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттамаларды сақтандыру қорын жасау және сақтау;

  • Показать изменения

8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларына беруге немесе олардың мүдделерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының мүдделерiне пайдалануға арналған арнаулы құрамалар мен техниканы дайындау;

  • Показать изменения

9) Қазақстан Республикасының экономикасы мен Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларының жұмылдыру жоспарларын жұмылдыруды өрiстету мен орындау жөніндегі әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуын (жаттығуларын) өткізу;

  • Показать изменения

10) жұмылдырудың және мемлекеттік резервтiң азаймайтын запасының материалдық құндылықтар қорын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту;

  • Показать изменения

11) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығының жай-күйiне баға беру;

12) жұмылдыру органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру;

13) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкiмет органдарын, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарын соғыс жағдайына көшiру;

  • Показать изменения

15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;

  • Показать изменения

16) күш пен қаражатты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;

  • Показать изменения

17) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мiндеттерiн шешу мүдделерiнде халықаралық ынтымақтастық жасау.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi мен

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру

саласындағы өкiлеттiгi

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Президентi:

  • Показать изменения

1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша жарлықтар, өкiмдер шығарады;

2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қояды;

3) Қазақстан Республикасында қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қауiп төнген ретте республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы енгiзедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы дереу республика Парламентiне хабарлайды;

  • Показать изменения

4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттік өкiмет органдарының, жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың жұмыс режимiн елгiлейтiн нормативтiк актiлердi күшiне енгiзедi, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтатады;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республиканың жұмылдыру дайындығы мәселелерi жөніндегі жыл сайынғы баяндамасын қарайды;

  • Показать изменения

6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында мемлекеттік органдардың үйлесiмдi жұмыс iстеуi мен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша мемлекеттік қорғау үшiн қажеттi өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Парламентi:

1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша заңдар мен қаулылар қабылдайды;

2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қаржыландыру бөлiгiнде республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерістер мен толықтырулар енгiзедi;

3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарын (келісімдерiн) бекiтедi және олардың күшiн жояды;

4) соғыс және бiтiм мәселелерi жөнiнде шешiм қабылдайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Показать изменения

1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында республикада жалпы басшылықты жүзеге асырады, негiзгi бағыттарды әзiрлеп, бiртұтас мемлекеттік саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекiтуiне табыс етедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы өкiлеттiгiн белгiлеп, олардың қызметiне басшылық жасайды;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзiрлеу мен орындауды ұйымдастырады жұмылдыру жоспарының мемлекеттік тапсырмаларын қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру кезеңiнде ұйымдардың мемлекет тапсырыстарын орындауына арналған шарттардың жасалу тәртібін белгiлейдi;

5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

6) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

7) жұмылдырудың жариялануына байланысты және соғыс уақытында қабылдануға тиiстi заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарындағы (келісімдеріндегі) мiндеттемелерi орындау шараларын әзiрлеп, олардың орындалуын ұйымдастырады;

9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша үкiметаралық келiссөздер жүргiзедi;

  • Показать изменения

10) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

11) жұмылдыру органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

12) жұмылдыру дайындығын бақылау жүзеге асырады, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру әзiрлiгiнiң деңгейiне баға бередi және бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне жыл сайын баяндап отырады;

  • Показать изменения

13) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын жұмылдыруды өрiстету жөніндегі шаралардың және оның экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуын және жүргiзiлуiне бақылау жасауды ұйымдастырады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету жөнiнде тапсырмалар белгiлейдi;

  • Показать изменения

15) жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында бекітіп қою жөніндегі жұмыстар тәртібін белгiлейдi және оны жүргiзудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

16) Қазақстан Республикасының ұйымдарына, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларында жұмылдыруды өрiстету және жұмылдыру шараларын орындау жөніндегі әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

17) жұмылдыру резервi мен мемлекеттік резервтегi материалдық құндылықтарды қалыптастыру, жинақтау мен пайдалану тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

18) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау, сақтау мен пайдалану тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

19) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі тапсырмалар мен шараларды орындау жұмысының тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы өкiлеттiктерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары бiрiншi басшыларының атынан Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде:

1) тиiстi мемлекеттік басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;

