<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.06.12 № 1586 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 Қаулысы

 

Осы редакция  2006 ж. 21 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары;

жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.

2. «Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым төлеудің және оның ставкаларының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1037 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 26, 304-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін өздерінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін осы қаулының 1, 2-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2001 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 1586 қаулысымен

Бекітілген

 

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін

алым ставкалары

 

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары:

1) жеке кәсіпкерлер ретінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлейтін күнге қолданылып жүрген төрт еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде осы қосымшаның 1) тармақшасында белгіленген алым ставкасының жиырма бес пайызын құрайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2001 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 1586 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс

министрлігі

 

___________________                              Қазақстан

___________________ бойынша Салық комитеті    Республикасының

Елтаңбасы

 

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы

КУӘЛІК

 

Сериясы №

Салық төлеушінің атауы «__________________________________________»

Тегі _______________________________________

Аты ________________________________________

Фотосуретке        Әкесінің аты

_______________________________

арналған          СТН

________________________________________

 

Орын

 

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

Артқы беті

Жеке басты куәландыратын құжат __________________________

Тіркеу органының тіркеу нөмірі __________________________

Тіркелген күні __________________________________________

Салық органының басшысы: ________________________________

аты-жөні

__________________________________________

қолы                                М.О.

Берілген күні _______________________

Қолданылу мерзімі __________________________________

(жеке кәсіпкердің өтініші бойынша)