<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1997 Ж. 13 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 209-I ҚР ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

 Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгізу туралы

 

  • Показать изменения

1-бап

Осы Заңда күшiне енгізудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.

 

  • Показать изменения

2-бап

Мыналар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылды деп танылсын:

  • Показать изменения

1. «Қазақ КСР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексiн бекіту туралы» 1971 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексi (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1971 ж., № 51, 1973 ж., № 29, № 34, 1977 ж., № 14, № 29, № 45; 1981 ж., № 22, 71-құжат; 1982 ж., № 2, 24-құжат; 1983 ж., № 15, 156-құжат; № 46, 117, 118-құжаттар; 1985 ж., № 49, 514-құжат; 1986 ж., № 28, № 49, 507-құжат; 1987 ж., № 45, 542-құжат; 1988 ж., № 35, 323-құжат; 1989 ж., № 23, 174-құжат; 1991 ж., № 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 319-құжат; 1993 ж., № 17, 418-құжат);

  • Показать изменения

2. «Қазақ КСР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы» 1972 жылғы 11 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1972 ж., № 21);

  • Показать изменения

3. «Қазақ КСР еңбекшiлер депутаттары аудандық, қалалық және облыстық Кеңестерi атқару комитеттерiнiң жанындағы байқау комиссиялары туралы ереженi бекіту туралы» 1965 жылғы 28 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1967 ж., № 34; 1971 ж., № 12; 1972 ж., № 23; 1987 ж., № 24, 313-құжат; № 32, 49, 66-құжаттар).

 

  • Показать изменения

3-бап

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс.

  • Показать изменения

Алдағы уақытта аталған заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.

 

  • Показать изменения

4-бап

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң және қамау түрiндегi жаза туралы ережелерi жазалаудың бұл түрiн атқару үшiн қажеттi жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2008 жылдан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының заңымен күшiне енгiзiледi. Осы Кодекстiң қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап, бас бостандығын шектеу түрiндегi жазалау туралы ережелерi - 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

  • Показать изменения

4-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II,  2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 514-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.

 

5-бап

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтейтiн сотталған адамдарды ұстаудың жеңiлдiктi жағдайлары туралы ережелерi бұл үшiн қажеттi жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2000 жылдан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының заңымен күшiне енгiзiледi.

 

  • Показать изменения

6-бап

Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеушi сотталған адамдар Қылмыстық-атқару кодексi күшiне енгiзiлгеннен кейiн жасаған жазасын өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн ұстаудың қатаң жағдайларына ауыстырылуы мүмкiн.

 

  • Показать изменения

7-бап

1998 жылғы 1 қаңтарға қарай ұстаудың жақсартылған жағдайларына ауыстырылған сотталған адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде жазасын өтеудiң жеңiлдетiлген жағдайларындағы сотталғандар үшiн көзделген ережелер қолданылады.

 

  • Показать изменения

8-бап

Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджеттiң жобаларында түзеу мекемелерiнiң материалдық базасын нығайтуға орталықтандырылған күрделi қаржылар мен ақша қаражатын қарастыратын болсын.

 

 

  • Показать изменения

                                                                                                                                                                                              Қазақстан Республикасының

                                                                                 Президентi

                                                                                  Н.Назарбаев

 

  • Показать изменения

Ақмола, 1997 жылғы 13 желтоқсан

                № 209-I ҚРЗ