  • Показать изменения

2) жұмылдыру дайындығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

3) ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, жұмылдыру тапсырмалары мен шараларын орындауға қажеттi жағдайларды белгiлейдi;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі шараларды жүргiзедi;

5) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң орындалуын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

6) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

  • Показать изменения

8) қарамағындағы ұйымдарда жұмылдыру шараларын орындау жөніндегі әскери-экономикалық, командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізудi ұйымдастырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы өкiлеттiгi

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:

  • Показать изменения

1) жұмылдыру жарияланған кезде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шегiнде басқару органдары мен ұйымдарын соғыс жағдайы режимiне көшiру жөніндегі шаралар кешенiн қамтамасыз етедi, жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;

  • Показать изменения

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шегiнде шақырылуға тиiстi азаматтарды дер кезiнде хабардар етудi және жеткізудi, жиналу орындарына немесе әскер бөлiмдерiне техника жеткізудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияларды, көлiк және басқа материалдық құралдарды Қазақстан Республикасының шешiмiмен қорғаныс мұқтаждарына бередi;

  • Показать изменения

3) республиканың орталық атқарушы органдарына жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыретi шегiнде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы мен орындалуын, Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң, Үкіметі қаулыларының орындалуын қамтамасыз етедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бiрiншi басшыларының атынан:

  • Показать изменения

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң, соның iшiнде сол аумақта орналасқан ұйымның жұмылдыру дайындығының жай-күйi үшiн жауап бередi;

  • Показать изменения

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шегiнде жұмылдыру жоспарларын әзiрлейдi, жұмылдыру дайындығы жөнiнде шаралар жүргiзедi;

  • Показать изменения

3) республиканың орталық атқарушы органдарымен бiрлесiп экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөнiнде шаралар жүргiзедi;

  • Показать изменения

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң жұмылдыру дайындығы мүддесiн көздеп, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру кезеңiнде өнiмдер беруге, қызмет көрсетуге ұйымдармен шарттар (келісім-шарттар) жасасады;

  • Показать изменения

5) бейбiт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде әскери комиссариаттардың жұмысына жәрдем көрсетедi, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық жаттығулар өткізуге қатысады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

6) запаста (резервте) тұрған азаматтарды, соның iшiнде басшыларды мамандарды, біліктi жұмысшылар мен қызметшiлердi жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап өздерiнiң қарамағындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдарға бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру

  • Показать изменения

саласындағы ұйымдар басшыларының мiндеттерi,

Қазақстан Республикасы азаматтарының

құқықтары мен мiндеттерi

10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi

1. Ұйымдардың басшылары:

  • Показать изменения

1) жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арналған жұмылдыру дайындығының жай-күйi, жұмылдыру дайындығы мүдделерiнде жасалған шарттар (келісім-шарттар) мен тапсырыстардың (тапсырмалардың) орындалуы үшiн жеке жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген жұмылдыру қуаттары мен жұмылдыру резервтерiнiң сақталуын және оларға ешкiмнiң тимеуiн ақылы негiзде қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

3) өндiрiстi жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арналған тапсырыстарды (тапсырмаларды) орындау жөніндегі шарт мiндеттемелерiн орындау мақсатына дайындауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мүдделерiнде шарттарға (келісім-шарттарға) сәйкес өнiм беруге, жұмыс жүргiзуге, қызмет көрсетуге арналған тапсырыстарды (тапсырмаларды) орындайды;

5) жұмылдыру жарияланған кезде жұмылдыру жоспарларына сәйкес өндiрiстi соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiнде шаралар жүргiзедi;

  • Показать изменения

6) әскери комиссариаттардың жұмысына жәрдем көрсетедi, өздерiмен еңбек қатынастарында тұрған және шақырылуға тиiстi азаматтардың есебiн алуды ұйымдастырады, оларға мерзiмiнде хабар берудi және жиналу орындарына немесе әскер бөлiмдерiне азаматтарды жеткізудi, техника берудi қамтамасыз етедi, жұмсалған шығындарды кейiн өндiре отырып, жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияларды, көлiктi және жұмылдыру жөніндегі басқа да материалдық құралдарды қорғаныс мұқтаждарына бередi;

  • Показать изменения

7) басшыларды, мамандарды, әскери мiндеттi азаматтар арасынан біліктi жұмысшылар мен қызметшiлердi жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап бекітіп қою жөніндегі жұмыстарды атқарады;

  • Показать изменения

8) жұмылдыру дайындығы жөніндегі мiндеттердi орындау үшiн тиiстi құрамалар ұстайды. Оларды ұстау жөніндегі шығындар тиiстi органдар мен ұйымдар арқылы мемлекеттік бюджеттен толықтырылады.

  • Показать изменения

2. Ұйымдардан жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында арналған мемлекеттік қорғаныс мүдделерi көзделген мемлекеттік тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi

  • Показать изменения

1. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақырылған азаматтар әскери комиссариаттарға келген кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының әскери қызметшiсi құқықтарын пайдаланады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мақсатында:

  • Показать изменения

1) тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұруға;

  • Показать изменения

2) өзiнiң әскери қызметке қатыстылығын анықтау үшiн шақыру бойынша әскери комиссариаттарға келуге;

  • Показать изменения

3) соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждарына жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, көлiк құралдарын және өздерiнiң меншiгіндегі басқа да мүлiктi оларға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен кейiн мемлекет тең мөлшерде өтейтiндей етiп беруге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Әскери комиссариаттың жұмылдыру ұйғарымдамасын немесе шақыру қағазын алған Қазақстан Республикасының азаматтары оларда айтылған талаптарды орындауға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасының азаматтары жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды орындауға тартылады, сондай-ақ белгiленген тәртiппен арнаулы құрамаларға қосылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған кезден бастап тұрғылықты жерiнен әскери комиссардың рұқсатынсыз кетiп қалуға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды

ұйымдастыру, оны қаржыландыру тәртібі

12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарын, экономикасы мен аумағын жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру мен оның тәртібі осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларының жұмылдыру дайындығы мен оларды жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

13-бап. Жұмылдыру органдары

  • Показать изменения

1. Бейбiт уақытта мемлекеттік өкiмет органдары, орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары аппараттарында және жұмылдыру дайындығы жөнiнде тапсырмасы бар ұйымдарда жұмылдыру дайындығы жөніндегі шаралардың өткiзiлуiн ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау жұмылдыру органдарына (бөлiмшелерiне немесе жекелеген қызметкерлерiне) жүктеледi. Жұмылдыру органдарының (бөлiмшелерiнiң немесе жекелеген қызметкерлерiнiң) құрылымы, штат саны, өкiлеттiгi осы тапсырмалардың сипаты мен ауқымына қарап айқындалады. Жұмылдыру органдары (бөлiмшелерi немесе жекелеген қызметкерлерi) тiкелей орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың бiрiншi басшысына бағынады.

  • Показать изменения

2. Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың жұмылдыру органдары туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Әскери-көлiктiк мiндет

  • Показать изменения

1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскер құрамаларын көлiк құралдарымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет белгiленедi.

  • Показать изменения

2. Әскери-көлiктiк мiндет Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына, көлiк құралдары бар ұйымдар мен азаматтарға, сондай-ақ көлiк құралдарының жұмысын қамтамасыз ететiн өзге де ұйымдарға қолданылады.

  • Показать изменения

3. Әскери-көлiктiк мiндеттiң орындалу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру бюджет қаражаты мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Ұйымдардың өз бастамасы бойынша олардың тұрақты жұмыс iстеуi мен жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында жүргiзiлетiн жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыстар ұйымдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылуға тиiс.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16-бап. Жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмысты орындайтын ұйымдарға жасалатын экономикалық және басқа да жеңiлдiктер

  • Показать изменения

Жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмысты орындайтын ұйымдарға экономикалық және басқа да жеңiлдiктер беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын

жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына

арнап бекітіп қою және шақыру

  • Показать изменения

17-бап. Азаматтарды жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап мемлекеттік өкiмет органдарына, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негiзi

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының запаста (резервте) тұрған азаматтарын бекітіп қою (бекітіп беру) жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап мемлекеттік өкiмет органдарының, орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, ұйымдардың кiдiрiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

2. Азаматтарды жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап мемлекеттік өкiмет органдарына, орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына, ұйымдарға бекітіп қою осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.